Орта ғасырлардағы Дүние жүзі тарихы 30

Формат документа: docx
Размер документа: 0.02 Мб




Прямая ссылка будет доступна
примерно через: 45 сек.



  • Сообщить о нарушении / Abuse
    Все документы на сайте взяты из открытых источников, которые размещаются пользователями. Приносим свои глубочайшие извинения, если Ваш документ был опубликован без Вашего на то согласия.


Орта ғасырлардағы Дүние жүзі тарихы
Тақырыбы: §30. ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТҮРКИЯ

Осман империясының құрылуы. ХІ ғасырдың аяғына қарай Кіші Азия қуатты мемлекет Түрік-Осман империясы құрыла бастады. ІХ ғасырда Сырдың орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекетті құрылды. ХІ ғасырда қыпшақтар күшейіп, оғыздарды ығыстырды. Оғыздардың басым көпшілігін құраған салжұқтар Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға көшіп кетуге мәжбүр болды. Салжұқ Тоғырыл бек (993-1063) Хорезмді, Иранды, Азербайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алып өз билігін орнатты. 1071-1081 жылдар аралығында салжұқтар Кіші Азияны жаулап алды.Оғыздардың қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы, Салжұқтың немересі Тоғрыл-бек 1040-1060 жылдары. Кіші Азияда Салжұқ түріктерінің мемлекетін құрды. Монғол шапқыншылығынан кейін ыдырап кеткен Салжұқ мемлекетінің орнына 1299 жылы желтоқсанда Осман түріктерінің мемлекеті келді. Оның негізін 1220 жылы Сырдария маңынанқоныс аударған. Түріктердің басшысы Ертоғрылдың баласы Осыман сұлтан (1258-1326) қалаған еді. ХІV ғасырдың екінші жартысында Осман империясы көрші елдерге жорықтар ұйымдастыра бастады. 1363 жылы сұлтан І Мұрад Андрионополды алды да, өз астанасын сонда көшірді. Андрионопольды жаулап алуы Балқан түбегіндегі славян мемлекеттерін бағындырудың негізгі базасына айналды. Бұл кезде Балқан түбегіндегі Болгар және Серб феодалдық мемлекеттері өзара қырғи қабақ болып, бытыраңқылықты бастан кешіріп жатқан еді.1389 жылы түріктер Сербияға шабул жасайды. Шешуші ұрыс 15 маусымда Косова даласында болады. Серб королі Лазарь мен түрік сұлтаны І Мұрадтың арасында болған шайқаста түрік әскерлері ірі жеңіске жетеді. Серб сарбазы Милош Обилич І Мұрад отырған шатырға кіріп келіп, оның ту сыртынан қанжар салып өлтіреді. Соғыста Лазарь тұтқынға түсіп, өлтірілді. Балқан түбегін бағындыру І Мұраддың баласы Иылдырым Баязит (1360-1403) кезінде жалғасты. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін оған Иылдарым (Найзағай) деген ат берілген. Түрік әскерлері Баязит сұлтанның басшылығымен бөлшектеніп кеткен болгарлардың Тырнова патшалығын бағындырды. 1453 жылы сәуірдің басында ІІ Мехмед сұлтан 200 мың түрік әскерлерімен Константинополь қаласын қоршайды. 1453 жылы 29 мамырда түрік әскерлері Константинополь қаласын жаулап алды. Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин ХІ Палеолог (1444-1453) шайқас үстінде қаза тапты.Константинополь Стамбұл атымен Осман империясы болып жарияланды. Осман түріктері ХІV-ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында ұлы империя құрды. Түріктер Балқан түбегіндегі жаулап алған жерлерін санжаққа (облысқа) бөлді. Феодалдық жер иелігі – спахи, ал мешіт иелігіндегі жерлер – вакуф деп аталды.Балқан түбегіндегі халықтарға мемлекеттік салық салынды. Жер салығы – харадж енгізді. 5-7 жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиеленіп, әскери янычар құрамдарына алып отырды. Шаруалар спахилік жер иесінің меншігі болды. Түрік иелігі орнаған жерлердегі халықтарды «райя» деп атады. «Райя» деген сөз «мал» деген мағынаны білдірді. Үріш салығы – өнімнің түсімінен алынатын салық түріне жатады. Шаруалар жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады.Дін жағдайы өте ауыр болды. Болгар, Серб жеріндегі христиан шіркеуіәне тыйым салынды. Ежелгі славян тайпаларынан бері сақталып келген мәдениет орындары жабылды. Балқан түбегінде Осман империясы мұсылмандандыру саясатын жүргізді. Болгар, серб халықтары діни езгіге қарсы ұлт-азаттық күреске шығып отырды.Осман империясының құрылымы. Осман империясы орта ғасырдағы әскери-феодалдық құрылымдағы мемлекет болды. Империя уәлаяттарға (областарға)бөлінді. I Сүлейман (1520-1566) кезінде Осман империясы 21 уәлаяттар құрылды. Уәлаяттарды санжактарға бөлінді. Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді. Уәлаяттарды бейлер басқарды. Олар санжактарға да билік жүргізді. Ол адамзаттық және әскери басқару түрінде жүргізілді. Бұлар сонымен бірге өз аймақтарында ірі жер иелері болды. Феодалдық иерархиялық жүйеге кірді.
Осман империясында сот жүйесі де болды. Сот жұмысын мұсылман қызы (қадилер) жүргізді. Сот ісін жүргізу орталықтандырылып, жоғарғы сот уәзірдің қолында болды. Діни бағыттағы сот істерін –шейх – уль – ислам жүргіді.
Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрды.1) Рухани феодалдар; 2) Әскери феодал; 3) Көпестер мен қала тұрғындары; 4) Шаруалар. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер лен деп аталды. Леннің иелері сипахилер болды. Еңбекке жарамды, ересек христиан ер адамдар сұлтанның қазынасына ақшалай салық – харадж, жизия төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды.Болгар және серб партизандары өздерін «гайдуктер» деп атады. 1593-1598 жылдары, орыс-түрік соғысы кезінде күрес біршама күшейді. Ресей империясы діні бір ел – болгар, сербтерді қолдапотырды. Алғаш рет ұйымдасқан көтеріліс 1598 жылы Тырнова қаласында болды. 1594 жылы серб халқы Австрия мемлекетіне арқа сүйеп , түріктерге қарсы шықты. Түрік езгісінен қашқан сербтер Воеводин жеріне орналасты. Түрік үстемдігі Балқан түбегінде 1389-1878 жылдарға дейін созылады.
Түркияда жазба әдебиеттің алғашқы үлгілері XIII ғасырда пайда болды. Тұңғыш шығармалар сопылық сарында жазылды. Көне шығармалардың қатарына Ахмед Факихтің «Тағдыр кітабы» жатады. Оның шәкірттері Шейад Хамза «Жүсіп пен Зылиха» қиссасын жазды. Түрік тіліндегі ең алғашқы шығарма - сопы Ашик паша жазған «Қуғындалушының кітабы» (поэма) болды. XIV-XV ғасырларда поэзияда HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B8%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B8_%D0%93%D3%99%D0%BD%D0%B6%D0%B0%D1%83%D0%B8" \o "Низами Гәнжауи" Низами Гәнжауидің «Бес дастаны» («Құпия казына», «Хұсрау мен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті ару», «Ескендірнама» ) үлгісімен романтикалық сарындағы шығармалар жазған бірқатар авторлар (Ахмед, Жүсіп, Синан т. б.) дүниеге келді. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Математика" Математика, астрономия ғылымдарына талдау жасаған және философия пәндері бойынша бірқатар еңбек жазған Лютфи Такади еді. Географ адмирал Пири Реис 1513 жылы Дүние жүзінің картасын, ал 1523 жылы «Бахрийе» атты теңіз атласын жасады.
Түрік эпостық дастандары катарынан «Оғызнама», «Кітаб Дәдәм Коркуд» пен «Көрұғлы» шығармалары ерекше орын алады. XV-XVII ғасырларда түрік сәулетшілері (X. Синан т. б.) сәулет өнерінің композициялық құрылымы мен көркемдігіне ерекше көңіл бөлді. Түркия қалаларында медресе, кесене, күмбезді монша, хауыздар салу кең өріс алды. XV-XVII ғасырлар аралығында сән және қолданбалы өнердің керамика, жібек жібін иіру, кілем тоқу, металл өндіру, қару-жарақ жасау сияқты салалары өрістеді. Түрік музыкасы баска да түрік халықтарының музыкасымен сабақтас. Мысалы, мани, қошма, тюркю әндері Орта Азия, Қазақстан, Әзірбайжан музыкасымен әуендес болып келеді. Музыка аспаптары: кеманча, ребаб, тамбур,уд, ковар, дюдюк, зурна, дәф, давул т.б.[1]
X