• Название:

    трбие жмысы курсовой


  • Размер: 0.05 Мб
  • Формат: ODT
  • или
  • Сообщить о нарушении / Abuse

Установите безопасный браузер



ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ҮРДІСІ

Шағын жинақты мектептегі тәрбие үрдісі – бұл бірдей мақсатқа

бағынушы

тәрбиелік жағдайлардың (тәрбиелік жұмыстың) дамушы

тізбегі. Ол ортақ принциптерге сүйеніп, ортақ заңдылықтарға бағынады.

Я.Корчактің айтуы бойынша «бала - өзін еркін сезінбейді шынжырлар

үшін қайғырады, бостандықты сағынады. Бірақ ол оны таба алмайды,

өйткені тәрбиелеу формалары өзгергенмен, оның мазмұны тыйым

салулармен мәжбүр етулер өзгермейді. Біз ересектердің өмірін өзгерте

алмаймыз, өйткені біз құлдықта тәрбиеленгенбіз, біз балаларға бостандық

бере алмаймыз, өйткені өзіміз кісендеуліміз». Бірақ ақырында біздің

мектептерімізде шынайы жаңа педагогикалық қарым-қатынастар дамуда.

Шағын жинақты мектептегі тәрбиелік процесстің ерекшеліктері келесі

шарттармен аңықталады:

а) үлкен қалалардан шалғайлықпен;

б) адамдар арасындағы қалыптасқан қарым-қатынаспен;

в) елді-мекендегі басқа да мәдени орталықтардың болмауымен;

г) коммуникациялық тұрақсыздықпен (телевидение, почта).

Тәрбиелік жұмыстардың сапасына елді-мекеннің аз ғана бөлігі

мұғалімдермен оқушылар ғана әсер етеді. Сыныптан тыс үйірмелердің

жұмысын ұйымдастырушы қызметкерлер жоқ. Осыған орай, мектеп

балалармен және ересек тұрғындармен тәрбиелік жұмыс атқаратын

орталыққа айналады, ал мұғалім – оны ұйымдастырушы және өткізуші

болып табылады.

Шалғай ауылдарда өскен балалар өмірмен тәрбиеленген болып келеді.

Оларда қалалық жерде қалыптасуы қиын қасиеттер қалыптасады. Бұл

жерде барлық балалар мен ересектер бірін-бірі таниды. Тәрбиелік

жұмыстарды жартылай жоюшы ананимділік пен немқұрайлылық жоқ.

14

Балалар тең жасты ұжымда дамиды. Олар жылы шырайлылықпен,

ашықтықпен, қарым- қатынасшылдықпен ерекшеленеді. Осы және басқа

да қасиеттерді қайтадан қалыптастыруға тура келмейді.

Өмір сүру шарттарының қарама-қайшылықтарынан туындайтын тек

сол сапалар педагогикалық коррекцияға жатады. Қызбалық, төбелесу, өзін-

өзі ұстай алмау, еріншектік, ұқыпсыздық, жауапсыздықтар тәрбиелеу

жұмысының негізгі пәні. Шағын жинақты мектептердің оқытушыларын

сипаттайтын ең жақсы қасиеттері - олар идеал іздемейді, көпшілік

сөздермен жасырынбайды күнделікті, бастапқы тұлғаның бітістерімен

жоғары қасиеттерді өз-өзінен пайда болдырады. Шағын жинақты

мектептерде тәрбие жұмысы 3 топтан құралған.

1 ) Сабақтағы тәрбие жұмысы;

2 ) Сыныптан тыс және сабақтан тыс тәрбие жұмысы;

3 ) Елді-мекендегі қоғамдық орта.

Тәрбие жұмысы тәрбие ісі формасында жүргізіледі. Осының негізінде

әрекетті және комплекстік

екі тұрғы белгілі. Біріншісі, әр түрлі

жағдайдағы оқушылар арасында ұйымдастыру, танымдық, еңбек,

қоғамдық, спорттық және еркін қарым-қатынас, ал екіншісі барлық

әрекеттердің бірігуін қамтамасыз етеді. Тәрбие жұмысы әдептілік,

әдемілік, ақыл-ой еңбекті өзінің құрамына біріктіреді. Тәрбие мақсатында

басымдылық нақты істерді анықтайды. Негізгі ой-тәрбиенің бағыттарымен

(ақыл-ой, денелік, еңбек және т.б) анықталады.

Жалпымектептік тәрбие ісі жылға 3-4 жұмыстан, яғни

қанағаттанарлық көрсеткіштен аспауы керек. Жұмыс бірлесіп жасалады.

Оқытушы оқушылармен бірге жоспар құрады, міндеттерін бөледі. Егер бұл

белгілі бір оқиғаға арналған мереке болса, онда ол өте айқын және есте

қаларлықтай болуы керек. Мерекенің символдары мен ұрандары

құрастырылып, сыйлықтар әзірленеді. Оқытушы оқушыларға тек көмек

береді, барін оқушылар істейді. Бәрі бірдей өте әдемі болмағанмен,

оқушылардың өз қолдарымен істегені жақсы. Нақты тәрбие ісі кезінде

(емдік шөптер жинау, теректер, гүлдер отырғызу) оқытушы жергілікті

мамандар көмегіне жүгінеді (медбике, агроном, орманшы, механизатор).

Тәрбие жұмысы бір кешенді мектепте бір оқытушымен жүргізіледі, ал

көп кешенді мектепте екі оқытушымен міндеттері бөлінеді. Бұл түсінікті

және келісімді ортақ жұмыс жоспарын қажет етеді. Тәрбие ісі жоспары

еркін түрде немесе аумақтық тәрбие ісінің ұсынысымен жүргізіледі.

Жоспар күнделікті, айлық немесе жарты жылдық болады. Жоспар

болашақтағы мақсат, ұмтылыс үшін керек. Бірақ ең бастысы, жақсы

құрылған жоспарда емес, нақты істерде.

Бала мектепке келді. Оны тәрбиелеу – ойлау, уайымдау,

қызығушылықтары мен мақсат, идеялдарының бірлікте болуы, жүйелі

түрде тәрбиеленуші мен тәрбиешінің біріккен әрекеттерінде көрінді. Жеке

тұлғаның жеке қасиеттерімен жұмыстану керек. Ең басты бағыт - ақыл-ой

тәрбиесі, 1 сыныпта жүйелі оқытуға әзірлік. Бұл қиын кезеңде мектепке

15

бейімделу, мектептік еңбекке әзірлігі күтіледі. Басты шарт - қоғамның

балаға сенім білдіруі, оның денелік жай-күйіне және көңіл-күйіне

қамқорлық көрсету. Бір жүйедегі педагогикалық әрекет пен отбасындағы

және мектептегі бір талаптың болуы, оның мінез-құлқының дұрыс

қалыптасуына әкеледі. Бұдан балада оқу үрдісін, еңбек әрекетін, қарым-

қатынас ережесін оңай игеруде аз қиындық көреді.

Әдеп тәрбиесінде кіші мектеп оқушыларының әдепті түйсіну мен

жайлы мінез әрекетін құрастыру жолға қойылады. Бұл арнайы

жаттығулардың көмегімен жүзеге асады. Оқушылардың әдептілік

қырларын көрсететін жағдаяттар жасалынады. Мысалы: адалдық,

қамқорлық, тілалғыштық, ұқыптылық, мейірімділік тек сөз жүзінде емес, іс

жүзінде көрінетіндей.

Еңбек тәрбиесінің ең басты мақсаты - еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,

еңбекті, адамдардың еңбегін құрметтеу, мамандықтар туралы

көзқарастардың кеңеюі. Маңызды мағынаға ие сыныптан тыс және

мектепке дейінгі әрекет. Сараманға мынадай әдістер енеді: әңгімелесу,

дауыстап оқу, таңғы сенбіліктер, ойын-саяхат. Балалар еңбек

жұмыстарына ат салысады, әсіресе мектептің аумағын тазалау, ауылды

жасылдандыру, гүлдерге, жылыжайларға қарап, көмек көрсету.

Ауылдық елді-мекендерде экологиялық мәселелер маңызды іс болып

саналады. Ол еңбек, эстетикалық, ақылдылық, денелік тәрбие арқылы

көптеген мәселелерді шешщуге пайдалы. Біріншіден бұл экскурсияда

табиғат обьектілерін қорғауды қажет етеді. Балалар сарамандық кезде

өсімдіктер мен жануарларды қорғауын бақылайды.

Эстетикалық талғам күнделікті өмірде дамиды. Экскурсияға шығу

табиғатты, ауыл көшелерін аралауда балалар жақсыға тәрбиелеудің қайнар

көзі. Эстетикалық тәрбие мәдениетпен тығыз байланысты. Әдебиет,

музыка, сурет, халықтық шығармашылық мектеп кезінде қалыптасу қажет.

Осындай мақсатта шағын мектептерде тәрбиелік жұмыс мынадай

бағыттарды ұстанады, соның ішінде: ата-анамен тығыз қарым-қатынаста

болады, салт-дәстүрлерге көрсету, табиғатқа жақын болу. Осылардың

арқасында балаларда ақылдылық, денелік, еңбектілік, моральдық,

эмоциялық тәрбие дамиды. Тәрбие процесінде әр жастағы балалармен әр

сынып арасында ортақ бейімділікпен міндеттер жоспарланады. Ол

гуманисттік және жекелік бағыттылықты ашады.