Дүние жүзі тарихы пәнінен тест сұрақтары

Формат документа: docx
Размер документа: 0.05 Мб




Прямая ссылка будет доступна
примерно через: 45 сек.



  • Сообщить о нарушении / Abuse
    Все документы на сайте взяты из открытых источников, которые размещаются пользователями. Приносим свои глубочайшие извинения, если Ваш документ был опубликован без Вашего на то согласия.


Дүние жүзі тарихы пәнінен тест сұрақтары. 
X ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына құрылған мемлекет: Чех мемлекеті 2. Еуропада кең тараған славян тайпаларының бөлінуі: үш топқа 3. Орыс жерінде Киев Русі атты мемлекеттің құрылу кезеңі: X ғасыр 4. Киев Русінде христиан дінін қабылдау жылы: 988 жыл 5. Орыс мемлекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалаған кінәз: Ярослав Мудрый 6. Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуына түрткі болған оқиға: «Ұзақ парламенттің» шақырылуы 7. Секуляризация дегеніміз................ Рухани және әлеуметтік өмірдің дін ықпалынан босауы 8. ХҮІІІ ғ. Индустриялық өркениеттің отаны: Англия 9. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы: Абсолютизм және феодалдық тәртіптер жойылды 10. ХҮІІ ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай: Абсолютті монархия мен ескі феодалдық тәртіптер 11. Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай: Ұлы Географиялық ашулар 12. Англияда ХҮІ ғ. басталған қауымдық алқаптарды қоршаудың әлеуметтік-экономикалық салдары: Жерден айырылған шаруалар қалаларға шоғырланды 13. Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен және құпиялықтардан тазартуды жақтаушылар: Пуритандар 14. Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орныққан мемлекеттік басқару формасы: Парламенттік монархия 15. 1639 ж. Ағылшын королі І Карлдың парламентті шақыру себебі: Шотландиямен соғыстың басталуы 16. 1649 ж. диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар: Жердің қоғамдастырылуын 17. 1653 ж. Англияда қабылданған жаңа конституция – «Басқару жоспарының» мәні: Кромвель лорд-протектор болып тағайындалды 18. 1688 ж. Англияда орнаған мемлекеттік басқару жүйесі: B) Парламентті монархия 19. ХVІІ ғ. қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні: Қоршаған әлемді ғылым мен тәжірибе арқылы тану 20. Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек деген қағиданы ұстанған ағартушы: Франсуа Мари Аруэ 21. Атеистер – .............. E) Құдайды жоққа шығарушы ағартушылар 22. Барлығы бірдей тең және ортақ мүлікке иелік ететін қоғам ең әділетті қоғам деп есептейтін француз ойшылы: C) Жан Мелье 23. Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні: Адам өзінің жеке мүддесін ойлай отырып қоғамды жақсарта түседі және байытады 24. ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда қоғамды қайта құруды насихаттағандар: Ағартушылар 25. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені: Виргиния 26. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар: 1775-1783 ж. 27. Отары бар мемлекет: Метрополия 28. АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі: «Тәуелсіздік декларациясы» 29. 1778 ж. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат: Бенжамин Франклин 30. АҚШ-тың тұңғыш президенті: Д.Вашингтон 31. 1783ж. АҚШ пен Англия арасындағы келісімшарттың басты нәтижесі: Құрама Штаттар тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды 32. 1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмау себебі: Қара түстілерді құлдыққа алудың заңдастырылуы 33. АҚШ Конституциясы қабылданған жыл: 1787 ж. 34. ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі: Бас штаттар 35. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға: E) Бастилияның алынуы 36. 1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі: Абсолюттік монархияның құлауы 37. Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика: Франция 38. 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі: Француз революциясын тұншықтыру үшін 39. 1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға: Францияның республика болып жариялануы 40. 1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер: Якобиншілдер 41. Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы: Абсолюттік монархия жойылды 42. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай: Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды 43. Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл: 1703 ж. 44. 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі: Ништад келісімі 45. Еуропалық ойлауды орыс дәстүрімен алғаш сабақтастыра білген орыс патшасы: І Петр 46. І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы: Кунсткамера 47. І Петр жүргізген үздіксіз соғыстардың жалпы ұлттық мақсаты: Ресейдің теңізге шығу жолына ие болу 48. 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет: Швеция 49. Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы: «Сарайлар төңкерісі дәуірі» 50. 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы: Е.Пугачев 51. 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрген және балаларға арналған ертегілер, педагогикалық ойлар, өмірбаяндық естеліктер жазған орыс патшасы: ІІ Екатерина 52. 1700-1721 жылдары болған соғыс: Солтүстік соғыс 53. ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет: Дели сұлтандығы 54. ХVІ ғ. Солтүстік Үндістан мен Ауғанстанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған қолбасшы: Бабыр 55. Орта ғасырда Үндістандағы діни орындардың меншігіндегі жер: Вакф 56. ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер: Англия мен Франция 57. ХV ғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет: Осман империясы 58. ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай: Сипахилік жүйенің ыдырауы 59. 1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған: Патрон Халил 60. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі: Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді 61. ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты: Оқшаулану саясаты 62. 1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы: Ли Цзычэн 63. 1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты: Қытайға келуіне тыйым салды 64. Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл: 1635 ж. 65. Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы: Батыр қонтайшы 66. ХVІ ғ. соңында Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар: Сегундар 67. ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет: Жапония 68. ХVІІ-ХVІІІ ғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай: Капиталистік-отаршылдық жүйенің ықпалына түсе бастауы 69. ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет: Сефевидтер әулеті 70. ХVІІ ғ. Ирандағы мемлекет меншігіндегі жер: Дивани 71. 1795 ж. АҚШ-пен бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойған араб елі: Алжир 72. 1869 ж. іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет: Франция 73. ХVІІІ ғ. Иран халқының ауғандарға қарсы күресін басқарған ...... Нәдір 74. ХVІІІ ғ. Иран шахы Нәдірдің саяси беделінің түсу себебі: Үздіксіз жүргізген соғыстарының халыққа ауыр зардаптар әкелуі 75. Иранның Каджар әулеті тұсындағы астанасы: Тегеран 76. Каджар әулеті тұсындағы Иран жерінің әкімшілік аймақтары: Вилаеттер 77. ХVІІ ғ. Ирандағы отбасы меншігіндегі жер: Хассэ 78. Мәдениет пен мемлекеттіліктің өзіндік дәстүрлерін бұрын жасаған елдер: Шығыс елдері 79. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Еуропалық жаулап алушылар құрған сауда тірек пунктері: Факториялар 80. ХVІІ ғ. басына қарай Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отарлық біріншілікті иемденген мемлекет:Голландия 81. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Англияда «мемлекет ішіндегі мемлекет» атанған ерекше құрылым: Ост-Үнді компаниясы 82. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Қытай, Жапония елдерінің шетелдік отаршылдарға елді тонатпау үшін ұстанған саясаты: «Жабық есік» 83. Қытай рыногын жаулап алу жолындағы «апиын соғыстарының» бастамашысы болған мемлекет: Англия 84. ХVІІІ-ХІХ ғ. Шығыс елдерінің экономикалық саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі: Еуропалық отаршылдардың тонаушылық саясаты 85. Метрополия дегеніміз..... Отар иемденген мемлекет 86. Экспансия саясатының мәні: Мемлекеттің өзінің ықпалын басқа елдерге түрлі әдістермен тарату саясаты 87. Дүние жүзінде отаршылдық жүйенің негізін қалағандар: Сауда компаниялары 88. Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар: Луддашылдар 89. 1819 ж. Англияда лорд Ливерпуль кабинетінің әлеуметтік заң шығару саласында жасаған маңызды қадамы: 9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салынды 90. 1764 ж. «Дженни» атты механикалық ұршықты ойлап тапқан инженер: Дж. Харгривс 91. 1765ж. Бу машинасын ойлап тапқан: Джеймс Уатт 92. Өнеркәсіп төңкерісінің мәні: Өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне өтуі 93. «Дүниежүзілік шеберхана» атанған мемлекет: Англия 94. ХІХғ. 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы: Чартизм 95. ХІХ ғ. Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғаған саяси партия: Консерваторлар 96. ХІХ ғ. соңында ағылшын экономикасының даму қарқынының төмендеу себебі: Шетелдерде ағылшын тауарларына жоғары салықтардың салынуы 97. 1804 ж. Рим папасы салтанатты түрде тәж кигізген император: І Наполен 98. 1799 ж. 9 қарашадағы Франциядағы мемлекеттік төңкерістің нәтижесі: Консулдық жүйе орнады 99. І Наполеонның өнеркәсіпке жасаған қолдауы: Өнеркәсіпке мемлекеттік жәрдем ақша мен сыйлық беріп отырды 100. Англияны экономикалық тұрғыдан күйрету мақсатында Наполеонның жүргізген шарасы: Құрлықты қоршауды жариялады17 нұсқа
1. Солтүстік Испаниядағы ежелгі адамдар мекендеген Альтамира үңгірін тапқан археолог: A) Рыбаков. B) Аристотель. C) Саутуола. D) Геродот. E) Ганнибал. 2. Ежелгі Үндістанда мемлекет пайда болған уақыт: A) Б.з.д. IV ғасыр. B) Б.з.д. ІІ ғасыр. C) Б.з.д. V ғасыр. D) Б.з.д. І ғасыр. E) Б.з.д.ІІІ ғасыр. 3. XVII ғасырда Ресейдің Батыс Еуропмен сауда қатынасының орталығы болған қала: A) Тверь. B) Мурманск. C) Архангельск. D) Мәскеу. E) Новгород. 4. 1945 жылы 17 шілде – 2 тамыз арасында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының қатысуымен өткен конференция: A) Потсдам. B) Вашингтон. C) Тегеран. D) Қырым. E) Сан-Франциско. 5. КСРО-да көппартиялық жүйенің қалыптасуы: A) 1982 жылдан басталды B) 1980 жылдан басталды C) 1983 жылдан басталды D) 1988 жылдан басталды E) 1981 жылдан басталды 6. Ең биік Хеопс пирамидасы салынды: A) Б.э.д. 1500 жылы. B) Б.э.д. 3000 жылы. C) Б.э.д. 2600 жылы. D) Б.э.д. 2700 жылы. E) Б.э.д. 1750 жылы. 7. Б.з.б. ІІІ ғ. басында Александр Македонский державасы негізінде пайда болған басты мемлекеттер: A) Ауғанстан, Қытай, Үндістан. B) Персия, Түрік қағанаты. C) Қытай, Үндістан, Сирия. D) Армения, Грузия. E) Египет (Мысыр), Сирия, Македония. 8. Римде латын поэзиясының асқар шыңы саналған дастанның авторы A) Цезарь B) Гораций C) Ливий D) Вергилий E) Тулий 9. Дәрігер ретінде “Ғалымдардың атасы” аталған ұлы ғалым: A) Фирдоуси. B) Әл Фараби. C) Омар Хайам. D) Евклид. E) Ибн Сина. 10. XVI ғ. бірінші жартысында Ресейдегі басқару органдары: A) Сенат B) Земство соборы C) Коллегиялар D) Приказдар E) Боярлар кеңесі 11. Екінші Лион тоқымашыларының көтерілісі болған жыл: A) 1820 ж. B) 1834 ж. C) 1842 ж. D) 1815 ж. E) 1790 ж. 12. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы ағылшын империализмінің басты сипаттамаларының бірі: A) Өсімқорлық. B) Отаршылдық. C) Әскери-феодалдық. D) Агрессияшылдық. E) Юнкерлік-буржуазиялық. 13. Батыс Германия территориясында оккупациялық режимнің жойылған жылы: A) 1960 ж. қаңтар. B) 1950 ж. қыркүйек. C) 1945 ж. тамыз. D) 1952 ж. қазан. E) 1949 ж. мамыр. 14. 1955 ж. Бағдат пактісінің мақсаты. A) Ирактың ұлт-азаттық күресін тұншықтыру. B) Иракты әскери одаққа тарту. C) Иракқа экономикалық көмек көрсету. D) Ирактың ұлт-азаттық күресін қолдау. E) Ирак билігіне қарсылық көрсету. 15. Көптеген уақыт бойы карта жасауға негіз ретінде кітабы қолданылған ХІІІ ғ. Венециялық саяхатшы: A) Плано Карпини. B) Бартоломео Диаш. C) Марко Поло. D) Иоганн Руттенберг. E) Вильгельм Рубрук. 16. Испандықтар 1520-1521 жылдары жаулап алған ел. A) Куба аралы. B) Мексика. C) Гаити аралы. D) Перу. E) Гавай аралы. 17. “Күн қозғалмайды, Жер және басқа планеталар оны айналып жүреді”- деген тұжырым жасаған поляк ғалымы: A) Галилео Галилей. B) Томас Мюнцер. C) Джордано Бруно. D) Николай Коперник. E) Томас Мор. 18. Антарктиданы ашқан орыстың дүние жүзін айналған экспедициясының басшысы: A) Беллинсгаузен. B) Крузенштерн. C) Лазарев. D) Невальской. E) Головин. 19. XX ғ. басында дүние жүзіндегі автомобиль өндірудің тең жартысын өндіріп шығарған кәсіпорын: A) Фордтың кәсіпорны. B) Крупп кәсіпорны. C) Дюппонның кәсіпорны. D) Морганның кәсіпорны. E) Рокфеллердің кәсіпорны. 20. Суретші - импрессионистер: A) Равель, Ибсен. B) Рейнхардг, Григ. C) Моне, Ренуар. D) Пикассо, Уальд. E) Роден, Гослуорси. 21. 1914 ж. Екінші интернационалдың күйреу себебі: A) Соғыс жағдайында халықаралық конгресті өткізудің мүмкін еместігі. B) Өздерінің соғысып жатқан үкіметін Еуропалық социалистердің қолдауы. C) Соғыстың бас кезіндегі саяси байланыстардың үзілуі. D) Социалистерді қуғындау. E) Француз және Германия социал-демократтары басшыларының арасындағы келіспеушілік. 22. КСРО мен Югославия қатынастарының шиеленісуі, ’’Тито-Сталин’’ жанжалы болған жыл: A) 1953 ж. B) 1950 ж. C) 1945 ж. D) 1955 ж. E) 1948 ж. 23. 1952 ж. Египетте болған революцияны басқарған қайраткер: A) Дж.Неру. B) А.Садат. C) Х.Мубарак. D) Г.Насер. E) Х.Асад. 24. Психоанализдің негізін салған австриялық оқымысты: A) Ф.Ницше. B) А.Шопенгауэр. C) И.Кант. D) З.Фрейд. E) А.Бергсон. 25. Ең атақты Үнді храмдарының салыну ерекшелігі: A) ғасырлар бойы жартастарды ою жолымен салынуы B) Египет шіркеулері тәрізді салынуы C) ағаштан салынуы D) күйдірілмеген кірпіштен салынуы E) мавзолейлер тәрізді салынуы 26. XІ Людовиктің Батыл Карлды жеңген жылы: A) 1477ж. B) 1400ж. C) 1500ж. D) 1470ж. E) 1407ж. 27. Францияда 18 брюмер (1799 ж. 9 қараша) төңкерісі дегеніміз – бұл: A) Елде демократиялық режимнің орнауы. B) Биліктің монархия жақтастарына өтуі. C) Халықтың төменгі табының билікке келуі. D) Революцияның жоғары шегіне жетуі. E) Ірі буржуазияның әскери диктатурасының орнауы. 28. XVІІІ ғ. соңында Украинаның оң жағалауының, Белоруссияның, Литваның Ресейге қосылуы қандай оқиғаның нәтижесінде жүзеге асты? A) Ұлт лигасының шешімі бойынша. B) Осы жерлерде өткізілген плебисцит нәтижелері бойынша. C) Польшаны бөлу барысында. D) Берлиндегі халықаралық конгресс шешімі бойынша. E) Ресейдің Түркиямен соғысы. 29. Париж Коммунасына қарсы күресті басқарған: A) Бисмарк. B) Тьер. C) ІІІ Наполеон. D) Варлен. E) Клемансо. 30. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі ракеталық-ядролық қарулану бәсекелестігі: A) Мемлекеттердің ғылыми-техникалық потенциалдық көрсеткіш. B) АҚШ және КСРО-екі ең күшті державалар арасындағы бәсекелестік. C) Әскери жаттығулар. D) Әскери техника саласындағы ынтымақтастық. E) Еңбек өнімділігінің көрсеткіші.
18 нұсқа
1. Ежелгі Қытайлықтардың егін шаруашылығындағы маңызы зор дәнді дақыл: A) Қант құрағы. B) Бидай. C) Күнбағыс. D) Күріш. E) Темекі. 2. Александр Македонискийдің соғыссыз бағындырған мемлекеті: A) Греция. B) Орта Азия. C) Египет. D) Үндістан. E) Парсы. 3. 1498 жылы 20 мамырда Васко да Гама экспедициясы жеткен Үндістанның қаласы: A) Калькутта. B) Хайдарабад. C) Бомбей. D) Карачи. E) Мадрас. 4. 1941 жылы Мәскеуді қорғауға ерлік көрсеткен Қазақстандық дивизия. A) 14 дивизия. B) 34 дивизия. C) 516 атқыштар дивизия. D) 72 дивизия. E) 316 атқыштар дивизиясы. 5. 1991 жылы жазда бүкіл халықтық сайлау нәтижесінде Ресейдің бірінші Президенті болып сайланған: A) Б.Н.Ельцин. B) М.С.Горбачев. C) В.Черномырдин. D) В.В.Путин. E) С.Кириенко. 6. Ежелгі аң аулайтын қару түрі: A) Найза. B) Дротик. C) Гарпун. D) Жебе. E) Бумеранг. 7. Ежелгі Египеттегі абыздар: A) Құдай қызметшілері. B) Император. C) «Мемлекет басшылар». D) Перғауынның баласы. E) Әскербасы. 8. Ірі монастрлар жанындағы шеберханаларда кітап көшірушілер A) Кітапханашылар B) Тақуалар C) Оқытушылар D) Жазушылар E) Ақындар 9. Шыңғысханның Орта Азияға жорығы басталған жыл: A) 1211 ж. B) 1203 ж. C) 1218 ж. D) 1217 ж. E) 1219 ж. 10. ХVІІ ғ. Ресейдің Батыс Еуропамен сыртқы сауда саласындағы негізгі тірегі: A) Киев. B) Азов. C) Петербург. D) Архангельск. E) Нарва. 11. Тұңғыш экономикалық дағдарыс болған ел: A) АҚШ B) Англия C) Германия D) Италия E) Франция 12. Үндістанда «Күш қолданбай қарсыласу» науқандарын үйымдастырушы: A) Д.Неру B) Д.Синх C) М.Ганди D) Б.Тилак E) Р.Капур 13. “Қырғи-қабақ соғыс” жылдарындағы негізгі қарсылас мемлекеттер: A) Германия мен Ұлыбритания. B) Германия мен КСРО. C) Жапония мен АҚШ. D) КСРО мен АҚШ. E) Ұлыбритания мен Франция. 14. ХХ ғ. басында дүние жүзі халқының саны шамамен: A) 1 млрд 656 млн адам. B) 2 млрд адам. C) 500 млн адам. D) 2,5 млрд адам. E) 1 млрд адам. 15. Рим билеушісі Цезарьды өлтіргеннен соң жеке дара билік үшін күрес кімдердің арасында болды? A) Нерон мен Траянның. B) Антоний мен Октавианның. C) Лукул мен Бруттың. D) Помпей мен Красстың. E) Октавиан мен Клеопатраның. 16. Англияда феодалдық құрылыстың орнаған уақыты: A) XII ғасыр B) VIII ғасыр C) IX ғасыр D) X ғасыр E) XI ғасыр 17. ХІ-ХІІІ ғасырда Үндістанның солтүстігін жаулап алғандар: A) Христиандар. B) Түріктер. C) Монғолдар. D) Қытайлар. E) Мұсылмандар. 18. “Тәңірдің тәлкегі” атты комедияның авторы: A) Джотто ди Бондонен. B) Микеланджело. C) А. Данте. D) Р. Санти. E) Леонардо да Винчи . 19. 1793 жылы қаңтар айында Францияда болған оқиға A) Бастилияны алу. B) Республиканың жариялануы. C) Якобиндік диктатураның құлатылуы. D) Конвенттен жирондықтардың қуылуы. E) Людовик XVІ ғ. басы кесілді. 20. 1848-49 ж.ж. Австрия империясындағы революцияның нәтижесі: A) Помещиктер соты сақталды. B) Ұлттық езгі жойылды. C) Венгрия тәуелсіздігін алды. D) Монархия сақталды. E) Монархия құлады. 21. Осы заманғы генетика ғылымының негізін салушы: A) Мечников. B) Мендель. C) Павлов. D) Герц. E) Дарвин. 22. Веймар республикасының соңғы президентін атаңыз: A) Ф. Эберт. B) М. Эрцбергер. C) П. Гинденбург. D) Г. Лютер. E) И. Вирт. 23. Камбоджада Пол Поттың әскери-террористік диктатурасы құлаған жыл. A) 1981 ж. B) 1988 ж. C) 1978 ж. D) 1979 ж. E) 1987 ж. 24. 1990 ж. ’’Шок терапиясы’’ әдісі алғаш рет қолданған ел: A) Польша. B) Румыния. C) КСРО. D) Венгрия. E) ГФР. 25. ХVІ ғ. ағылшын корольдігінің ’’ең бағалы өнімі’’ A) Темекі. B) Нан. C) Стонок. D) Шай. E) Шұға. 26. II Екатерина саясатының мақсаты: A) Шаруалар жағдайын жақсарту B) Дворяндар үстемдігін жою C) Еуропада үстемдікті орнату D) Сауданы дамыту E) Дворяндар үстемдігін күшейту 27. Герман мемлекеттері бірігіп Герман империясын құрған жыл: A) 1879. B) 1871. C) 1875. D) 1870. E) 1884. 28. Жапонияда өнеркәсіп төңкерісінің аяқталған уақыты: A) XIX ғасырдың 50-жылдары. B) XIX ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басы. C) XIX ғасырдың I жартысы. D) XVIII ғасыр. E) XVII ғасыр. 29. ГФР-ның Конституциясы бекітілген уақыт: A) 1949 жыл 7-қыркүйек. B) 1949 жыл 7-маусым. C) 1949 жыл 7-шілде. D) 1949 жыл 7-мамыр. E) 1949 жыл 7-тамыз. 30. 1949 ж. аяқталған Қытайдағы 20 жылдық азаматтық соғыстың себептері: A) Орталықтандырылған басшылықтың болмауы. B) Шетелдік капиталдың күшеюі. C) Жапонияның интервенциясы. D) Компартия мен гоминьдан арасындағы қарсылық. E) Коминтерннің араласуы.
X