Кенесова Назира МВ-19-1,философия реферат

Формат документа: docx
Размер документа: 0.03 Мб





Прямая ссылка будет доступна
примерно через: 45 сек.



  • Сообщить о нарушении / Abuse
    Все документы на сайте взяты из открытых источников, которые размещаются пользователями. Приносим свои глубочайшие извинения, если Ваш документ был опубликован без Вашего на то согласия.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Машина-жасау факультеті
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Философия-дүниетанымның бір бөлігі ретінде.
Орындаған:Кенесова Н.Т
Топ:МВ-19-1
Тексерген:Аубакиров Е.Ж

2020
1. КІРІСПЕ
Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын,жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол - дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде - Қытайда,Индияда, т. б. елдерде, көйінірек антика дәуірінде Греция топырағында қалыптаса бастаған.
Бірақ оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынанмүлдем өзгеше жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, бір географиялық ортаментікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштер сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрган жоқ.
Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нөтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерпі, құрал-саймандарқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады, Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның объектісін дө және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді қажет етеді.
Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөліегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштер қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзініңмүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сарт көзбен қарай алады. Бұл,
әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай. Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл өлем, тұтас дүние туралы,
ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары - дүние және адам. Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір бірімен жаңа байланыстақаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.
Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, ушіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.
Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп,санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады.
Сенім дегеніміз -дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істегенісінө, ұмтылған мұрат-мақсатына деген бөріктігі. Сенімі берік адамың көзқарасы, дүниетанымы ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниөтанымынақты, ісі қонымды, багыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мөдени ортаға төуелді. Дүниегекөзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп болады.Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық діни және ғылыми көзқарастар, материалистікжәне идеалистік агымдар араласып жатады.
Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық жәнефилософиялық түрлері қалыптасты.Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы - миф.
Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар. Ежелгі миф-аңыздар алғашқыадамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рөміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді.
Ағылшын тарихшысы Э. Б. Тайлор мифтердің мынадайтүрлерін атап өтеді:
1. Философиялық немесе түсіндірмелік;
2. Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтар,
3. Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтөр;
4. Фантастикалық және метафоралық мифтер;
5. Саяси-әлеуметтік және тұрмыстық мифтер.
Мифологиялық дүниетанымның кіндігі - кеңістік пен уақытты адаммен жақындастыру талпынысы бағдары. Мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың арасынд алшақтық жоқ болды. Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Миф - адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебінашпайды. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мөн дүниөнің дәнекеріболған. Сонымен, мифологиялық адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғарыдәріптелді. Егіншілік пен бақташылық тіпті, қолөнердің өзі ежелгі дәуір мәдениетінен табигат пен
сырлас болуды талап етті. Скиф - сақ өркенметіндегі аң стилі, қытайдың инь, ян бастамалары,Египет пен Шумердегі өліп, қайта тірілген құдай туралы аңыздар табиғат пен үйлесімділік шақыратын рәміздер
Түрік халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай бейнеленеді: жеті қабат Жер бар,онда Көктөбе тұр, Көктөбеде Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп түр. Бұл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас: Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі - алып бәйтерек.Дүниежүзілік ағаш таңбасы өрлөмдік қозғалысты, жер мен аспанның тығыз байланысын білдіреді.Осы биік бәйтеректен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі оның жоғары және орта дүниемен байланыстыруында. Тірілерәлемі өткен кезбен, аруақтармен қатынасын үзбейді. Көктеректің тамырлары жер астындаорналасқан. Жасыл-желек өмірлік ағаш күш-қуат нәрді төменгі дүниеден алады
1.Философия дүниетаным ретінде
Өндіргіш күштердің өркендеп, алғашқы қауым өндірістік қатынастардың шеңберінен шығып байланысты құлдық қоғам бел алып, адамзаттың өркениетті дамуының ілгері басқан бір қадам жасалынды. Апайда, қоғам өркениеттің дамуы барысында жері болса да адамгершілік тұрғысынан алғанда кері болды. Өйткені, адамды адам қанауының жексұрын түрі пайда Болды. орнын иеленушілік басты. Сонысына қарамай,даму, философиялық дүниетанымның пайда болып қалыптасуы үшін күпдық қоғам ғана тигізді, себебі тек осы кезеңде ғана ой еңбегі дененбегінен ақырап адамдардың озық ойлы билігі дене еңбегінен босатылып, бірыңғай білім мен, философиямен айналысуға мүмкіндік алды. Әрине ,ол адамдар негізінен үстем тап болатын. Осы кезеңде философиялық дүниетаныммифология мен дінге қарсы қалыптаса бастады. Адамдар өздерінің ақыл-ойларының өсу дәрежесіне сәйкес іздерін табиғаттан, қоғамнан ажырата алатын, өздерінің дербес тіршілік иесі екендігін пайымдай алатын, мақсат-мүдделерінің табысқа жету - жетпеуі табиғат өз қалпында танып іс жүзінде игеру дәрежесіне тікелей екендігін түсіне бастады. Олардың бұндай жандайғажетуіне философиялық дүниетанымның аз болган жок,
"Философия" гректің " филео " жене "софия" деген сөздерінен құралған. Қазақша мағынасы - "даналыққа құштарлық". Бұл сездің шығу тегі жөнінде мынадай аңыз сақталған. Көне Грецияда бір гулама ізін "данышпан" деп атай берген адамдардан ыңғайсызданып "мен тек даналыққа құштар ғанамын" - десе керек. Алайда философияның ''даналыққа құштарлық'' деген мағына де тегін емес. Себебі, философия арқылы кене Грецияда дүние, жаратылыс, адамдар мен қоғам туралы барлық ілімдер мен жиынтығын атайтын болган. Философия - да, танымдық жанынан:да езінің тужырымдарын, қағидаларын ғылыми логикалық дәлелдеулерге негіздейтін ерекшедүниетаным. Ол онысының өзімен-ақ жаратылыстан тыс нелеріне" деген соқыр сенімгежетелейтін мифология мен діни дүниетанымның айрықша ерекшеленеді. Сайып келгенде.
философиялық дүниетаным деп алемге, табиғатқа, қоғамға және олардың, арақатынастары туралықалыптасқан ең жалпы көзқарастар жиынтығын айтамыз. Философиялық дүниетаным жеке адамдар, топтар мен партиялар ушін, тб. өмір салаларында басшылық,бағдарламалық міндет атқарады, қоғамның ілгері даму жолдарын негіздеудің теориялық астар алады.
Философия адамдарды көкжиегі кең, шаңырағы биік дүниетанымдық кезқарастарменқаруландырып болмысқа көзін ашады. Бұл кезде ол адамгершілік орайында қызмет атқарады:Әсіресе, елім мен өмір мәселесін зерделегенде елімнен пенде жоқ. Бұл мәселе Қорқытпен Абай аралығында да күн тәртібінің түскен емес. Ал бұл қорқыныш өз кезеңінде болашақтың үзіп торығуға, құсалыққасоқтырады. Мысалы, орыстың атақты ойшыпы Н. А. Бердяев омір бойы құсалықтан арылаалмағандығын және торығудың әлсіретуге философиямен көп пайдасын тигізгені туралы айтады. Бұл дегеніміз әрине, философия мәңгілік өмір сыйлайды деген сөз емес
Бірақ та оп елімнің табиғи екендіпін, емірдің заңды жалғасы екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе туралы Жүсіп Баласағұни де, Абай да ойлар айтқан. Өлімге деген салқынқанды көзқарас орнықтырып, адамдардың рухын бектуге, қазаны қасқая қарсы алуға үндеген. Ғұмыры шектеулі (қазақ "қамшының сабындай" қысқа) пенденің менгілікті армандауы о дүние туралы алып келді.
Философия адамдар үшін мақсат - мұратты ғұмыр кешуге үндейді. Олардан айырылған пенденің ғұмыры баянсыз болады, Бұл орайда Абайдың "адамның баласы бол", "кемел адам бол" деген терең ой - толғаудың нәтижесі деп білеміз,тәжірибелік зерттеулердің нәтижесінде адамдардың есіне-езі қол жұмсауы (суицид) көбінесе осы тылсым селпісіздіктің алдындағы туындайтын торығу сезіміне, мақсат - мұраттарының жоғалуына
байланысты расталынып отыр.
Философия - адамдарға рухани азаттық әпере алатын бірден бір дүниетаным. Сондықтан да оның қағидаларын ыждағаттылықпен меңгеру артық.Олардың негізгісі - қоғамдық мұрат. Бұл жағдайда философия мен саяситәртіптің арасындағы байланыс барынша айқын көрінеді. Философия дүниетаным ретінде мәдени тәрбиеге де зор жасайды. Э. В. Ильенкое жастарды мектеп қабырғасынан бастапдиалектикалық ойлау мәдениетіне үйрету арқылы олардың дүниетанымын қалыптастырып, өмірге құндылықтар жүйесі арқылы дурыс жағдай жасау қажеттілігі туралы баса айығады.Философияның, сонымен қатар, ақпараттық - тусініктемелік қызметі де адамдар дүниетанымынқалыптастыруға ықпал етеді Бұл орайда, ғылыми жаңалықтар болсын, басқа да кекейкестімәселелер болсын, белгілі бір философиялық тұрғыдан түсіндіретін болғандықтан ақпараттық кеңістікті үнемі дұрыс игеріп отыруға деген философияның пайдасын әсте жоққа шығаруға болмайды.
2. Дүниетаным және онын түрлері, типтері, қызметтері
Дүниетаным - бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен
принциптері, бағыттары.
Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен
қатар бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетіпуінің елеулі көрсеткіші.Болашақтағы болмыс шынайылығының ангара отынып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енлізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады.
Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғаргы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән элементтердің қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөлатқарады.
Философияның таным қызметтерінің ұтымды ұғымды мәнерін жөне дүниетаным бағдарын негіздейді: ол деректер мен жиынтығын теориялық ұтындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орташындығына бағыттаумақсатында, сондай ақ шындыққа қатысты тиімдіпікке, адасулар мен ескілік
көзкарастардан арылуға қызмет етеді.
Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның қоғамдың тұрмыс-піршіпікерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлікжәне іс-арекетінің бағытын анықтайды.Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының тенденциясының дамуын бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын тұрғы негізделсе, онда ол барлық адамзаттыңқызығушылығының және ақиқатты өзгертудің күшті құралы болып табылады
Дүниетаным танымдық тұрғысынан сапаттапса, онда оп объективті дүниенің соншалықты дұрыс және терең бейнелейді, шын және жалған, ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік). Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми негізінде қорытындылар меннегіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп салдарын теориялық сүйенеді.
ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқада құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді. Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық және тарихи материализм береді, яки адамды танымды дәріс танып білумен мен өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.
Дүниетаным негіздеріне сыртын қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы, қоғамдық қатынастар өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады
Окушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми философиялық білімдерді, казір ғылыми жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дуние танымдарының жалпы әдістер жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір меңгеру қалыптасады.Қоғамның ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсіндіруші дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында кезқарас, сенім, ұсыныс, болжам, аксиома,жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және қоғамдық процестерді, құбылыстарды түсіндіру отырып ғылыми негізін құраушы сол және басқа ғылымның нақты ұйымдары ретінде бейнеленеді.
Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние ғылымдардың жиынтығы жатады.Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым жену нәтижесінде қапыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетісу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану гылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан және ойлауөзгеруде
Дүниетаным және адамның, топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, кезқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар кеп әсер етеді. Білімдер жүйесіне ене отырып, адамның немесе топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын багдарпау мақсаттарына қызмет етеді Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасупардан құтқарып оны шындық болмысты ақыл-ойы арқылы табуына жағдай жасайды.
Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы қандылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптасты рудагы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені
ақиқат пен теориялық және жагынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-темірибелік әдіс.Дүниетанымды тұтас адамзат әлемінің сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапкан.Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастаржүйесі.Дүниетаным - адамның өзіне, алемге, азінің әлемдегі орнына деген көзқарастар жүйесі.
3. Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктері.
Философия термині кене грек тілінен аударғанда даналықұштарлық ап кене үнді тілінен аударғанда ақиқатты көру деген мағынаны береді. Философ сөзін ең алғаш рет интеллектуалды ұмтылып, дұрыс өмір сүруге тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грекматематигі мен Пифагор қолданған, философия терминін тусіндіріп, оны ерекше:түрі ретінде негіздеген Платон. Көне дүниеде философия деп білім ғылымдардың алғашкы практикалық байқаумен, қорытындылармен қатар адамдардың әлем туралы адам тіршілігінің мәні мен мақсаты, өзі туралы мәліметтерді біріктірді
Философия- ғылым әлде өнер ме?
Жоғарыда атап өткеніміздей, дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым -қатынасы жөніндегі ақыл-ойға негізделген сұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды.Осы тұрғыдан алғанда, « Философия—ақыл –оймен қаланған тарихи дәуір»деген Гегельдің берген анықтамасында терең сыр жатса керек. Философия пәні, оның мақсаты— қазіргі логиканың идеяларын, әдістері мен апаратарын ғылыми тануға қолдану . Ғылыми таным логикасы— ғылыми теориалардың олардың компонентерін: анықтамалардың, топтастырулардың, ұғымдардың, заңдардың логикалық құрлымын зерттейді, осы компоненттер арасындағы логикалық байланытарды анықтайды, теориалардың қайшылықсыздығы мен толықтығы туралы ғылыми болжамдардың қалыптасуы, оларды тексерудің әдістері туралы мәселені қарастырады. Ғылым танымның қорыту, түсіндіру, абстракция , идеалдандыру сияқты әдістерінің логикалық аспектілеріне талдау жасайды.