СОЧ_Дүние жүзі тарихы_10

Формат документа: docx
Размер документа: 0.47 Мб




Прямая ссылка будет доступна
примерно через: 45 сек.



  • Сообщить о нарушении / Abuse
    Все документы на сайте взяты из открытых источников, которые размещаются пользователями. Приносим свои глубочайшие извинения, если Ваш документ был опубликован без Вашего на то согласия.


«Дүниежүзі тарихы» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019 жыл
МАЗМҰНЫ
TOC \o "1-3" \h \z \u 1.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты PAGEREF _Toc10623571 \h 32.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар PAGEREF _Toc10623572 \h 33.Күтілетін нәтижелер PAGEREF _Toc10623573 \h 34.Ойлау дағдыларының деңгейі PAGEREF _Toc10623574 \h 45.Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу PAGEREF _Toc10623575 \h 66.Жиынтық бағалауды өткізу ережесі PAGEREF _Toc10623576 \h 67.Модерация және балл қою PAGEREF _Toc10623577 \h 6I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ PAGEREF _Toc10623578 \h 7II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ PAGEREF _Toc10623579 \h 15III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ PAGEREF _Toc10623580 \h 22IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ PAGEREF _Toc10623581 \h 28

Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсатыТоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттарЖалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Күтілетін нәтижелерБілу:
өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын;
мемлекеттің тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін;
әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды;
әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді;
қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын;
адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлем халықтары мен өркениеттерінің негізгі ғылыми теорияларын;
әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді;
дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі.
Түсіну
мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін;
мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін;
мемлекеттік-құқықтық институттарының маңызын;
әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын;
тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын;
әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын;
түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын;
әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді;
тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын;
жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді.
Қолдану
уақыт пен кеңістікте әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттері құрылуын анықтау кезінде;
мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін анықтау барысында;
түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін анықтауда;
әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтау кезінде;
өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады.
Талдау
әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи дамуын;
түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын;
себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін;
тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін;
тарихи деректерді;
этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды;
жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды.
Жинақтау
тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;
әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын;
әлемдік тарихи-мәдени процесс туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды.
Бағалау
түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін;
әлем тарихының ықпалы контекстінде тарихи тұлғалар қызметін;
әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін;
тарихи деректердің шынайылығын; әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.Ойлау дағдыларының деңгейіОйлау дағдыларының деңгейі Сипаттама Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну «Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Қолдану Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау, антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау, ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау, қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру, тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін «мемлекет», «билік», «басқару институты» терминдерін қолдану, дәйекті қорытындылар жасай отырып, араб шапқыншылықтары мен мен крест жорықтарының себептерін анықтау, Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату, социалисттік революциялардың нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру, Қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін «абстракционизм», «модернизм», «постмодернизм», «авангардизм», «футуризм», «кубизм», «сюрреализм», «экспрессионизм», «гиперреализм», «хайтек» терминдерін қолдану, қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау. Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Жоғары деңгей дағдылары Шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау, қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау, өркениеттердің жетістіктерін зерттей отырып, мәдениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалын сипаттау, ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау, ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу, тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру, әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру, әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау, жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау. Деңгейді тексеру үшін
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлуТоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
І 20% 20% 60%
ІІ - 60% 40%
ІІІ - 80% 20%
ІV - 40% 60%
Барлығы 5% 50% 45%
Жиынтық бағалауды өткізу ережесіТоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайларданбасқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білімалушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
Модерация және балл қоюБарлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫI тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минутБалл саны – 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше жауап нұсқаларын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма №* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл
Өркениет: даму ерекшеліктері 10.1.1.2 «Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру Білу және түсіну 1 1 КТБ 6 5 30
10.1.2.2 Шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ТЖ 7 5 10.1.4.2 Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау Қолдану 1 3 ҚЖ 13 10 10.1.4.7 Қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 7 5 10.1.4.8 Өркениеттердің жетістіктерін зерттей отырып, мәдениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалын сипаттау Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 7 5 БАРЛЫҒЫ: - 5 - - 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.1. «Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін ұсынған ғалымдарды белгілеңіз.
А) И.Гердер, Э.Тайлор
B) Геродот, Птоломей
C) А. Бэлл, Т. Эдисон
D) Д. Резерфорд, И. Павлов
1.2. Ағылшын философы А. Тойнби өркениеттердің дамуын қанша кезеңге бөліп көрсетті.
А) 5 кезеңге
B) 4 кезеңге
C) 3 кезеңге
D) 2 кезеңге
1.3.С.Хантингтонның жіктемесі бойынша қазіргі таңда өмір сүріп жатқан негізгі суперөркениеттер санын көрсетіңіз.
А) 5 суперөркениет
B) 6 суперөркениет
C) 7 суперөркениет
D) 8 суперөркениет
1.4.Өркениеттің дамуын тұрпайылық, варварлық, өркениет деп үш кезеңге бөлген ғалымды көрсетіңіз.
А) Л.Морган
B) Ф.Энгельс
C) А.Тойнби
D) Н.Я. Данилевский
1.5. Қазақ өркениеті қандай өркениеттердің қосындысынан қалыптасқандығын анықтаңыз.
А) түркілік және мұсылман өркениеттерінің
B) батыстық және шығыстық өркениеттердің
C) латынамерикалық және африкалық
D) Австралия мен мұхиттық аралдардың тұйық өркениеті
[5]
2. Өркениеттің кезеңдері бойынша шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты көрсетіңіз.
Өркениеттің кезеңдері Негізгі шаруашылық түрі Шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланыс
1. Дәстүрлі қоғам шаруашылық түрі: ауылшаруашылығы (егіншілік) 2. Өтпелі қоғам ауыл шаруашылығы (егіншілік) сонымен қатар жаңа әлеуметтік сословие буржуазияның пайда болуы нәтижесінде мануфактуралық өндірістің дамуы 3. Өнеркәсіптік революциялармен және оның артынан әлеуметтік-экономикалық саяси жаңарулар жүретін «жылжу» кезеңі зауыт, фабрикалардың өркендеуі, аграрлы шаруашылық 4. Ғылыми-техникалық революция индустрия, тауар-ақша қатынастары, аграрлы шаруашылық 5. Жоғары деңгейдегі бұқараның тұтыну дәуірі әлемде адам санының артуымен байланысты тауар өндірудің мега деңгейге көтерілуі [5]
3. Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың қызметін сипаттап, рөлін анықтаңыз.
Халықаралық экономикалық ұйымдар Қызметі Әлемдік экономиканың дамуындағы рөлі
Халықаралық валюта қоры Халықаралық жаңғыру және даму банкі Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім Еуразиялық экономикалық одақ Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) [10]
4. Вьетнам және Ауған соғыстарының ерекшеліктерін және салдарларын кестеге толтырып, қорытынды жасаңыз.
Вьетнам соғысы (1965-1973 жж) Ерекшеліктері Ауған соғысы (1979—1989жж)
1. 1.
Салдары
1. 1.
Қорытынды:
[5]
5. Өркениеттердің жетістіктерін жазып, өркениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалына дәлелдер келтіріңіз, қорытынды жазыңыз.
Батыс өркениеті Шығыс өркениеті
өркениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалы
1.
2.
қорытынды
[5]

Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша мәлімет
1 А
1.2. А
1.3. D
1.4. А
1.5. А 5 2 1-кезең. Дәстүрлі қоғам.
техникалық жағынан мешеу, экономикасында ауыл шаруашылығы ғана болмашы дамыған, сословиелік-таптық құрылымдағы және ірі жер иелері билік құрған аграрлық қоғам 5 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
2-кезең. Өтпелі қоғам
дамудың бұл кезеңінде елеулі өзгерістер болды, ауыл шаруашылығы өркендеді, қызметтің жаңа түрі кәсіпкерлік және онымен айналысатын іскер адамдар пайда болды. Орталықтандырылған мемлекет құрылып, ұлттық өзіндік сана өсті. 3-кезең. Өнеркәсіптік революциялармен және оның артынан әлеуметтік-экономикалық саяси жаңарулар жүретін «жылжу» кезеңі.
зауыт, фабрикалар өркендеп, буржуазиямен қатар жаңа әлеуметтік тап-жұмысшылар қалыптасты. Индустриялық әлеует күшейіп, аграрлық шаруашылық өзінің позициясынан айрылды 4-кезең. Ғылыми-техникалық революция.
ғылыми-техникалық революция революцияға байланысты ауыл шаруашылығындағы еңбек ететіндер саны қысқарғанымен, өнімділік арта береді 5-кезең. Жоғары деңгейдегі бұқараның тұтыну дәуірі
негізгі белгілері қызмет көрсету аясының елеулі өсуі, тұтыну тауарларын өндіру мен экономиканың негізгі секторына айналуы. 3 Халықаралық экономикалық ұйымдар Қызметі Әлемдік экономиканың дамуындағы рөлі
Халықаралық валюта қоры әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын халықаралық ұйым. валюта-қаржы саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа және дүниежүзілік сауданы дамытуға жәрдемдеседі.
Халықаралық жаңғыру және даму банкі мүше мемлекеттерге басымдылықтарды белгілеуде, қоршаған ортаны қорғаудың ұйымдық құрылымын жасау және бағдарламаларын орындауда көмек көрсетеді саяси диалогті қалыптастырып, техникалық көмек көрсетеді, ғылыми зерттеулер жүргізіп, қаражаттық көмекті үйлестіреді
Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім әлемдік сыртқы саудадағы баға мен тарифтерді тағайындау мен реттеу қызметтерін атқарады сыртқы экономикалық қызмет саласында тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сатып алу-сату шарты заңдылықтарын реттейді.
Еуразиялық экономикалық одақ еуразиялық интеграция қатысушы-мемлекеттердің орнықты экономикасын нығайтуға, олардың нарықтық әлеуетін арттыруға бағытталады одақ арасында қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржыны азайту арқылы тауарлар құнын төмендетуді қарастырады
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылады Әлемдік мұнай бағамының тұрақтылығын сақтау мен баға коэффицентін тағайындауды үйлестіреді
10 Әрбір экономикалық ұйымның қызметін дұрыс сипаттап, әлемдік экономиканың дамуындағы рөлін дұрыс анықтаған жағдайда 2 балл беріледі.
Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
4 Вьетнам соғысының ерекшеліктері
Бастапқы кезде Оңтүстік Вьетнамда азаматтық қақтығыстан басталып, көптеген жылдарға созылып, соғысқа тек қана солтүстік Вьетнам емес, Қытай мен КСРО, АҚШ пен СЕАТО ұйымы араласуға мәжбүр болды. Сол кезде Лаос пен Камбоджада болып жатқан азаматтық соғыстарымен Вьетнам соғысы шиеленісіп, осы Оңтүстік-Шығыс Азияның аймағындағы 1950-жылдардың соңынан 1975 жылға дейін болған әскери қақтығыстар жалпылай Екінші Үнді-Қытай соғысы атымен белгілі болды. 5 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады

Ауған соғысының ерекшеліктері
(27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. Вьетнам соғысының салдары
АҚШ 1964 жылдың 5 тамыздан 1968 жылдың 31 қазанға дейін 3243 самолетін жоғалтты. Осы уақыт ішінде 143 американ соғыс кемесі суға батырылды және істен шығарылды. АҚШ-тың Вьетнамда өлген және жараланған әскерлерінің саны 1969 жылдың орта шенінде американ соғыс командованиесінің ресми мәліметі бойынша 280 мың адамға жетті. Ауған соғысының салдары
КСРО Ауған соғысында 15031 жауынгерінен айрылды. 417 жауынгер із-түссіз жоғалып кетті. КСРО соғысты жүргізуге орасан зор шығын шығарды. Ауғанстанның адам шығындары 243,9 мың адамды құрады. Қорытынды
Вьетнам және Ауған соғыстарының сипаты локальдық қақтығыстарға жатады. Екі саяси жүйе капитализм мен социализмнің әлемге ықпал ету үшін күресі өзге халықтардың жағдайын нашарлатты. 5 Батыс өркениеті
Батыc өркениеті еуропалық техногенді мәдениетпен теңестіріледі. Техника мен ғылыми жетілген технологиялар еуропа өркениетінің мүмкіншілігін арттырды. 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
Шығыс өркениеті
Дүниежүзіндегі алғашқы университет Шығыста ашылды. Төрт ұлы жаңалық – қағаз, құлабыз, оқ-дәрі, әлемнің гелиоцентрлік жүйесі - алдымен шығыста пайда болды. 1 Өркениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалы
Батыста жасалған ғылыми-техникалық революциялардың жетістіктерін Шығыс өркениеті елдері қолданып келеді.
Жапонияда «Шығыстық-дәстүр, Батыстық-техника» деген даму жолы болды. 2 Қорытынды
Батыс пен Шығыс адамзат мәдениетінің екі тармағы, екі өркениеті, екі түрлі өмір сүру ұстанымы. Олар бір-бірінен рухани да, материалдық та құндылықтарымен ерекшеленіп, алшақтағанымен осы екеуі әлемді тұтас бір өркениет ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 1 Барлығы 30 II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫII тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше жауап нұсқаларын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма №* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл
Этникалық және әлеуметтік процестер 10.2.1.1 Антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау Қолдану 1 1 ҚЖ 6 5 30
10.2.2.2 Ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау Қолдану 1 2 ҚЖ 6 5 10.2.2.4 Ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ТЖ 6 5 10.2.2.6 Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 7 5 10.2.3.3 Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру Қолдану 1 5 ҚЖ 15 10 БАРЛЫҒЫ: - 5 - - 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
ІI тоқсан бойынша жиынтық бағалау таырмаларының сипаттамасы
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
№ Сұрақтар Жауап
1 Адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының саласы қалай аталады? 2 Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық теориясының негізін салушы кім? 3 «Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек» деп тұжырымдаған еңбек теориясының авторы кім? 4 Адамдардың пайда болған жерін, уақытын, нақтылы ата-тегін, адамдардың алғашқы қоғамының және сөйлеуінің дамуын т.б. зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? 5 Адам дамуының соңғы сатысындағы қазіргі адамдар шамамен қашан пайда болды? [5]
2. Кестені толтырыңыз.
Ұлтаралық жанжалдар Ұзақ мерзімді себептері Қысқа мерзімді себептері
Үнді-Пәкістан жанжалы 1. 1.
Палестина-Израйль қақтығысы 1. 1.
Ұлтаралық қақтығыстың салдары
[5]
3. Ұлтаралық қатынастарды реттеудегі БҰҰ қызметінің тиімділігін және тиімсіздігін мысалдар келтіре отыра көрсетіңіз.
ТИІМДІ+
ТИІМСІЗ-
1. 1.
2. 2.
Қорытынды
[5]
4. Мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз
Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея - мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар. Ортақ ордамыз – Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат. Сонда ғана «Қазақстан-2050» стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы – қоғамдық келісімнің маңызды тетігі» деген тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Ойыңызды дәлелдеңіз.Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің кепілі болды ма? Дәлел келтіріңіз.
«Ел бірлігі доктринасы» мемлекеттік құжатының бейбітшілік, келісім мен толеранттылықты қамтамасыз етудегі маңыздылығына баға беріңіз.
[5]
5. Үнді қоғамындағы әлеуметтік жіктелудің каста өкілдері үшін оң және теріс жақтарын кестеде көрсетіңіз.
Каста өкілдері үшін әлеуметтік жіктелудің әсері
Оң әсері Теріс әсері
1. 1.
2. 2.
3. 3.
4. 4.
Қортынды ой-түйін
1
2
[10]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша мәлімет
1 1. Антропология 1 2. Ч. Дарвин 1 3. Ф.Энгельс 1 4. Антропогенез 1 5. 40-35 мың жыл бұрын 1 2 Үнді-Пәкістан жанжалының қысқа мерзімді себебі2016 ж Үнді-Пәкістан шекарасында атыс орын алды. Екі ел арасындағы жағдай 29 қыркүйекке қараған түні үндістандық әскери базаға белгісіз біреулер жасаған шабуылдан кейін ушығып кетті. Сол кездегі қырғыннан 19 үнді жауынгері қаза тапқан болатын. Нью-Дели «бұл Пәкістан аумағында әрекет ететін содырлардың ісі» деп лаңкестікке қарсы операция өткізген еді. Индия үкіметі Пәкістан тарапын экстремизмді қаржыландырушы деп айыптады. Шекара маңындағы бұндай қақтығыстар жиі орын алып тұрады. 1 Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
Үнді-Пәкістан жанжалының ұзақ мерзімді себебі 1947 жылға дейін Ұлыбританияның отары болып келген бұл өңір Үндістан және Пәкістан деген дара-дара мемлекетке бөлінді. Сол бөліністің нәтижесінде, негізінен, мұсылмандар тұратын Джамму мен Кашмир штатының үштен екі бөлігі Үндістанның, қалған бір бөлігі ғана Пәкістанның еншісіне тиді. Мұны Пәкістан жағы әділетсіздік деп қабылдады. Міне, содан бері осы территорияға байланысты екі мемлекет арасында жиі дау-жанжал туып, оның аяғы қарулы қақтығысқа ұласып тұрады. 1 Палестина-Израиль қақтығысының қысқа мерзімді себебі
Саяси себептердің қатарына діни алауыздық қосылды. Діни және ұлттар арасындағы түсініспеушіліктің ушығуы 1 Палестина-Израиль қақтығысының ұзақ мерзімді себебі
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін БҰҰ Палестина аумағында екі мемлекетті Палестинаны және Израилді құру туралы жоспарлады, 1948 жылы осы жоба негізінде Израиль мемлекеті құрылды. Арабтар Палестинаны арабтардың жері деп есептеп, еврей мемлекетінің құрылуына қарсы болды, бұл көп ұзамай осы күнге дейін шешімін таппай келе жатқан Палестинадағы арабтар мен еврейлер арасындағы қақтығыстарға әкелді. 1
Ұлтаралық қақтығыстардың салдары жанжалдар барсында әскери операциялар ұйымдастырып, зымырандармен атқылауы бейбіт тұрғындардың қырғынға ұшырауына себепкер болды. 1 3 Ұлтаралық қатынастарды реттеудегі БҰҰ қызметінің тиімділігі
50-жылдары Таяу Шығыста өрістеген араб елдері мен Израиль арасындағы қақтығыстарды тоқтатуға ұйымның сіңірген еңбегі үлкен болды, 1960 ж Конгода күшейген азаматтық соғысты тоқтатып, елде бейбітшіліктің орнығуына күш салды.
Оңтүстік Африкада орын алған нәсілшілдікке қарсы тиімді іс-шаралар жүргізді. 2 Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
Ұлтаралық қатынастарды реттеудегі БҰҰ қызметінің тиімсіз тұстары
Әлемде орын алған жанжалдар басылмай уақыт өткен сайын күшейіп бара жатыр, БҰҰ әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшіліктің кепілі болудан қалып бара жатыр.
Империалистік мемлекеттер әлемнің әр түкпірінде соғыстар жүргізуде және өздеріне ұнамаған саяси режимдерді құлатып, тұрақтылықты бұзып жатыр, осы ретте БҰҰ дәрменсіздік танытып жатыр. 2 ББҰ сияқты ұйымның болуы өте маңызды деп санаймын. Халықаралық тәртіпті реттеуде оның үлесі зор. 1 4 Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Дәлел
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық, 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. 2 Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады

Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетінің қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта тұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады.
Дәлел
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің Отаны болып отыр. 2 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның «Ел Бірлігі Доктринасы» қабылданды. Қазақстанның «Ел Бірлігі Доктринасы» – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді – соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. 1 5 оң әсері
Әр кастаның мүшесі қоғамда өз мойнына белгілі бір міндеттерді иеленіп, қызмет атқарады
Әр каста мүшесі өз ережелері мен тәртібіне мүлтіксіз бағынады, мемлекет заңдарына бағынады
Кшатрийлер кастасы ғасырлар бойы елді қорғау мен мемлекеттің қауіпсіздігі мәселесімен айналысып келеді
Брахмандар мемлекеттегі діни біртұтастықтың кепілі болып отырды 4 Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
теріс әсері
Үнді қоғамында касталық бөліну әлеуметтік жіктелумен пара-пар, жоғарғы касталар ерекше құқықты иеленеді, саяи-қоғамдық өмірге белсене араласады.
Төменгі касталар елдегі қара жұмысты атқаруға мәжбүр, олардың әлеуметтік деңгейі өте төмен болды.
Касталар арасында қатаң иерархия сақталады, касталар арасында некелік қатынастарға жол берілмейді.
Аластатылғандар деген атқа ие болған үнді қоғамында кастаға кірмейтін топ кедейшіліктің ең төменгі деңгейінде өмір сүріп, ең лас жұмыстарды атқарып қайыршылық күн кешеді. 4 Қорытынды ой-түйін
Үнді касталары қазіргі қоғам үшін қажеті жоқ баяғы ортағасырлық ескіліктің жұрнағы болып отыр.
Касталар үнді қоғамының дамуына кедергі болып отырған басты фактор деген тұжырымды айтатын саясаткерлер де бар. 2 Барлығы 30 III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫIII тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше жауап нұсқаларын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма №* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл
Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан 10.3.1.1 Тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін «мемлекет», «билік», «басқару институты» терминдерін қолдану Қолдану 1 1 ҚЖ 7 5 30
10.3.2.6 Дәйекті қорытындылар жасай отырып, араб шапқыншылықтары мен мен крест жорықтарының себептерін анықтау Қолдану 1 2 ҚЖ 7 5 10.3.2.10 Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату Қолдану 1 3 КЖ 7 5 10.3.2.12 Тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру Жоғары деңгейдегі дағдылар 1 4 ТЖ 10 8 10.3.3.6 Социалисттік революциялардың нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру Қолдану 1 5 КЖ 9 7 БАРЛЫҒЫ: - 5 - - 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
ІII тоқсан бойынша жиынтық бағалау таырмаларының сипаттамасы
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен III тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Берілген сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешіңіз.
Бұдан 5000 жыл бұрын пайда болған ең алғашқы мемлекет.
«Мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамиды» деп тұжырымдайтын теория.
Мемлекеттік басқару институтының төрт формасын «патшалық, аристократиялық, олигархтық, демократиялық) көрсеткен ежелгі грек ойшылдарының бірі.
Б.з.д. V ғасырда пайда болған тұңғыш демократиялық мемлекет.
[4]
«Мемлекет», «билік», «басқару институты» терминдерін қолданып, тарихи оқиғалар мен процестерді бір сөйлеммен түсіндіріңіз.
[1]
2. Кестеде араб шапқыншылығы мен крест жорықтарының себептерін анықтаңыз.
Крест жорықтары Араб шапқыншылықтары
Саяси себептер Экономикалық себептер Ортақ себептері [5]
«Наполеон кодекстерінің» мәнін анықтап, кестені толтырыңыз.
Наполеон соғыстары барысында Франция тарапынан жаулап алынған мемлекеттерде «Наполеон кодекстері» енгізілді. Оның мәні неде?
[1]
Наполеон жорықтарының нәтижесінде Еуропадағы өзгерістер
саяси өзгерістер
экономикалық өзгерістер
Наполеон соғыстарының салдары
[4]
І және ІІ дүниежүзілік соғыстардың жеке және ортақ себептері мен салдарын анықтаңыз.
І дүниежүзілік соғыс себебі ІІ дүниежүзілік соғыс себебі
Ортақ себептері
1
2
Салдары
І дүниежүзілік соғыс себебі ІІ дүниежүзілік соғыс себебі
Ортақ салдары
1
2
[8]
5. Ресейдегі социалистік революцияға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.
1917 жылы Ресейде болған социалистік революцияны атаңыз.
Осы революциядан кейін әлем қандай екі лагерьге бөлінді?
Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі болды ма? Өз жауабыңызға үш дәлел келтіріңіз.
[7]

Балл қою кестесі
Тапсырма
№ Жауап Балл Қосымша мәлімет
1 Египет
Теологиялық
Протагор
Афины 4 Мемлекеттер тарихи кезеңдерде жаулаушылық соғыстардың салдарынан немесе шағын қалалардың бірігуінен пайда болды. Мемлекеттегі билік пен басқару институттары сол кездегі тарихи оқиғалардың желісінде өзгеріп отырды. 1 Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
2 Крест жорықтарының саяси себептері
Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. 1 Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
Араб шапқыншылықтарының саяси себептері
Жаңадан құрылған араб мемлекетінің біртұтастығын нығайту және жаңадан қалыптасқан дінді өзге халықтарға тарату мақсатында жорықтар ұйымдастырылды. 1 Крест жорықтарының экономикалық себептері
Еуропада адам санының көбеюіне байланысты жердің тапшылығы күшейді. Осы мәселені шешу үшін шығысқа жорық ұйымдастыру көзделді. 1 Араб шапқыншылықтарының экономикалық себептері
Жаңа аумақтарды игеру арқылы шаруашылық кеңістігін кеңейту, Ұлы жібек жолына үстемдік жүргізу 1 Ортақ себептері:
Дінді тарату және жерлерді иелену 1 3 «Наполеон кодекстері»
Бұл заңдар нарықтық қоғамның жаңа әлеуметтік тобы буржуазияның мүддесі мен жеке меншікті қызғыштай қорғады. Еурпада өндірістік қатынастар жанданып, тауар ақша қатынастары артты. 1 Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
экономикалық өзгеріс
Жүздеген жылдар бойы қоғамда үстем болған феодалдық қатынастарға соққы беріліп, капиталистік қатынастар жандана бастады, еркін сауданың дамуына мүмкіндіктер беріліп, тауар-ақша қатынастары жанданды. 1 саяси өзгеріс
Наполеон соғыстарының нәтижесінде Еуропаның саяси картасы адам танымастай өзгерді, Бонапарт бүкіл батыс Еуропа мен Польшаны бағындырып, Француз империясын құрды. Еуропа елдерінің тақтарында Наполеон әулетінің өкілдері отырды. 1 Наполеон соғыстарының салдары
Наполеон соғыстарының салдары Еуропа құрылығына едәуір ауыртпалықтар әкелді, демографиялық ахуал құлдырады, шаруашылық пен өндірістің көлемі төмендеді.
Соғыстың нәтижесінде Еуропада 2 млн-ға жуық адам қаза болды. 2 4 І дүниежүзілік соғыстың себебі
Соғыстың тұтануына 1914 ж Австрия-Венгрия тағының мұрагері Франц-Фердинандтың Сараево қаласында өлтірілуі түрткі болды.
ІІ дүниежүзілік соғыстың себебі
Германияның бұрынғы құдіретін қайта қалпына келтіру арқылы кең байтақ Еуразия құрылығын неміс халқының игілігіне қызмет жасату мақсатында басқыншылық жорықтарды жүзеге асыру.
Ортақ себебі
1. Ірі мемлекеттердің әлемді қайта бөліске салуға ұмтылуы
2. Ірі мемлекеттер адами ресурстар мен табиғи ресурстарға ие болуға тырысты. 4 Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
І дүниежүзілік соғыстың салдары
8 млн адам қаза болды. Еуропаның ескі империялық құрылыстағы мемлекеттері ыдырады.
ІІ дүниежүзілік соғыстың салдары
Жалпы әлемде 70 млн шамасында адам осы соғыста қаза болса, оның 27 млн-ы КСРО тұрғындары болды. Соғыс Еуропа елдеріндегі өндіргіш күштер мен шаруашылықты қиратты.
Ортақ салдары
1. Соғыс Еуропа елдеріндегі өндіргіш күштер мен шаруашылықты қиратты.
2. Екі соғыстан кейінгі адам шығыны өте көп болды 4 5 Қазан революциясы. 1 Әлем екі лагерге бөлінді: социалистік және капиталистік лагер. 2 Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі болды.
1-дәлел. социалистік революция Ресейдегі ғасырлар бойы қалыптасып, үстемдік етіп келе жатқан әлеуметтік жікке бөлінудің негізіне соққы берді.
2-дәлел. билікке келген большевиктер партиясы әлеуметтік жікке бөлінуді жою мақсатында елдегі бай-таптардың дүние-мүлкін тәркілеп, түрмеге қамады, жер аударды. КСРО халықтары тек қарапайым шаруалар мен жұмысшы және интелигенция өкілдері болды.
3-дәлел. Конституцияда көрсетілген адам құқықтары мен бостандықтары тек қағаз жүзінде қалды, биліктің біржақты сыңаржақ шешімін сынау мүмкін болмады, еркін ойдың иелері жазалауға ұшырады. 4 Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
Барлығы 30 IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫIV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше жауап нұсқаларын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
ІV тоқсан бойынша жиынтық бағалау таырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма №* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл
Мәдениеттің дамуы 10.4.1.4 Әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру Жоғары деңгей дағдылары 1 1 ТЖ 7 5 30
10.4.2.1 Қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін «абстракционизм», «модернизм», «постмодернизм», «авангардизм», «футуризм», «кубизм», «сюрреализм», «экспрессионизм», «гиперреализм», «хайтек» терминдерін қолдану Қолдану 1 2 ҚЖ 10 8 10.4.2.3 Әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ТЖ 8 6 10.4.3.3 Қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау Қолдану 1 4 ҚЖ 7 5 10.4.3.5 Жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 8 6 БАРЛЫҒЫ: - 5 - - 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Тұжырымдардың дұрыс немесе дұрыс еместігін анықтаңыз. Дұрыс болмаған жағдайда өз жауабыңызды көрсетіңіз.
Тұжырымдар Келісемін Келіспеймін Өз жауабым
1.Еуропада алғаш рет мұражайдар XVI-XVIII ғасырларда пайда болды 2.Қайталанбас өнер туындыларын тамашалу үшін халық ең көп жиналатын Францияның ұлттық мұражайы-Лувр 3. АҚШ-тағы ең үлкен мұражайлардың бірі Эрмитажға жылына 10 млн адам келеді 4. Мұражай негізгі бaғыты мен ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи мұражайлар, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы 5. Каир мұражайын француз сәулетшісі Марсель Дюнонның жобасы бойынша 1900 жылы тұрғызылған. Мұражайда сонау Грек-Роман кезеңінен бергі өнер туындыларының 120000 үлгісі қойылған. [5]
2. Қоғамдағы өзгерістерді берілген терминдердің анықтамасын жазу барысында түсіндіріңіз.
№ Терминдер анықтамасы
1 абстракционизм 2 модернизм 3 постмодернизм 4 авангардизм 5 кубизм 6 экспрессионизм 7 хайтек 8 гиперреализм [8]
3. Өнер туындыларының авторын анықтап, сурет арқылы автордың ойын талдаңыз, суреттің жанрын көрсетіңіз.
Суреттер
Суреттің атауы және авторы Автор ойы Суреттің ерекшеліктерін, жанрын анықтаңыз
1-сурет
2-сурет

[6]
4. Қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғалардың ерекшеліктерін кестеде анықтаңыз.
Рухани-адамгершілік құндылықтар саяси оқиғалардың әсерінен қалай өзгерді? Рухани-адамгершілік құндылықтар экономикалық оқиғалардың әсерінен қалай өзгерді? Мәдениет пен ҒТР-ның әсерінен рухани-адамгершілік құндылықтар қалай өзгерді?
Ортақ әсерін көрсетіңіз.
1.
2.
[5]
5. Қазіргі заманда жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсері туралы сұрақтарға жауап беріңіз.
Жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға тигізетін екі оң әсерін анықтаңыз.
Жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға тигізетін екі теріс әсерін анықтаңыз.
Қорытынды ой
[6]

Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша мәлімет
1 Еуропада алғаш рет мұражайдар 16–18 ғасырларда пайда болды (Келісемін) 1 Қайталанбас өнер туындыларын тамашалу үшін халық ең көп жиналатын Францияның ұлттық мұражайы-Лувр (Келісемін) 1 АҚШ-тағы ең үлкен мұражайлардың бірі Эрмитажға жылына 10 млн адам келеді (Келіспеймін) Өз жауабым: Эрмитаж мұражайы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында орналасқан. 1 Мұражай негізгі бaғыты мен ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи мұражайлар, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы (Келісемін) 1 Каир мұражайын француз сәулетшісі Марсель Дюнонның жобасы бойынша 1900 жылы тұрғызылған. Мұражайда сонау Грек-Роман кезеңінен бергі өнер туындыларының 120000 үлгісі қойылған. Мұражайлар ежелгі египет және антикалық экспонаттардың көптігімен ерекшеленеді (Келісемін) 1 2 «абстракционизм»
Қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты қатарды ескермейтін ағым. Абстрактілі өнер шындықты тiкелей керсетпейтiндiктен, оны кейде «затсыздандырылған» деп айтады 1 Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
«модернизм»
XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы 1 «постмодернизм» әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, мағынасы — "модерннен кейінгі", яғни "осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді 1 «авангардизм»
қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым 1 «кубизм»
сурет нәрселерін ерекшеленген шартты геометриялы фигураларды қолдану арқылы стереометриялы қарапайымдылыққа бөлу, шытынауын көрсету. Кубизм суреттерінде басқа бейнелеу ағымдарындағыдай ашық түсті, қанық бояу қолданылмайды, солғын қоңырқай, көк-жасыл түстер қолданылады.
1 «экспрессионизм»
ХХ ғасырдың бірінші ширегінде өркениет жұтаңдығына қарсылық көрсету ретінде пайда болды 1 «хайтек»
ғылым, ақпарат және онымен байланысты жоғары технологиялар, оларға сәйкес білімнің қоғамның өркениеттік дамуы дәрежесін және оның ғаламдық қатынастарға қаншалықты қатыстылығын анықтайтын қазіргі технологиялардың және ғылыми өндірістердің қарқынды дамуы 1 «гиперреализм»
бейнеленген заттың сырт көз аңғара бермейтін тұстарын сол қалпында суреттелуіне немесе әр адамның әр тал шашынан бастап, әр қырына дейін айна-қатесіз сомдалуын талап ететін өнер түрі. 1 3 Суреттің аталуын және авторын анықтаңыз (1-сурет бойынша) 1-суретте «Герника» картинасы берілген. Авторы әйгілі испан суретшісі Павло Пикассо. 1937 жылы салынған 1 Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
Автордың ойы (1- сурет бойынша) 1937 жылғы "Герника" атты еңбегінің салынуына солтүстік Испаниядағы соғыстан зардап шеккен қираған үйлердің көрінісі түрткі болыпты. Бұл суреті арқылы Пикассо сол кездегі күшейіп келе жатқан фашизмге наразылық білдіріп, Испанияның республикалық құрылыста өмір сүргенін жақтады. Болашақта туындауы мүмкін соғыс қаупіне алаңдаушылық білдіріп, әлемді бейбітшілікке шақырды. 1 Суреттің жанрын (қай стильге жататынын) анықтаңыз (1-сурет бойынша) Герника суреті өнердегі кубизм стиліне жатады. Сурет әлемдегі халықтар мемлекеттерді бейбітшілікке, соғыспауға үндеуімен идеологиялық маңыздылығымен ерекшеленеді. 1 Автордың ойы (2-сурет бойынша) 2-суретте берілген картинаның атауы «Айқай» (Крик) 1893-1910 жж аралығында үзілістермен салынған. Авторы норвег суретшісі Эдвард Мунк 1 Сурет арқылы автор нені айтқысы келіп отыр? (2- сурет бойынша) Қанды қызыл ымыртта екі қолымен басын ұстап айқайға салған адам бейнеленген. Суреттегі адамның бейнесінде қорқыныштың белгісі бар. Бұл арқылы автор келесі ғасырда болуы мүмкін соғыстар мен әлемдегі жантүршігерлік оқиғаларды болжап отыр. Автор капиталистік мемлекеттерді өзара түсінісушілік пен бейбіт өмір сүруге шақырды. 1 Суреттің жанрын (қай стильге жататынын) анықтаңыз. Сурет экспрессионизм жанрында салынған. Суреттің негізгі ерекшелігі адамдарды тату-тәтті өмір сүруге, бейбіт өмірге, қақтығыстар мен соғыстарды болдырмауды насихаттауымен тәрбиелік маңыздылығы зор. 1 4 Рухани-адамгершілік құндылықтар саяси оқиғалардың әсерінен қалай өзгерді?
Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан және әлемде қалыптасқан жаңа әлемге ықпал ету бойынша «Қырғи-қабақ» соғыстың алдын алу мақсатында әлемде бейбітшілікті жақтайтын, зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған, мемлекеттерді қарусыздануға шақырған, ұлттарды тату-тәтті өмір сүруге үндеген пацифистік көңіл күй өрістеді. Әлем халықтары отарсыздану деген үндеуге қосылып, отар халықтардың тәуелсіздікке қол жеткізуіне қосылды. Әйел адамдардың теңдігі мен қоғамдағы белсенділігі жолындағы қозғалыс феминизм өрістеді. 1 Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
Рухани-адамгершілік құндылықтар экономикалық оқиғалардың әсерінен қалай өзгерді?
1929-1933 жж болған экономикалық дағдарыс, 70-жылдары орын алған мұнай дағдарысы әлем тұрғындарын азық-түлікті, қуат көздерін үнемдеуге итермеледі. Еуропада тұтынатын заттарды үнемдеу теледидарға насихатталып жатты. Отбасы құндылығына үлкен соққы тиіп, Батыс елдерінің азаматтары тұрмыс пен материалдық жағдайды басты орынға қойды, бұның салдары ауыр болып, Еуропада демография құлдырауға ұшырады. Адамдар отбасы құрып, балалы болуға асықпайтын болды. 1 Мәдениет пен ҒТР-дың әсерінен рухани-адамгершілік құндылықтар қалай өзгерді?
Музыка мен киноиндустрия бұқаралық сипатқа ие болып, бұқараның жеңіл-желпі сұраныстарын орындады, мағыналы бейнелі кино музыка туындылары азайып кетті. Аға буын мен кіші буын арасындағы рухани құндылықтың өлшемі жер мен көктей болды. Ешбір талғамы жоқ, көпшіліктің ғана сұранысын өтеуге жарамды жеңіл-желпі туындылар жастардың тәрбиесіне теріс әсерін тигізіп отыр. 1 Оқушы өзінің қорытынды ой-түйінін жасайды 2 5 Жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға тигізетін екі оң әсері
1. Әлем елдері арасында мәдени байланыстар орнатуға мүмкіндік береді, мәдени, білім, ғылым жолындағы даму даңғылында әлемдегі озық тәжірибелермен алмасуға таптырмас мүмкіндіктер береді.
2. Әлемнің озық ойлы либералдық құндылықтарын (жауапты азаматтық позиция, адалдық, әділеттілік) қабылдауға болады
Жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға тигізетін екі теріс әсерін дұрыс анықтайды
1. Оларға нарықты билеу, өзімшілдік, материалдық байлықтың артынан дамылсыз қуу, руханисыздық, адамдарды жəне қоғамдық қатынастарды билеп-төстеуге құмарлық жатады.
2. Қазіргі замаңғы батыс мəдениетінің көрінісі адамдыққа қарсы əрі əділетсіз сипат алып отыр. Аз санды әлсіз ұлттар күшті халықтардың арасына жұтылып, сіңіп кету қаупі туындап отыр
Өзіндік қорытынды
Жаһандану барысында осы үдерістің жақсы тұстарын меңгеру ғылым мен білім саласындағы қатынастарды жандандыру қажет
Аз санды халықтар өздерінің ұлттық біртектілігін сақтап қалу үшін жаһанданудың теріс тұстарына қарсы тұра білу керек, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды жаңғырту қажет
6 Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
Барлығы 30
X