• Название:

    Объявления в подъезд


  • Размер: 0.04 Мб
  • Формат: ODT
  • или
  • Сообщить о нарушении / Abuse

Установите безопасный браузер



Билет 2 Елбасымыз өзінің алып ағаш Бәйтерек туралы қиялының жүзеге асуы үшін белгілі ағылшын архитекторы Норман Фостерді шақырды. «Астана-Бәйтерек» металдан, шыныдан және бетоннан жасалған әдемі архитектуралық ғимарат, оның масштабы таң қаларлықтай: Тамаша сәулет өнерінің туындысы темір, бетон және шыныдан жасалған. Темірден жасалған жалпы діңінің биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан астам. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Кұбылмалы шар жер тағаннан 97 метр биікте орналасқан. Төменгі қабат 4,5 метр тереңдікте орналасқан. Осы арада дәмхана, аквариум және шағын сурет галереясы бар.

2Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Күнделекті қызмет барысында ақпарат немесе мәліметтің кейбірін екінші адамға я мекемеге жедел жеткізу қажет болатын жағдай жиі кездеседі.Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбаттау, оның үстіне біз чертеж я фотография жібермейтін болсақ факсты қолдану міндетті емес.

Билет 3

1. 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

Халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.

1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы (қазірде Ресей Федерациясындағы) болды.

1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді.

Астананың аумағы 710,2 шаршы километр, тұрғындардың саны 2007 жылдың 1 маусымында - 584,8 мың адамды құрады.

Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың, Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимраттары орналасқан. Iскерлік орталығында кеңселер мен компаниялар, мейманханалар, ал әлеуметтік-мәдени орталығында театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары, ойын-сауық орталықтары орналасады. 2003 жылы әлемдік «Moodys Investors Service» рейтингтік агенттігі қаламыздың кредиттік рейтингісін Ва3 -тен (тұрақты) Ва1 -ге (оң) дейін, бірден екі деңгейге көтерді. Бүгінде елордамызды ...калалар.

2. Мал шаруашылығымен айналысқан ата -бабамыздың негізгі асы- ет пен сүт болған. Етті қуырып, асып жеген. Ал сүттен көптеген астар дайындаған. Сиыр, қой сүттерінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары май тағы да басқа тағамдар әзірлеген. Осы астардың барлығын даярлауды қазақ әйелдерге жүктеген. Басқа тағамдарға қарағанда, сүттің алатын орны ерекше.Себебі, сүт және сүттен жасалатын тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. Ол ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Ал, жылқының сүтінен әзірленетін қымыздың емдік қасиеті ертеден белгілі. Онда жүректің жұмыс істеуін жақсартатын дәрумендербар. Сонымен бірге, шұбат та денсаулыққа өте пайдалы екен. Осы астардың пайдасын медицина пайда болмай тұрып- ақ білген ата-бабамыз нағыз данышпан болған десек, артық айтқандық емес.

… Алайда таныс емес қазақ тағамдар да қаншама. Мысалы, өзім жақында ғана ежігей деген тағамды білдім. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан әзірленетін дәмі тәтті, өзі жұмсақ болатын ас екен. Бұдан да басқа біз білмейтін ұлттық тағам түрлері көп деп ойлаймын.

Билет 4

1. Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» ягни «жаңа жылды» білдіреді. Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі. Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні өткзіледі. Қызықшылық онан әрмен халық, ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.

Билет 5

1.Бұл ұғым гректің aer - ауа, француздың port және латынша portus, яғни айлақ деген екі сөзінің бірігуінен шыққан. Аэропорттың негізгі бөлігі - аэродром.

Әуежай алыс және жақын шетелдердің құрамындағы 7 авиакомпаниялар қызмет көрсетеді. «Эйр Астана», «СКАТ», «Трансаэро», «Россия», «Туркиш Эйрлайнз», «Евро-Азия Эйр», «Украина» және басқалар. Жыл сайын Астана әуежайында 3 авиакомпания жаңа рейс ашады.

Астана әуежайынан Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарына ұшады. 2011 жылы әуежай 1 984 мың жолаушыға қызмет көрсетті…Астаналық әуежайды дамыту жұмыстары ИАТА халықаралық стандарттарына жүргізіледі. Астаналық әуежай азаматтық авиация халықаралық ұйымының (ИКАО) ІІІА санаты бойынша сертификатталған. Астана әуежайы 200 метр. Астана әуежайында жолаушыларға арналған екінші “Duty Free” дүкені, дәріхана, «Сәттілік» мейрамханасы, «Кофе ауласы» атты кафе.

Билет 6

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды түрінде бейнеленген, шаңырақ, күн. Шаңырақтың 2 жағынан қанатты пырақтар орналастырылған. Жоғарында- бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыз…- алтын түстес. Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында ұшқан қыран бейнеленген. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және қатарда өрнек орналаскан. Тудың ұзындығының пропорциясы 1:2. Суретшi Шәкен Ниязбеков.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Билет 7

…Мүсірепов Ғабит (1902-1985) - ұлы стилист жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. «Қыз Жібек» операсының либреттосын жазған. «Қозы-Көрпеш - Баян сұлу» спектаклінің сценарийінің авторы. Солтүстік Қазақстан облысында, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Қазақ театр өнерінің негізін салушылардың бірі.

...Арабша хат таныған, орыс мектебін катыскан, орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқыган. Орынбордағы рабфакта «тулаған толқында» повесін жазады. «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Талпақ танау» әңгімелері мен « Бір адым кейін, екі адым ілгері»

Билет 8

1.«Қазпошта» - пошта байланысы кәсіпорны. Ұйымдық құрылымы негізгі 4 деңгейден тұрады. Бірінші деңгей - облысы тікелей басшылық жасайтын, пошта жұмысы. Екінші деңгей 14 облысы. Үшінші деңгей аудандар мен қалалар аумақтарына. Пошта 20 қалалық және 154 ауданы тораптарынан тұрады. Төртінші деңгей 614 қалалық бөлімшені, 2774 ауылдық. ТМД елдерімен (Өзбекстаннан басқа) және алыс 14 шет мемлекетпен халықаралық пошта аударымы алмасылады.

2.Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдан бастап жарық көрген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына зиян факторлары мынандай:

….Көздің көру қабілетін төмендетеді;

….Омыртқалардың қисаюына әкеледі;

….Жүйкеге салмақ түсіреді;

….Шаршағыштық, әлсіздік басады.

Бала күні бойы комппьютермен байланысады. Бирак, бириншиден: адам күнде 1-2 сағат отырса. Екіншіден: 60-70см аралықта отырса, және т.б ережелерін ұстанса оның түкте зияны жоқ.

Билет 9

1. Ғабиден Мұстафин (1902-1985) 29 қарашада қазіргі Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген.

14 жасында Спасск зауытының орысша оқып, бес жылдық орыс-қазақ мектебінің 4-сыныбына түседі.Бұдан әрі оқуға мүмкіндігі болмай, туған ауылына қайтып оралады. Ауылда әр түрлі қызметте болып, 1925 жылы білімін көтеру мақсатымен Қызылордаға келеді. Мұнда оқуға түсе алмайды. Жазушылық өнерге құмарлығы осы кезден басталады.

...Шығармашылығы. Ғабиден Мұстафин үлкен прозаға көп дайындыган. "Шығанақ", "Қарағанды", "Дауылдан кейін", "Көз көргендер" сияқты романдары бар. Сонықтан Ғабиденді кеңестік Қазақстанда болған жаңарулардың жарты ғасырдан астам тарихының көркем шежіресі деуге болады.

2....Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі.

Сәлемдеме Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес.

Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі.

Билет 10

1.Марка - таңба‚ белгі. Түрлері:

§ пошта Маркасы - пошта жөнелтімдерін салып жібергені үшін алым төлеу белгісі;

§ сауда Маркасы - дайындаушыны даралау мақсатымен бұйымға не оның бумасына басылатын таңба, онда дайындаушының толық атауы, орналасқан жері, тауардың сапасы, сұрыбы, стандарт, тех. шарттар, т.б. туралы мәлімет берілуі тиіс;

§ фирмалық Марка - өндірушінің тауарларын басқа өндірушілердің тауарларынан ажыратуға мүмкіндік беретін таңба. Қазақстанда

фирмалық Марканың бір бөлігі ретіндегі тауар белгісі заңда зияткерлік меншік нысандарының бірі ретінде қарастырылып, авторлық құқық, өнертабыс, жаңалық ашу істерін жүргізетін мемл. органдарда тіркелуге тиіс.

2. XIX ғасырдың бірінші Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Әр тойлар, рулар мен тайпа басыларының жиындары ән салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайдан басталатын.

XIX-XX ғасырлардың бас кезіндегі қазақтардың поэзиясы халықтың ежелден қалыптасқан мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен байланысты болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап поэтикалық шығармашылық дамытады. Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы,

Билет 11

1.Әйтеке Байбекұлы - қазақ халқының үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.

Әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батырдын тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс медресесінде білім алады. Нәтижесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін окыган.

2. 1934 жылы 7 қарашада Алматы опера театрында «Қыз Жібек» операсының премьерасы өтті. Онын композиторы Евгений Брусиловский, жазушы Ғабит Мүсірепов.Музыкалық негізін халық композиторларының өлеңдері мен күйлері құрады. Тамаша әншілер, әсіресе Күләш Байсейітова, мәскеуліктерді таңқалдырды, ал «Қыз Жібекті» орындаған алғашқы «жұлдыздардың құрамы» - Қазақстан опера өнерінің негізін қалаушылар қазақстандықтардың санасында мәңгі сақталып қалды.

Билет 12

1.Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» кодексін шығарушылардың бірі. Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Казақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған.

Билет 13

1.Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765)-мемлекет және қоғам қайраткері, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.

Қазыбектің анасы Тоқмейіл зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналган.Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды.

Билет 14

Әуежай алыс және жақын шетелдердің құрамындағы 14 авиакомпанияның тұрақты жолаушылар рейстеріне қызмет көрсетеді.Бұлар, «Эйр Астана», «СКАТ», «Жетісу», «Трансаэро», «Россия» .Авиакомпания үшін әуежайдың Еуразия орталығында орналасқан географиялық орны көз тартымды болып табылады.СИП және ВИП залдары, ана мен бала бөлмесі, діни әдет-ғұрыптар бөлмесі, жүк сақтау камерасы, ұшу залында  орналасқан шылым шегу бөлмесі. Рейсті күту кезінде жолаушыларға мейрам хана бар, кафе қызметкерлері қызмет көрсетеді.

Билет 15

1. Астана - КР елордасы. Астана 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.

1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы (қазірде Ресей Федерациясындағы) болды. 1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді.

Астананың аумағы 710,2 шаршы километр, тұрғындардың саны 2007 жылдың 1 маусымында - 584,8 мың адамды құрады.

Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталық. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың. Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимраттары орналасқан.

2Әлемнің әр түкпіріндегі мыңдаған модельерлер, да­рынды дизайнерлер тынбай жұмыс істеп, өз қиялдарының жемісін жұртқа таңғысы келіп жатса да, бүгінгі таңда сән әлемінде нақты бір үлгі жоқ десе де болады. Әркімнің тек өзіне ғана тән әдемілігі сәнге айналып келеді. Яғни, әркімнің өзіне жарасатын киім үлгілері, шаш қойысы бар. Сән патшалығында даралық салтанат құра бастағаны байқалады.

Билет 16

1.Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.

2алықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі.

Билет 17

1.Жиенқұлова Шара (Гүлшара) Баймолдақызы (Алматы) - биші, педагог. Қазақстанның халық артисі, 1929 - 30 ж. ҚазПИ-дің тарих факультетінде оқыды. Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастады.

Тұңғыш ойнаған рөлі - Б.Майлиннің “Майдан” пьесасындағы Пүліш. Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр” және “Ер Тарғын” операларында ұлттық билерді орындады.

Қазақтың тұңғыш ұлттық балеті - “Қалқаман - Мамырда” (1938) Мамырдың партиясын орындады. 1966 - 75 ж. Алматы хореографиялық училищесінің директоры болды. Халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеді.Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968). Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен және медальдермен марапатталған.

2.Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.

Билет 18.1.Бұл Заң Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.Ол республикадағы жетілдірілген  жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың концептуалдық идеясына сәйкес құрылған. Білім беру қызметі  іштей жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері құрылымға бағындырылған, қисындық сабақтастыққа сәйкес заңның мазмұнынан көрініс тапқан. Заң «білім беру жүйесі» ұғымы мен оны құрайтын білім беру деңгейлерінің анықтамасынан басталады. Одан әрі әр түрлі деңгейдегі оқу бағдарламалары арқылы  білім берудің мазмұны ашылады.

2.Техникалық прогресс бір орында тұрмайды, ол үнемі даму үстінде. Қазіргі кезде әр үйде радиотелефон бар,ал кез келген бірінші сынып оқушысының қалтасында ұялы телефон жүреді.Бұл-ата-аналардың өз балалары қайда жүргенін білу үшін өте қажет.Сол сияқты көптеген кәсіпкерлерге жұмысы үшін телефонның маңызы зор және көптеген адамдарда бір емес бірнеше телефон қатар жүреді.

Билет 19.1.Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.