«Миғраж_түніне»_қатысты_кейбір_сұрақтарға

Формат документа: pdf
Размер документа: 0.24 Мб




Прямая ссылка будет доступна
примерно через: 45 сек.



  • Сообщить о нарушении / Abuse
    Все документы на сайте взяты из открытых источников, которые размещаются пользователями. Приносим свои глубочайшие извинения, если Ваш документ был опубликован без Вашего на то согласия.

@yaqin _kz ● YAQIN.kz – Ислам рухани ағарту порталы
Миғраж түніне қатысты сұрақ- жауаптар
ﺍﻟﺮّﺣﻴﻢ ﺍﻟﺮّﺣﻤﻦ ﻪﻠﻟﺍ ﻢﺴﺑ
ﻦﻴﻌﻤﺟﺍ ﻪﺒﺤﺻ ﻭ ﻪﻟﺍ ﻲﻠﻋ ﻭ ﺪﻤﺤﻣ ﺎﻨﻟﻮﺳﺭ ﻲﻠﻋ ﻡﻼﺴﻟﺍ ﻭ ﺓﻼﺼﻟﺍﻭ ﻦﻴﻤﻟﺎﻌﻟﺍ ﺏﺭ ﻪﻠﻟ ﺪﻤﺤﻟﺍ
Бұл мақаламызда қасиетті Рәжәб айының 27 -түні «Миғраж кешіне»
байланысты кейбір мәселелерді қысқаша түрде қарастыратын боламыз.
Мақала қазіргі уақыттағы ханафи мәзхабының көрнекі ғалымдарының бірі,
шейх Мухаммад Аууаманың шәкірті, мухаддис, Мәулана Мухаммад Харун
Абас Умардың (хафизахуму ллаһу тағала) берген фәтуалар негізінде
дайында лды.
Жазбамызда төмендегі көрсетілген бірнеше сұрақтарға қажетті жауаптар
беріледі:
1. Рәжәбтың 27 -сі «Миғраж түні» екені рас па?
2. «Миғраж түні» оқылатын арнайы намаз түрі шариғатта бар ма?
3. Рәжәб айының 27 -сінде ораза ұстау қажет пе?
4. Рәжәбтың 27 -күнгі і ораза жайлы айтылған хадис сенімді ме?



1. Рәжәбтың 27 -сі «Миғраж түні» екені рас па?
Бұқара халық арасында Миғраж түні Рәжәб айының 27 -сіне келетіні өте кең
таралған, және, әлбетте, бұл кейбір ғалымдардың пікіріне де саяды.
Алайда, Миғраждың нақты күнін белгілеу мәселесінде Ғұламалар арасында
қайшылықтар көп. Сондықтан, бір күнді ерекшелеп қою қиынға соғады.
Мухаддистардың (Хадис мамандары) арасынан Хафиз Ибн Хаджар әл-
‘Асқаланидың (рахимахуллаһ) айтуы бойынша, Миғраждың нақты күніне
қатысты оннан астам пікір бар.
(Фәтхул Бәри, 7/254- 255, хадис: 3887)
Муфассирлердің (Қасиетті Құранның талқылаушылары) арасынан имам әл -
Қуртуби (рахимахуллаһ ) тек "Раби’ул Ахир" -де деген пікірін келтіреді.
(Тәфсир Қуртуби, 5/551)
Мүфти Мухаммад Шәфи Сахиб (рахимахуллаһ ) та тек осы пікірді келтіріп,
былай дейді: “Рәжәбтің 27 -сі атақты болса да, Мухаддистер белгілі бір күнді
ерекшелемейді”.

@yaqin _kz ● YAQIN.kz – Ислам рухани ағарту порталы
Миғраж түніне қатысты сұрақ- жауаптар
(Мағрифул -Қуран, 5/ 443-бет. Kөр іңіз: Сират -и -Мустафа, 1/228)
Хафиз ибн ‘Әбдил Барр (рахимахуллаһ ) бұл түн Рәжәб айында де ген пікірді
таңдады, ал имам Науауи (рахимахуллаһ) «ә р-Раудада» оның пікірін құптады.
(‘Умдатул Қари, 17/20; Фәтхул Бәри, 7/ 255-бет)
Алайда, өзінің пәтуалары мен «Сахих Мусли мге» жасаған
түсініктемелерінде имам ән-Науауи "Раби’ул Ахир" пікірін таңдайды, кейбір
көшірмелерде: "Раби’ул Әууәл".
(Шархул-Мәуәхиб, 2/71- бет)
Жоғарыда келтірі лген Мүфти Шәфидің (рахимахуллаһ) сөзінен Миғражға
қатысты нақты күн бекітілмегені анық болды. Мүфтий Мухамм ад Тақи
Усманидің «Ислами айлар» кітабында да осылай айтылады.
Сондықтан да, бұл мәселеге қатысты түрлі пікірлер бар екенінен хабардар
болуымыз керек.
Менің Бұхаридан ұстазым, мухаддис Шейх Фадлур Рахман А’зами
(хафизахуллаһ) Миғраж тақырыбындағы қысқаша мақаласында айтады :
“Мәселенің мәнісі мынада: Миғраж түні белгілі бір күнге сай келеді деп нақты
айту мүмкін емес.”

2. «Миғраж түні» оқылатын арнайы намаз түрі шариғатта бар ма?
Сенімді хадис кітаптарында Рәжәбтың 27- түні оқылатын арнайы намаз түрі
туралы ешқандай ақпарат келмеген.
Сонымен бірге, ғұламалар арасында Миғраж түні Рәжәбтың 27- түні екендігі
турасында түрлі көзқарас қалыптасқан (біз оны жоғарыда келтірдік, ред.).
Сондықтан да, бұл түнге қатысты белгілі бір намаз түрін орындау Сүннетке
негізделмеген, яғни, бидғат болып табылады.

3. Рәжәб айының 27 -сінде ораза ұстау қажет пе?
Рәжәб айында арнайы бір күні ораза ұстаудың артықшылығы жайында
ешқандай хадис жоқ екені хадис мамандарымен бір ауыздан келісілген.

@yaqin _kz ● YAQIN.kz – Ислам рухани ағарту порталы
Миғраж түніне қатысты сұрақ- жауаптар
Ал, Рәжәб айының кез келген күні ораза ұстаудың артықшылығы жайында
жалпылама түрде айтылған хадистер бар, себебі, Рәжәб қасиетті айлардың бірі
болып табылады . Әрі бұл айларда (Рәжәб, Зул -Қа'да, Зул -Хиджа, Мухаррам)
жасалган кез келген ізгі амалдың сауабы мол болады.
(Табийинуль 'әджаб, 7 -11; Латаифул -Ма'ариф, 228; әл -Адаб фи Рәжәб, 25)
Осыған орай, Рәжәбтың кез келген куні ораза тұтқан адам сауап ала алады
және Рәжәбтың нақ ты 27-сі күні ұсталған оразада артықшылық бар деген
сенімде болмау керек.
Менің Бухариден ұстаздарымның бірі Шейхул-Хадис Шейх Фадлур Рахман
А'зами (хафизахуллаһ ) Миғраж түні жайлы жазған қысқаша мақаласында былай
дейді:
«Рәжәб айындағы оразағ а байланысты және оның артықшылығы немесе
абзалдығы жайында ешқандай сенімді хадис келмеген . Алайда, кейбір тоқыма
жане тым әлсіз хадистерде Рәжәб айында ұ сталған оразаның артықшылығ ы
туралы айтылады. Имам Суюти (рахимахуллаһ) осындай хадистерди жинап,
олардың әлсңз тұстарын көрсетікен» .

4. Рәжәбтың 27 -күні ораза ұстау туралы айтылған хадис сенімді ме?
Сұрақ: Мына хадистің сенімділігі қандай?
«Ражаб айының 27-ші күні ораза тұтқан адамға 60 жылдық ораза сауабы
беріледі.»
Жауап: Мен бұл риуаятты кездестірген емеспі н. Алайда, Хафиз Ибн Хаджар
(рахимахуллаһ) осыған ұқсас риуаятты Пайғамбарымыздың (салла аллаһу
ғалайһи уә саллам) сөзі реті нде емес, сахаба Әбу Һурайраның (радиаллаһу әнһ)
өз сөздері ретінде келтіріп, оны (риуаятты) сенімсіз деп ескертеді .
(Табийнуль 'Аджаб, 45, х адис: 28)
Ескереті н жайт: Рәжәб айының бір бекітілген күні ораза ұстаудың
артықшылығы жайында ешқандай хадис жоқ екені мухаддистер тарапынан бір
ауыздан келісілді. Атап айтқанда, Хафиз ибн Рәжәб әл -Ханбали (рахимахуллаһ)
былай деді :
" Пайғамбарымыздан (салла аллаһу ғалайһи уә саллам) немесе сахабалардан
Рәжәб айының белгілі бір күні ораза ұстаудың артықшылығы жайында
жеткізілген ешқ андай хадис жоқ."

@yaqin _kz ● YAQIN.kz – Ислам рухани ағарту порталы
Миғраж түніне қатысты сұрақ- жауаптар

(Латаифуль Ма'ариф, 228 )
Алла жақсырақ Білуші
Мәулана Мухаммад Харун Абас Умар (хафизахуллаһу Тағала)
Қазақ тіліне аударып өңдеген : YAQIN.kz
X