• Название:

    СОР аза тілі жне дебиеті 7 кл 1


  • Размер: 1.36 Мб
  • Формат: PDF
  • или
  • Сообщить о нарушении / Abuse

Установите безопасный браузер



  • Автор: Мейрамгул

Предпросмотр документа

Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі мен әдебиеті
(оқыту қазақ тілінде емес)
7-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және
әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек
құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні
бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,
жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің
әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа
да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

2

Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 4
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу
– үлкен өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау................................................................. 4
«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 11
«Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау ........................................................................................................................................... 11
«Спорт және денсаулық күтімі», «Ұқсатым. Сән. Талғам.» тақырыптары бойынша
жиынтық бағалау .......................................................................................................................... 15
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 18
«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ........... 18
«Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.», «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі»,
«Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»» бөлімдері бойынша жиынтық
бағалау ........................................................................................................................................... 22
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 25
«Жастықтың оты қайдасың?» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.......................................... 25
«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы» бөлімдері
бойынша жиынтық бағалау ......................................................................................................... 28

3

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді
білу – үлкен өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты

Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,
ақпараттың өзектілігін анықтау
А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді
орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Негізгі ақпаратты анықтайды
• Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді
тиімді қолданады
• Мәтіндегі оқиғаны дамытады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты

Қолдану
15-20 минут

Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Үш тіл – заман талабы
22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға
құқығы бар. Әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әр
адам өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «Жеті түрлі
ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп ата-бабаларымыз айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. Сол
себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне арнаймыз.
Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен
бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп,
әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана
сүтімен бірге еніп, қалыптасады. «Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім. Ол
шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол
кешірілмес күнә» деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, мектепте
оқытылатын тілдерден жарыс өткіземіз.
Жер шарында 900-ге жуық ұлт өмір сүреді. Қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол
тілдерде миллиардтан астам адам сөйлейді. Өзінің тілін ана тілім деп атайтын бірден бір халық
- қазақ. Өйткені, халқымыз Анасын қастерлеп, қадірлеген. Ең қасиетті, киелі нәрсені Анаға
теңеген. Сөз мүшесінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында
70-орында.
1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.
A. Тіл туралы
B. Өнер-білім туралы
C. Еңбекқорлық туралы
D. Адамгершілік туралы
2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.
4

A.
B.
C.
D.

22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі.
Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет.
Біздің планетамызда 5651 тіл бар.
Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.

3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз.
A. әңгіме
B. сұхбат
C. ертегі
D. мақала
4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз.
(+ белгісімен белгілеңіз).

1
2

ақпараттар
Әрбір адам өз ана тілін сүюі, құрметтеуі
тиіс.
Жер шарында 800-ге жуық ұлт өмір сүреді.

дұрыс

бұрыс

5. Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, жұбыңызбен тіл туралы сөйлесіңіз. Жұбыңызға
сұрақтар қойыңыз, жауап беріңіз.
• Өнер алды – қызыл тіл.
• Көп сөз - күміс, аз сөз - алтын.
• Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
6. Төмендегі сөйлемдерден терминдер мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашыңыз.
Олармен сөйлемдер құрастырыңыз.
• Қазақстанда үштілділік білім беру жолдары жүзеге асырылуда.
• Лексика – сөз мағынасын зерттейтін сала.
• Ұлыбританияда тұратын 10 жасар Соня – полиглот қыз.
Бағалау критерийі
Негізгі ақпаратты
анықтайды.

Мақал-мәтелдер, терминдер
мен неологизмдерді тиімді
қолданады.
Мәтіндегі оқиғаны
дамытады.

Барлығы


тапсырма
1-4

5-6

Дескриптор
Білім алушы
мәтіннің не туралы екенін
анықтайды;
мәтіннің негізгі идеясын табады;

Балл
1
1

мәтіннің түрін ажыратады.

1

мәтін бойынша дұрыс/бұрыс
ақпараттарды анықтайды.
мақал-мәтелдерді қолданып,
диалог құрастырады;

1

тақырып бойынша сұрақтар қойып,
жауап береді;

1

сөйлемдерден термин мен
неологизмдерді тауып, мағынасын
ашады;
термин және неологизмдермен
сөйлемдер құрастырады.

1

1

1
8

5

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер» бөлімдері бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Мәтіннің не туралы екенін Мәтіннің не туралы екенін анықтау
анықтауда, негізгі идеясын табуда мен
негізгі
идеясын
табуда
қиналады.
қателеседі.
Мәтіннің түрін ажырату мен мәтін Мәтіннің түрін ажырату мен мәтін
бойынша дұрыс не бұрыс
бойынша дұрыс не бұрыс
ақпараттарды анықтауда қиналады. ақпараттарды анықтауда қателеседі.

Жоғары
Мәтіннің не туралы екенін
анықтайды,
негізгі
идеясын
табады.
Мәтіннің түрін ажыратады, мәтін
бойынша дұрыс/бұрыс
ақпараттарды анықтайды.

Мақал-мәтелдер,
терминдер мен
неологизмдерді тиімді
қолданады

Мақал-мәтелдерді қолданып,
диалог құрастыруда, термин және
неологизмдермен сөйлемдер
құрауда қиналады.

Мақал-мәтелдерді қолданып, диалог
құрастыруда,
термин және неологизмдермен
сөйлемдер құрауда қателеседі.

Мақал-мәтелдерді қолданып,
диалог құрастырады.
Термин және неологизмдермен
сөйлемдер құрайды.

Мәтіндегі оқиғаны
дамытады

Тақырып бойынша сұрақтар
қойып, жауап беруде және
сөйлемдерден термин мен
неологизмдерді тауып, мағынасын
ашуда қиналады.

Тақырып бойынша сұрақтар қойып,
жауап беруде және
сөйлемдерден термин мен
неологизмдерді тауып, мағынасын
ашуда қателіктер жібереді.

Тақырып бойынша сұрақтар
қойып, жауап береді.
Сөйлемдерден термин мен
неологизмдерді тауып, мағынасын
ашады.

Негізгі ақпаратты
анықтайды

6

«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді
Оқу мақсаты
кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну
Ж4.
Тақырып
бойынша
мәліметтерді
жинақтап,
презентация түрінде ұсыну
ТБ1.2.
Салыстырмалы,
күшейтпелі,
асырмалы
шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда
қолдану
Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты

Білім алушы
• Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді
кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде
ұсынады
• Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды,
презентация жасайды
• Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды
жазба, ауызша жұмыстарда қолданады
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут

1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Төмендегі ермек істер (хобби)
мен олардың пайдалы жақтарын сызба арқылы сәйкестендіріңіз.
Бос уақытта қандай іспен айналысса болады?
Көпшілік бос уақытын қалай өткізуді білмей, кейде «Менің мүлдем бос уақытым
жоқ» дейді. «Немен айналысуға болады?» деген сұраққа психологтер: «Өзіңізге ұнайтын
ермек іс (хобби) тауып алыңыз», - деп кеңес береді. Олар тек уақытты пайдалы өткізуге
ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай іспен
айналысса болады?
• Қолөнер. Көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде
өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана
жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады.
• Гүл өсіру. Жер үйде тұратын көп адамдар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Ал
көп қабатты үйде балконда шағын бау-бақша жасауға болады. Кішкентай гүл
ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз.
• Коллекция жинау. Өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби
кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ
ойыншықтар, т.б.
• Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай
иттер, тасбақа т.б. Үй жануарыңызға күтім көрсетіңіз.
• Блог жүргізіңіз. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға
тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен қызықты оқиғаларды,
ойларыңызды жазып, өзгелердің пікірін оқыңыз. Әртүрлі форумдарда өзгелермен
өз ойыңызбен бөлісіңіз.
• Спортпен шұғылданыңыз. Фитнесс-клубтары мен спорт залдарына барып, би,
жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына
7

барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып,
жаттығулар жасаңыз.

Тоқыма тоқу

Таза ауамен демаласың

2-тапсырма.
Спортпен
айналысу

Көңіл күйің көтеріледі

Блог жүргізу

Қызықты деректер жинайсың

Гүл өсіру

Денің сау болады

2-тапсырма
«Бос уақытымды қалай өткіздім?» сұрағына шартты белгілермен жауап беріңіз,
кестені толтырыңыз.
Не істеуді
жоспарладыңыз?

Не істедіңіз?

Қанша ісіңіз ертеңге
қалды?

3-тапсырма
Д.Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасы бойынша мәліметтерді жинақтап,
«Робинзонның 1 күні» тақырыбында презентация жасаңыз. Шырай түрлерін
(салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы) қолданыңыз.

8

Бағалау критерийі
Қосымша ақпарат
көздерінен алынған
мәліметтерді кесте,
диаграмма, сызба,
шартты белгілер
түрінде ұсынады.
Тақырып бойынша
мәліметтер
жинақтайды.
Презентация жасайды.
Салыстырмалы,
күшейтпелі, асырмалы
шырайларды жазба,
ауызша жұмыстарда
қолданады.


тапсырма

1-2

3

Дескриптор
Білім алушы
оқылған мәтін мазмұнын анықтайды;

Балл

ақпараттарды сызба арқылы
сәйкестендіреді;
сұрақққа шартты белгілермен жауап
береді.
«Робинзон Крузо» романынан
мәліметтерді жинақтайды;

1

тақырып бойынша презентация
дайындайды;

1

презентация талаптарын толық
сақтайды;
салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы
шырайларды жазба, ауызша
жұмыстарда тиімді қолданады.

1

Барлығы

1

1
1

1

7

9

«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі
Қосымша ақпарат
көздерінен алынған
мәліметтерді кесте,
диаграмма, сызба, шартты
белгілер түрінде ұсынады.
Тақырып бойынша
мәліметтер жинақтайды.
Презентация жасайды.

Салыстырмалы,
күшейтпелі, асырмалы
шырайларды жазба,
ауызша жұмыстарда
қолданады.

Төмен
Оқылған мәтін мазмұнын түсінуде,
ақпараттарды сызба арқылы
сәйкестендіру мен
сұрақққа шартты белгілер арқылы
жауап беруде қиналады.

Оқу жетістігі деңгейі
Орта
Оқылған мәтін мазмұнын түсінуде,
ақпараттарды сызба арқылы
сәйкестендіру мен
сұрақққа шартты белгілер арқылы
жауап беруде қателер жібереді.

Жоғары
Оқылған мәтін мазмұнын
түсінеді, ақпараттарды сызба
арқылы сәйкестендіреді,
сұрақққа шартты белгілермен
жауап береді.

«Робинзон Крузосы» романынан
мәліметтерді жинақтау мен
тақырып бойынша презентация
дайындауда, презентация
талаптарын сақтауда қиналады.

«Робинзон Крузосы» романынан
мәліметтерді жинақтау мен
тақырып бойынша презентация
дайындауда, презентация
талаптарын сақтауда қателеседі.

«Робинзон Крузосы» романы-нан
мәліметтерді жинақтайды,
тақырып бойынша презентация
дайындайды, презентация
талаптарын толық сақтайды.

Салыстырмалы, күшейтпелі,
асырмалы шырайларды жазба,
ауызша жұмыстарда қолдануда
қиналады.

Салыстырмалы, күшейтпелі,
асырмалы шырайларды жазба,
ауызша жұмыстарда қолдануда
қателіктер жібереді.

Салыстырмалы, күшейтпелі,
асырмалы шырайларды жазба,
ауызша жұмыстарда тиімді
қолданады.

10

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты

Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз
пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру
А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің
тілдік құралдарын талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады
• Автор берген мінездемені анықтайды
• Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, не туралы айтылатынын анықтаңыз. Өз пікіріңізді
өзгелердің пікірімен салыстырыңыз.
Ұлы Жібек жолы
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда
жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл
тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа
да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке,
сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды.
Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір
тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп
аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет
өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі
қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн
Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да
жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да,
экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп
атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында
түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда
базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген
дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
2-тапсырма
Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы туралы өз пікіріңізді айтыңыз, өзгелердің
пікірін тыңдаңыз, салыстырыңыз. «ПОПС» формуласын пайдаланыңыз.
«ПОПС» формуласы:
• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
11




Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

3-тапсырма
Шығарманы түсініп оқып, кейіпкерге берілген автор мінездемесін табыңыз.
Бегабат Ұзақов
«Жан