Хир инфек 217-307 -3 уровень .каз

Формат документа: docx
Размер документа: 0.1 Мб





Прямая ссылка будет доступна
примерно через: 45 сек.



  • Сообщить о нарушении / Abuse
    Все документы на сайте взяты из открытых источников, которые размещаются пользователями. Приносим свои глубочайшие извинения, если Ваш документ был опубликован без Вашего на то согласия.


217-
#217
*! Ер адам 47 жаста, емханадағы дәрігерге оң қабырға астындағы ауру сезіміне, 39˚С температураға, 1 апта бойы қызбаға шағымданады. Компьютерлі томографияда бауырдың оң бөлігінің 6 сегментінде диаметрі 8 см абсцесс анықталды.
Науқаста қандай аз инвазивті ем анағұрлым тиімді болады?
* Абсцесс пункциясы санациямен бірге
* Абсцесспен бірге бауыр резекциясы
* Абсцессті ашу және дренаждау
* Бауырдың оң бөлігінің кең резекциясы
* + УДЗ-бақылаумен абсцессті дренаждау
#218
*! Ер адам 42 жаста, хирургиялық бөлімшеге оң қабырға астындағы ауру сезіміне, дене температурасының 38,0С дейін жоғарлауына шағымданады. Анамнезінен: 2 ай бұрын бауыр зақымымен өткен құрсақ қуысының шаншылып-кесілген жарақаты бойынша операция болған. Лапаротомия жасалып, бауыр жарасы тігілген. Осы жағдайының нашарлауына 1 апта болған. Бөлімшеде науқас зерттелген. Алдыңда орналасқан диафрагма асты абсцессі анықталды.
Қандай тілікпен абсцессті ашу қажет?
* Черни
* Троянов
* Клермон* Федоров
* + Мельников
#219
*! Қабылдау бөліміне ер адам 32 жаста хирургқа жарақат алғанына 1 сағат болған оң санның ортаңғы 1/3-де латеральді бетінде шаншылып-кесілген жарасымен келді. Жара инфекциясының нәтижелі алдын-алу үшін науқасқа қандай шаралар жасау қажет?
* Асептикалық таңғыш таңу
* Антибиотиктерді вена ішіне енгізу
* + Жараны біріншілік хирургиялық өндеу
* Жараға протеолиттік ферменттерді енгізу
* Жараны антисептиктермен өңдеу және тігіс салу
#220
*! Ер адам 22 жаста, хирургиялық стационарға шүйде аймағындағы ісік тәрізді түзіліске шағымданып келді. Ауырғанына 5 тәулік болды. Тексергенде: шүйде аймағында тығыз ауру сезімді гиперемиясы бар түзіліс, ортасында флюктуция жұмсару зонасы бар.
Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?
* + Ашу және дренаждау
* Физиоем тағайындау
* Кесіп алып тігіс салу
* Антибиотиктер тағайындау
* Пункция жасау
#221
*! Ер адам 39 жаста, қол басының іріңді ауруы себебінен болған операция кезінде суретте көрсетілгендей тіліктерді қолданды. Төменде көрсетілгеннің қайсысы аурулар кезінде осы тіліктерді қолданады?
438158890
* + Сіңірлі панариций мен тендобурситтерде
* Тырнақ пластинкасының паронихийлерінде
* Тері асты панарицийлерде
* Сүйекті панарицийлерде
* Пандактилитте
#222
*! Қабылдау бөліміне ер адам 30 жаста, сегізкөз аймағындағы ауру сезіміне, дене температурасының 37,8 С дейін жоғарлауына шағымданады. Ауруын суықтанумен байланыстырады.2 жыл бұрын эпителиальді құймышақ жолы анықталған, ұсынған операциядан науқас бас тартқан. Қарап тексергенде ісік тәрізді, ауру сезімді түзіліс, тері гиперемиясы, сегізкөз аймағындағы бөксе аралық қатпарда флюктуация симптомы оң.
Осы жағдайда қандай хирургиялық тактика анағұрлым орынды?
* Абсцессті ашу және іріңді қуысты дренаждау
* Эпителиальді жолды кесіп алу, жараны бітеу тігу
* Абсцесс пункциясы, жуу және антибиотиктерді енгізу
* Эпителиальді жолды ашып кесіп алу және дренаж қалдырып тігу
* + Эпителиальді жолды ашып кесіп алу, жара шеттерін астарлап тігу
#223
*! Әйел адам 32 жаста, емханада ретромаммарлы мастит диагнозы қойылған.
Осы жағдайда науқасқа қандай анағұрлым тиімді тілік көрсетліген?
* Радиарлы
* Циркулярлы емізік маңында
* + Бездің төменгі бөлігінде жартылай сопақ
* Бездің жоғарғы бөлігінде жартылай сопақ
* Бездің латеральді бөлігінде жартылай сопақ
#224
*! Әйел 49 жаста, кеуде торының шолу рентгенографиясында оң жақтан өкпе тінінің инфильтрациясы, 6 қабырғааралыққа дейін сұйықтық деңгейінің бар екені анықталды.
Осы жағдайда қандай емдік тактиканың анағұрлым бірінші кезекте жасалғаны орынды?
* Постуральді дренаж
* Санациялық бронхоскопия
* Шұғыл торакоскопия* Антибактериальді терапия
* + Плевра қуысының пункциясы
#225
*! Ер адам 40 жаста,хирургиялық инфекция бөліміне ауырғанына 1 айдан кейін оң өкпенің ортаңғы гангренасы диагнозымен жатқызылды.
Осы жағдайда қандай ем анағұрлыс орынды?
* + Лобэктомия
* Торакоцентез* Торакопластика
* Пульмонэктомия* Пневмоторакс туғызу
#226
*! Ер адам 40 жаста,хирургиялық инфекция бөліміне ауырғанына 1 айдан кейін оң өкпенің ортаңғы гангренасы диагнозымен жатқызылды.
Осы жағдайда қандай ем анағұрлыс орынды?
* + Лобэктомия
* Торакоцентез* Торакопластика
* Пульмонэктомия* Пневмоторакс туғызу
#227
*! Ер адам 55 жаста, қабылдау бөліміне ауырғаннан 3 аптадан кейін кеуде торындағы сол жақтағы ауру сезіміне, ентігуге, 400С дейінгі жоғары температураға, тәбеттің болмауына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: бет цианозы, тыныс алғанға қосымша бұлшықеттер қатысады, ТЖ 26 рет 1 мин. АҚ 110/70, пульс 100 соғу 1 мин. Қан аналізінде: лейкоциттер 23,0х109, СОЭ 39 мм/ч. Кеуде торының 2 проекциядағы рентгенографиясында сол жақтан плевра қуысында сұйықтық деңгейі және ауа анықталады. Дәрігер сол жақты пиопневмоторакс болжамдады.
Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?
* Қосарланған антибиотикотерапия
* Тек 2-қабырғааралықта дренаж орнату
* Жедел оң жақты торакотомия жасау
* Плевра қуысының күнделікті пункциясын жасау
* + 2- және 7-қабырғааралықта дренаж орнату, лаваж жасау
#228
*! Төмендегілердің қайсысы эризепелоид емінде қолданылады?
* Тұзды ванналарды қолдану
* Майлы таңғыштарды қолдану
* Іріңдіктерді кеңінен ашу
* + Иммобилизация және УКТ
* Антисептиктермен таңғыштар
#229
*! Ер адам 76 жаста, реанимация бөлімшесінде 11 тәулік жатыр. Науқас сигма тәрізді ішектің ісігіне байланысты операция жасалған. Қазіргі уақытта науқастың клиникасы абдоминальды сепсисты көрсетеді. Науқас цефепим, амикацин және метрогил алған. Антибиотиктерді ауыстыру керек.
Осы жағдайда ең тиімді қандай антибактериальды ем қолдану керек?
* Цефепима дозасын максималды көтеру;
* Цефтриаксон және метрогил тағайындау;
* Цефазолин және гентамицинге ауыстыру;
* Монотерапияда цифлоксацин тағайындау;
* + Монотерапияда меропенем тағайындау;
#230
*! Әйел адам 48 жаста реанимация бөлімшесінде ауыр жағдайда алдыңғы құрсақ қабырғасының флегмонасы және ауыр сепсиспен жатыр. Науқасқа үш апта бұрын абдоминопластикаға байланысты операция жасалды. Шұғыл түрде науқасқа іріңдерді ашу, некрэктомия, жараны Каншин бойынша дренаждап, антисептиктермен санациялау жүргізілді. Науқас дезинтоксикациялық антибактериальды ем қабылдап жатыр. Осыған қарамастан интоксикация сақталып тұр.
Науқасқа осы жағдайда төменде аталғандардың қайсы детоксикациялық әдісі қолданғаны дұрыс?
* Плазмаферез;
* Ксеносорбция;
* Лазерлә терапия;
* + Ультрафильтрация;
* Форсирленген диурез;
#231
*! Ер адам 48 жаста, емханадағы хирургке еңбекке жарамсыздық қағазын созуына сұрап келді, себебі ол жүргізуші жұмысын жасалған операцияға байланысты атқара алмайды. Науқасқа асқазанның субтотальды резекция операциясы жаслған. Дәрігердің осы жағдайға байланысты іс әрекеті қандай болуы тиіс?
* Еңбекке жарамсыздық қағазын жабу;
* Санитарлы курортты емге жолдама беру;
* Науқасқа жұмысын өзгертуді тағайындау;
* Еңбекке жарамсыздық қағазын алты айға дейін созу;
* + Дәрігерлік-еңбектік экспертиза комиссиясына жолдау;
#232
*! Хирургиялық инфекцияның қабылдау бөліміне 79 жасар ер адам ауыр жағдайда, айқын интоксикация белгілерімен, жағдайы нашарлағаннан 2 апта өткеннен кейінтүсті. Диагнозы: Қант диабеті, 2 тип, ауыр ағымы. Диабеттік табан, нейроишемиялық түрі, зақымдану деңгейі 5 ылғалды ган грена түрінде. Кезекші дәрігер оң аяқ басы мен балтырдың ортаңғы 1/3-нің ылғалды ганренасын анықтады. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?
* Гемосорбция сеансын жүргізу
* + Аяқтың біріншілік ампутациясын жасау
* Қосарланған антибактериальді терапия тағайындау
* Некрэктомия жасау және лазеротерапия сеансын жүргізу
* Озонотерапия сеансын жүргізіп және антисептикпен өндеу
#233
*! Хирургиялық инфекцияның қабылдау бөліміне 89 жасар ер адам ауыр жағдайда, сан артериясының эмболиясы, аяқ контрактурасы бар ишемияның III В дәрежесі клиникасымен ауру басталғаннан 2 тәулік өткеннен кейін түсті.
Осы жағдайда қандай емдеу әдісі анағұрлым оңтайлы?
* + Аяқ ампутациясын жасау
* Жедел тромбэмболэктомияны жасау
* Тромболитикалық терапияны тағайындау
* Аорто-сан шунттаушы операциясын жасау
* Дезинтоксикациялық терапияны тағайындау
#234
*! Ер адам 43жаста, оң қабырға астындағы ауру сезіміне, дене температурасының 38,0С дейін жоғарлауына шағымданады. Анамнезінен: 3 ай бұрын бауыр зақымымен өткен құрсақ қуысының шаншылып-кесілген жарақаты бойынша операция болған. Осы жағдайының нашарлауына 1 апта болған. Бөлімшеде науқас зерттелген. Алдыңда орналасқан диафрагма асты абсцессі анықталды.
Осы жағдайда қандай тілікпен абсцессті ашу анағұрлым орынды?
* Черни
* Троянов
* + Клермон* Федоров
* Мельников
#235
*! Ер адам 43 жаста, оң қабырға астындағы ауру сезіміне, дене температурасының 38,0С дейін жоғарлауына шағымданады. Анамнезінен: 2 ай бұрын бауыр зақымымен өткен құрсақ қуысының шаншылып-кесілген жарақаты бойынша операция болған.. Осы жағдайының нашарлауына 1 апта болған. Бөлімшеде науқас зерттелген. Артқы жаққа қарай орналасқан диафрагма асты абсцессі анықталды.
Осы жағдайда қандай тілікпен абсцессті ашу анағұрлым орынды?
* Торакофренолапаротомия
* Троянов
* Клермон* Федоров
* + Мельников
#236
*! Әйел адам 67 жаста клиникаға дененің төменгі бөлімдерінің рецидивті тілмелі қабынумен бірнеше рет түсіп отыр.
Науқасқа рецидив болмас үшін қадай ем тағайындау қажет?
* Регионарлы баротерапия;
* Реополиглюкинды құю;
* + Тамырішілік лазерлі сәулелендіру;
* Аяққа гепаринмен электрофорез жасау;
* Омыртқаның бел бөлімінің диатермиясы;
#237
*! Ер адам 22 жаста хирургиялық стационарға шүйде бөліміндегі ісік тәрізді түзіліске шағымданып келді.Бір аптадай ауырып жүр. Жергілікті: шүйде бөлімінде ауру сезімді гиперемияланған тығыз түзілісанықталды. Жұмсарған аймақ және ортасында флюктуациясы бар.
Осы жағдайда ең дұрыс емнің тактикасы?
* Антибиотиктер тағайындау;
* + Түзілісті ашып, дренаждау;
* Новокаинмен электрофорез тағайындау;
* Пункция жасап антибиотик енгізу;
* Вишневский жақпасымен компресс қою;
#238
*! Әйел адам 63 жаста хирургиялық инфекция бөлімшесіне оң иықтың үлкеюіне шағымданып келді, ауру сезімі кернелген сипатта, температураның 380С дейін көтерілуі. Аускультацияда: дем алысы қатты, төменгі бөлімдерінде әлсізденген, ТАЖ 20, АҚ 130/80 мм рт. ст.. Жергілікті: ісіну байқалады, оң жақ иықтың гиперемиясы, пальпацияда қатты ауру сезімді.
Осы жағдайда сіздің іс әрекетіңіз?
* Спирртік компресс қою;
* Тамырішіне антибиотик тағайындау;
* + Шұғыл түрде операцияға алу;
* Антибиотиктерді эндолимфалық жолмен енгізу;
* Қолдың иммобилизациясын жүргізу;
#239
*! Ер адам 46 жаста емханадағы хирургқа дефекация уақытындағы ауру сезіміне, температураның көтерілуіне, шап аймағында түзіліс анықтағанына шағымданып келді. Тексергенде: шап аймағында 13 сағатта ауру сезімді ісіну, гиперемия анықталды. Қан сараптамасында лейкоциттер 17,0х109, ЭТЖ 23 мм/сағ., температура 380С. Дәрігер теріасты парапроктиті диагнозын қойды.
Осы жағдайда Сіздің іс әрекетіңіз?
* Пункция жасау;
* Микроклизма тағайындау;
* Жақпамен компресс жасау;
* Метилурацилмен ректальды суппозиторийлер тағайындау;
* + Жергілікті анестезиямен ашу;
#240
*! Хирургтың қабылдауына 45 жаста ер адам бес жылдай он екі елі ішектің ойық жарасымен ауырады. Анамнезінде жылына екі рет қан кетулер байқайды. Соңғы қан кету екі апта бұрын болған. Тексергенде науқаста екінші дәрежелі постгеморрагиялық анемия. Қазіргі уақытта терапевтте амбулаторлы ем қабылдап жүр.
Осы жағдайда дәрігердің ең дұрыс тактикасы?
* Гастроэнтерологиялық бөлімшеге госпитализациялау;
* Гематологиялық бөлімшеге госпитализациялау;
* + Хирургиялық бөлімшеге госпитализациялау;
* Күндізгі стационарға госпитализациялау;
* Амбулаторлы емді жалғастыру;
#241
*!Ер адам 37 жаста, жүргізуші, асқазанның ойық жара ауруымен 3 жыл бойы ауырады. Үнемі ойық жараға қарсы ем қабылдайды, бірақ нәтижесі уақытша. Қаралуға келгенде эндоскопиялық зерттеу кезінде асқазанның кіші иінінде 2,0х1,3 см қозу сатысындағы ойық жара анықталды.
Осы науқасты жүргізуде әрі қарай қандай тактика анағұрлым орынды?
* + Хирургия бөлімшесінде стационарлық ем;
* Күндізгі стационарда ем жеткілікті;
* Гастроэнтерология бөлімшесінде ем;
* Амбулаторлы емді жалғастыру;
* Санитарлы-курортты ем
#242
*!Әйел адам 32 жаста босанғаннан кейінгі маститтің серозды қабыну сатысы клиникасымен емханадағы хирургқа келіп қаралды.
Төменде көрсетілгендердің қайсысын осы жағдайда қолдануға болмайды?
* + Сұт безін ұқалау;
* Сүтін сауып тастау;
* Емізікті антисептикпен өңдеу;
* Сұт безін жоғары орналасуы;
* Сұт безіне қыздыратын компресс қою;
#243
*! 29 жастағы әйел емханағадағы хирургқа ауырғанына 10-күн болған сол көкірегінің ауыратынына, дене қызуының көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен бір ай бұрын босанғаны белгілі болды. Қарау барысында сол жақ көкірегі үлкейген, жоғарғы квадрантында айқын шекараланған инфильтрат, қызарған, гипертермияланған, ауру сезімді.
Сіздің әрі қарайғы әрекетіңіз?
* Физкабинетке массажға жіберу;
* Қыздыратын компресс тағайындау;
* Антибиотик тағайындап бақылау;
* + Стационарлық емге жіберу;
* Жиі көкірегін сығуды тағайындау;
#244
*! 24 жастағы әйел қабылдау бөліміне босанғаннан кейінгі сол жақ сүт безінің маститімен ауырғанына 10-күн болғаннан соң алып келді. Қарау барысында сол жақ көкірегі үлкейген, жоғарғы квадрантында айқын шекараланған инфильтрат, қызарған, гипертермияланған, ауру сезімді. Қан анализинде лейкоциттер 18,5х109 дене қызуы-38,70С.
Осындай жағдайдайда қандай емдік әдіс тиімді?
* Қосарланған антибактериальді емді қолдану;
* Пункцию жасап зерттеуге жіберу;
* сіңдіретін терапия тағайындап бақылау;
* + Радиальді тілікпен операцияға алу;
* Бастапқы кезде дезинтоксикационную терапия жүргізу;
#245
*! Емханадағы хирургкке 39-жастағы әйел оң жақ сүт безіндегі түйінді түзіліске шағымданып келді. Анамнезінен науқас түзілісті 1-жыл бұрын байқаған. Қарау барысында жоғарғы квадрантында ауру сезімсіз, жылжымалы, көлемі 3,0х2,5 см, басқа өзгерістер байқалмайды.
Сіздің әрі қарайғы әдісіңіз?
* Әр ай сайын хирургқа қаралуын ұсыну;
* Антибиотик тағайындап бақылау;
* + Стационарлық емге жіберу;
* Қан талдау анализіне жіберу;
* Физиотерапия тағайындау;
#246
*! Әйел 39 жаста ұзақ уақыт бойы оң сирағындағы трофикалық жарамен бақылауда болды. Кезекті диспансерлік тексеру барысында оң жақ сүт безінде түйінді түзіліс анықталды.
Науқасқа әрі қарай қандай әдіс қолдануға болады?
* Хирургта әрі қарай бақылауда болуды ұсыну;
* + Мастапатияның оперативті биопсиялық емін тағайындау;
* Қан тамыр хирургі мен гинеколог кеңесіне жіберу;
* Алдымен аяғының қан атмырларына операция жасау;
* Консервативті сіңіретін ем жүргізу;
#247
*! Емханадағы хирургке 46 жастағы ер адам оң жақ иығынның ортанғы 1/3 бөлігінің ауырғанына дене қызуына шағымданып келеді. 5-күннен бері ауырады. Қарау барысынад қызарып шекарасы жұмсарған, көлемі 2,0х1,5 см түзіліс байқалады. Оң иықтың ортанғы 1/3 абсцедирленген фурункулы деп операция тағайындалды.
Осы жағдайда қандай тілік түрі қолданатының көрсетіңіз?
* + Сызықты тілік;
* Жиектеуші тілікпен;
* Крест тәрізді тілік;
* Доға тәрізді тілік;
* Көлденең тілік;
#248
*! 56 жастағы ер адам емханадағы хирургке шүйдесіндегі ауру сезімі мен дене қызуына шағымданып келді. 6-күннен бері ауырады. Қарау барысында көкшіл инфильтрат көлемі 3,0х2,0 см жыланкөзденген тесіктен ірің ағып тұр. Хирургтің диагнозы: Шүйде бөлігінң карбункулы деп операция тағайындалды.
Осы жағдайда қандай тілік түрі қолданатының көрсетіңіз?
* Сызықты тілік;
* Жиектеуші тілікпен;
* + Крест тәрізді тілік;
* Доға тәрізді тілік;
* Көлденең тілік;
#249
*! Ер адам 66 жаста, емхана хирургіне оң иықтың үлкеюіне, ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен үш күн бұрын даланың иті қауып алғандығын айтты. Тексергенде оң иықтың н/3 бөлігінде 3,х3,5 см көлемді қисық жиекті, гиперемияланған жара анықталды.
Осы жағдайда қандай ем тактикасын қолданасыз?
* Антибиотиктер тағайындап, жиектерін сирек тігіспен жалғау;
* Жараны антисептикпен өңдеп, жараға тігіс салу;
* + Антирабиялық сарысу тағайындап, жергілікті ем жасау;
* Міндетті түрде біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізу ;
* Столбнякқа қарсы сарысу тағайындап, жара жиектерін кесу;
#250
*! Әйел 66 жаста емхана хирургіне оң аяқтың бірінші саусағының ауру сезімінге шағымданып келді. Тексергенде науқаста тырнақ пластинкасында күшкене ісіну, гиперемия мен ауру сезімін байқады. Дәрігер енген тырнақ диагнозын қойды.
Сіздің арғы іс әрекеті?
* Тырнақты түгелдей алып тастау;
* + Гигиеналық ванналар тағайындау;
* Антибиотик тағайындап, бақылау;
* Тырнақ пластинкасының резекциясын жүргізу;
* Физиоем мен ауырсынуды басатын ем тағайындау;
#251
*! Ер адам 76 жаста хирургияның қабылдау бөліміне оң жамбас бөлімінің ауру сезіміне, температураның 380С көтерілуіне екі күн болды. Ауырып жүргеніне бір апта уақыт. Анамнезінде қант диабетімен, ИЖА, артериальды гипертензиямен ауратыны анықталды. Тексергенде: оң жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантында жиегі айқын емес, тығыз, ауру сезімді түзіліс анықталды. Флюктуация мен гиперемия көріністері жоқ. Қан сараптамасында лейкоциттер 17,4х109, ЭТЖ 23 мм/сағ. АҚ 170/90, пульс 85 рет 1 мин.
Осы жағдайда сіздің іс әрекетіңіз?
* Амбулаторлық емге жолдау;
* Жылытатын компресстер тағайындау;
* Күндізгі стационарда антибиотиктер тағайындау;
* УВЧ, электрофорез және парафинды аппликация тағайындау;
* + Инфильтратқа УДЗ жасап, ем тактикасын таңдау;
#252
*! Ер адам 53 жастаемхана хирургіне дефекациядан кейінгі анальды бөлімдегі ауру сезіміне, 2-3 тамшы қан болуына шағымданып келді. Ауырғанына үш күн болды. Өзі жасаған емнен пайда болмады, анамнезінде созылмалы іш қату. Хирург қарағаннан кейін анальды канал сызаты диагнозын қояды.
Сіздің осы жағдайдағы емдеу тактикаңыз?
* Жақпалық компресстер;
* + Сызатты кесіп тастау;
* Йод тұндырмасымен кйдіру;
* Шөптер тұндырмасымен микроклизма жасау;
* Сызатты диатермокоагуляциялау;
#253
*! 33 жастағы ер адам емханадағы хирургке оң қол басын қайнаған сумен күйдіріп алғаннан соң 5-күннен кейін келді. Қол басының сыртқы бетінде некроздалған ірің бөлінетін жарақат, қолы ісінген.
Қандай күйік жағдайында ерте некрэтомия көрсеткіші тән?
* Алақандағы шектелген күйікте;
* + Қол басының сыртқы бетінің шектелген күйігінде;
* Алақанның тереңдеген күйігінде;
* Жайылған терең күйікте;
* Қол басы мен саусақтардың терең күйігінде;
#254
*! 43 жастағы ер адам емхана хирургіне жұмысында бетінен күйік алған науқасты жедел жәрдеммен алып келді. Қарау барыснда бетінің гиперемиясы мен ісігі, даусының қарлығуы, науқас қозған, үйіне қайтуын сұрайды. Осы жағдай да хирургке не жасау керек?
* Жансыздандырғыш беру;
* Жұмысқа жарамсыздық парағын ашу;
* + Стационарға жолдама беру;
* Үйіне қайтару;
* Таңғыш салу;
#255
*! 26-жастағы ер адам емханадағы хирургке кіші жамбас астауында тереңдеген ауру сезіміне, тенезмге, дене қызуының жоғарылауына, жиі зәр шығаруына шағымданып келді. Анамнезіне: 12-тәулік бұрын аппендэктомия операциясы жасалған. Қарау барысында: дене температурасы 38,20С, лейкоциттері 12,5х109.. perrectumауру сезімді, тік ішек алдынғы қабырғасының салбырауы анықталды. Дәрігер науқаста Дуглас аймағының абсцесіне күмәнданды.
Осы жағдайдағы Сіздің әрі қарайғы іс әрекетіңіз?
* Емхана жағдайында антибиотик тағайындау;
* Тік ішек арқылы абсцеске пункция жасау;
* + Бөлімшедегі хирургке жолдау;
* Күнделікті майлы микроклизма тағайындау;
* Қосымша зерттеуді тағайындау;
#256
*! Емханадағы хирургке 59-жастағы әйел сол жақ сүт безінің ауырғанына, қызаруына, шағымданып келді. 2-ай бұрын байқаған. Қарау барысында: емізігі ішке тартылған, жоғарғы-сыртқы квадрантында көлемі 3,0х3,0 см шекарасы айқын емес, кедір-бұдыр іріңді бөліністі жара байқалады. Қолтық астында ауру сезімсіз бір лимфа түйіні палпацияланады.
Осы жағдайға Сіздің алдыңғы кезектегі іс-әрекетіңіз?
* + Биопсия алып жарақатты өңдеу;
* Күнделікті таңғыш тағайындау;
* Кеуде куысының рентгенографиясы;
* Қан талдау анализін тағайындау;
* Сүт безінің КТ жолдау;
#257
*! Емханадағы хирургке 48-жастағы ер адам ентігу, көп қақырықты жөтел, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде: 3-апта бұрын крупозды пневмония бойынша емхана жағдайында ем қабылдаған. Жағдайының нашарлағанына 3-тәулік болған, жөтел кезінде көлемді, іріңді, иісті, қан жағындысы бар қақырық болған, содан соң жағдайы кішкене жақсарған. Ренгенографияда оң өкпенің төменгі бөлігінде кең көлемді сұйықтықты түзіліс байқалады. Сіздің әрі қарайғы іс-әрекетіңіз қандай?
* Тыныс алу гимнастикасы мен физио ем тағайындау;
* Көк тамырға антибиотик енгізу;
* + Хирургия бөлімшесіне жатқызу;
* Плевра қуысына пункцию жасау;
* Терапия бөлімшесіне жатқызу;
#258
*! Жасөспірім 19 жаста қабылдау бөліміне хирургқа жұтынғандағы ауру сезіміне, бас ауруына, әлсіздікке, дауысының өзгеруіне шағымданып келді. Анамнезінен төрт күн бұрын жоспарлы тонзилэктомидан кейін шығарылды. Тексергенде: мойынның бүйірлік бетіне өтетін оң жақ астында ісіну, қатты ауру сезімді, гиперемия жоқ, флюктуация анықталмады.
Осы жағдайдағы Сіздің ары - қарайғы іс әрекетіңіз?
* Жақ-бет хирургына жорлдау;
* Лор дәрігердің консультациясына жіберу;
* Тамақты шаю мен антибиотиктер тағайындау;
* + Хирургиялық бөлімшеге госпитализациялау;
* Мойынға жылытатын компресс қою;
#259
*! Емханадағы хирургке 33-жастағы әйел сол жақ қолтығының ауырғанына, дене қызуына шағымданып келді. Анамнезінен 2-аптадан бері ауырады, өздігінен ем қабылдаған, бірақ нәтижесіз. Қарау барысында сол жақ қолтық асты қызарған, тығыз көлемі 1,5х1,5см, тегіс емес, ауру сезімді, флюктуациялық аймақты түзіліс байқалады.
Осы жағдайда Сіздің әрі қарайғы іс-әрекетіңіз?
* Пункция жасау;
* Мазьді компресс қою;
* УВЧ-терапиясына жіберу;
* Камфор спиртімен өңдеу;
* + Жергілікті жансыздандырумен ашу;
#260
*! Әйел адам 38 жаста., деструктивті панкреатит парапанкреатикалық инфильтрат ауруымен он үшінші күні гектикалық температура, тахикардия, формуланың солға жылжуымен лейкоцитоз, қалтырау, эпигастрии аймағындағы ауру сезімді ифильтраттың 15х20 см дейін үлкеюі пайда болды. Дәрігер шажырқайлы қалтанығ абцессіне күмәнданды.
Сіздің әрі қарайғы емдеу тактикаңыз қандай?
* Антибиотиктерді ауыстыру;
* Инфильтрат пункциясын жасау;
* УДЗ бақылауында дренаждау;
* + Жартылай ашу әдісімен ашып дренаждау;
* Жабық әдіспен ашып дренаждау;
#261
*! 32 жасар ер адам оң жақ санының ортаңғы үштен бір бөлігінің латеральды беткейінің шаншып-кесілген жарақатымен жарақаттанған 1 сағаттан кейін қабылдау бөліміндегі хирургқакелді. Жарақаттық инфекцияның тиімді профилактикасы үшін науқасты төменде аталған шаралардың қайсысымен жүргізу қажет?
* Асептикалық таңғыш тағу;
* Антибиотиктерді көктамыр арқылы енгізу;
* + Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу;
* Жараға протеолитикалық ферменттер енгізу;
* Жараны антисептиктермен өңдеу және тігіс салу;
#262
*! 34 жасарәйел емханаға тұлғасының оң жақ бүйір беткейіндегі түзіліске шағымданып хирургқа келді. Анамнезінен түзілісті 4 ай бұрын байқаған. Соңғы уақытта ол үлкейген. Дәрігер қарап тексергенде консистенциясы жұмсақ-серпімді, жылжымалы, 2,5х3,0 см өлшемдегі, тері асты май қабаты ішіндегі шекарасы айқын түзілісті анықтады. Осы жағдайда Сіздің одан әрі емдеу тактикаңыз қандай?
* Динамикасын бақылау ұсынылады;
* Түзілімге пункция жасалады;
* + Алып тастау және гистологияға жолдау;
* Сіңдіретін терапия тағайындау;
* Қыздыратын компрестер ұсынылады;
#263
*! 54 жасарер адам хирургия бөлімішіне әлсіздікке, шөлдеуге, шүйде аймағындағы кернеген ауру сезімі және ісік тәрізді түзілімге шағымданып жатқызылды. 5 тәуліктен бері ауырады. Қарағанда: шүйде аймағын сипағанда, беткейінде көптеген майда іріңді ошақтары бар кенет ауыратын гиперемияланған тығыз түзілім анықталды. Осы жағдайда анағұрлым лайықты емдеу әдісі қайсысы?
* Іріңдеген жерлерді кесіп тастау және тігіс салу;
* Көктамырға антибиотиктер тағайындау;
* Физиоем және компресстер тағайындау;
* + Кесу, некрэктомия және дренаждау;
* Пункция жасау және антисептиктер енгізу;
#264
*! 59 жасар ер адам хирургияның қабылдау бөліміне сол жақ кеуде торының ауруына, ентігуге, дене қызуының 40ºС-қа дейін жоғарылуы, тәбетінің төмендеуіне шағымданып түсті. 3 аптадан бері ауырады. Қарағанда: бет пен мойында цианоз, қосымша бұлшықеттер тыныс алуға қатысады, ТЖ 26 рет мин., АҚ 110/70 мм с.б.б, пульс 100 соққы мин. Қан анализінде: лейкоциттер 23,0х109/л, ЭТЖ 39 мм/с. Кеуде қуысының 2 проекциялы рентгенографиясында сол жағында 4 қабырғааралыққа дейінгі деңгейде сұйықтық және плевралық қуыста ауабар. Дәрігер сол жақ пиопневмоторакс деп диагностикалады. Осы жағдайда анағұрлым лайықты емдеу әдісі қайсысы?
* Тек 2 қабырғааралыққа дренаж қою;
* Комбинирленген антибиотикотерапия тағайындау;
* Плевральды қуысқа күнделікті пункция жасау;
* + 2 мен 7 қабырғааралыққа дренаж қою және шаю жүргізу;
* Жедел оң жақтық торакотомия жасау қажет;
#265
*! 54 жасар ер адам емхана хирургына сол қолының 2 саусақ аймағының кернеген ауру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына шағымданып келді. 3 күннен бері ауырады. Қарағанда: тырнақ фалангаларыныңалақан бетінде ісік, гиперемия және жіті ауру сезімі байқалады. Осы жағдайда ары қарай Сіздің тактикаңыз қандай?
* Жақпа майлы компресс ұсыну;
* Тұздымонша тағайындау;
* Физиоемге жолдау;
* Иммобилизация салу;
* + Ашу және дренаждау;
#266
*! 47 жасар ер адам қабылдау бөліміндегі хирургқа оң санындағы кернеген ауру сезіміне және ісінуіне, әлсіздікке, қалтырауға шағымданып келді. Бір апта бұрын жұмыста оң санынан жарақат алған. 9-шы тәулікте дене қызуының 38,7ºС-қа дейін жоғарылауы, ауру сезімінің күшеюі және саннын ісінуі байқалды. АҚ 100/60 мм.с.б.б., пульс 98 соққы мин., ТЖ 22 рет мин., қан анализінде лейкоциттер 19,5х109. Осы жағдайда Сіздің емдеу тактикаңыз қандай?
* Алдымен физиоем жүргізу;
* + Ашу және дренаж қою;
* УДЗ-мен бақылау арқылы пункция жасау;
* Комбинирленген антибиотикотерапия тағайындау;
* Дезинтоксикациялық терапия жүргізу және бақылау;
#267
*! 47 жасар ер адам қабылдау бөліміндегі хирургқа оң санындағы кернеген ауру сезіміне және ісінуіне, әлсіздікке, қалтырауға шағымданып келді. Бір апта бұрын жұмыста оң санынан жарақат алған. 9-шы тәулікте дене қызуының 38,7ºС-қа дейін жоғарылауы, ауру сезімінің күшеюі және саннын ісінуі байқалды. АҚ 100/60 мм.с.б.б., пульс 98 соққы мин., ТЖ 22 рет мин., қан анализінде лейкоциттер 19,5х109. Осы жағдайда Сіздің емдеу тактикаңыз қандай?
* Алдымен физиоем жүргізу;
* + Ашу және дренаж қою;
* УДЗ-мен бақылау арқылы пункция жасау;
* Комбинирленген антибиотикотерапия тағайындау;
* Дезинтоксикациялық терапия жүргізу және бақылау;
#268
*! 59 жасар ер адам, 5 тәуліктен бері жансақтау бөлімінде жатыр. Науқас сигматәрізді ішек ісігінің перфорациясы бойынша операциясы жасалған. Дәл қазіргі уақытта науқаста абдоминальды сепсистің клиникасы бар. Науқас цефепим, амикацин и метрогил қабылдады. Бірақ дене қызуы 380Слейкоциттер 19,5х109, ЭТЖ 32 мм/с сақталуда.Осы жағдайда Сіздің одан ары әрекетіңіз қандай?
* Цефепим мен амикациннің дозасын арттыру;
* Цефтриаксон және метрогил тағайындау;
* Амоксициллин клавуланатқа ауыстыру;
* Монотерапияменцифлоксацин тағайындау;
* + Монотерапияменмеропенем тағайындау;
#269
*! 32 жасар әйел қабылдау бөліміндегі хирургқа сол жақ қолтықасты аймағындағы ауру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына шағымданып келді. 5 күннен бері ауырады. Қарағанда:оң жақ иық буынында ауру сезімінен қозғалысы шектелген, пальпация кезінде сол қолтықасты аймағында жұмсарған аймақтармен тығыз, ауырмайтын, қозғалысы аз 2,5х2,0 см түзілім бар. Осы жағдайда емдеу тактикаңыз қандай?
* Гипертоникалық ерітіндімен таңғыш салу;
* Пункция жасау және антибиотиктер енгізу;
* Левомекольмен компресс таңу;
* Физиоемге жолдау;
* + Ашу және дренаждау;
#270
*! 37 жасар ер адам қабылдау бөліміндегі хирургқа жұтынған кезде ауыратын оң мойын аймағының ісінуіне, 2 күннен бері дене қызуының 380С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Анамнезінен: 3 күн бойы арақ ішкен, балық жеген. Қарағанда: мойын контуры шектелген, алдыңғы-бүйір бетінде ісіну, гиперемия, жіті ауру сезімі және аздап крепитация. АҚ 100/70 мм.с.б.б., пульс 100 соққы мин., ТЖ 24 рет мин., қан анализінде лейкоциттер 27,5х109.Осы жағдайда ары қарай әрекетіңіз қандай?
* Антибиотиктердің комбинирленген схемасын тағайындау;
* Мойынға компресс таңу және антибиотиктер бұлшық етке;
* Дезинтоксикациялық терапия тағайындау;
* + Ашу және дренаждау;
* Тамақты шаю және perosантибиотиктер;
#271
*! 55 жастағы ер адамға жедел гангреналы перфорацияланған аппендицит және іріңді перитонит диагнозы бойынша Волкович-Дьяконов тілігімен аппендэктомия жасалды. Операциядан кейінгі кезеңнің 3 күнінде дене қызуы 38,40 С, лейкоцит 15-109 көтерілді. Тексерісте: операциядан кейінгі тігіс аймағы ісінген, терісі қызарған, пальпация кезінде жанға батарлық ауру сезімді.
Тігісті алғаннан кейінгі ең тиімді жергілікті емдеу?
* Асептикалық таңғыш;
* + 10% NaCl ерітіндісімен таңғыш;
* Фурацилин ерітіндісімен таңғыш;
* Вишневский жақпа майымен таңғыш;
* Протеолитикалық ферменттермен таңғыш;
#272
*! 35 жастағы ер адамға жедел гангренозды перфоративті аппендицит және жергілікті перитонит диагнозы бойынша Волкович-Дьяконов тілігімен аппендэктомия жасалды. Операциядан кейінгі кезеңнің 3 күнінде дене қызуы 38,40 С, лейкоцит 15-109 көтерілді. Тексерісте: операциядан кейінгі тігіс аймағы ісінген, терісі қызарған, пальпация кезінде жанға батарлық ауру сезімді. Тігісті алғаннан кейін таңғыш салынғаннан кейін жара тазарып, грануляциялық тін пайда болды.
Дегидратация фазасындағы жараның жазылуын жылдамдату үшін ең тиімдісі:
* Жиі таңғыш салу;
* Ферменттерді қолдану;
* + Жақпа маймен таңғыш салу;
* 10% NaCl ерітіндісімен таңғыш салу;
* Физиотерапевтікемшаралар қолдану;
#273
*! 25 жастағы ер адамға жедел гангреналы перфорацияланған аппендицит және іріңді перитонит диагнозы бойынша Волкович-Дьяконов тілігімен аппендэктомия жасалды. Операциядан кейінгі кезеңнің 3 күнінде дене қызуы 38,40 С, лейкоцит 15-109 көтерілді. Тексерісте: операциядан кейінгі тігіс аймағы ісінген, терісі қызарған, пальпация кезінде жанға батарлық ауру сезімді.Тігісті алғаннан кейін таңғыш салынуда.
Гидратация фазасындағы жараның тазаруын жылдамдату үшін ең тиімдісі:
* Жиі таңғыш салу;
* Ферменттерді қолдану;
* Жақпа маймен таңғыш салу;
* + 10% NaCl ерітіндісімен таңғыш салу;
* Физиотерапевтікемшаралар қолдану;
#274
*! 34 жастағы ер адам хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілді - сол жақ сирағындағы жарадағы керіп ауру сезіміне, таңғыштан күшті қысым сезіміне шағымданады. Анамнезінен: 10 күн бұрын ауыл шаруашылығы жұмысында сол сирағын жаралап алған. Тексерісте: науқас жағдайы ауыр, қозған. АҚ 100/60 мм.с.б.б, пульс 100/мин, дене қызуы 38,60С., лейкоциттер -18-109. Сол сирақ ісінген, сыртқы беткейінің ортаңғы 1/3 көлемі 4-2-3см айқын іріңді бөліндісімен жара бар, жараның шеттері фибринмен жабылған, сұр жасыл түсті, жараның айналасында айқын ісіну, қызару, пальпация кезінде тіндердің сықыры анықталады. Хирург сирақтың анаэробты іріңдігін анықтады.
Осы жағдайда көрсетілетін жергілікті ем?
* Жиі таңғыш салу;
* Ферменттерді қолдану;
* Жақпа маймен таңғыш салу;
* 10% NaCl ерітіндісімен таңғыш салу;
* + Лампас тіліктері, сутегі асқын тотығымен таңғыш;
#275
*! 34 жастағы ер адам хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілді - сол жақ сирағындағы жарадағы керіп ауру сезіміне, таңғыштан күшті қысым сезіміне шағымданады. Анамнезінен: 7 күн бұрын ауыл шаруашылығы жұмысында сол сирағын жаралап алған. Тексерісте: науқас жағдайы ауыр, қозған. АҚ 100/60 мм.с.б.б, пульс 100/мин, дене қызуы 38,60С., лейкоциттер -18-109. Сол сирақ ісінген, сыртқы беткейінің ортаңғы 1/3 көлемі 4-2-3см айқын іріңді бөліндісімен жара бар, жараның шеттері фибринмен жабылған, сұр жасыл түсті, жараның айналасында айқын ісіну, қызару, пальпация кезінде тіндердің сықыры анықталады. Хирург сирақтың анаэробты іріңдігін анықтады.
Осы жағдайдағы көрсетілген, нәтижелілігі жоғары, емдеу әдісі?
* УЖЖ терапия (УВЧ);
* Гемотрансфузия;
* + Гипербариялық оксигенация;
* Жараны ультрафиолеттік сәулелендіру;
* Жараны хлоргексидин ерітіндісімен жуу;
#276
*! 32 жасар ер кісіге сол санның іріңді некротикалық жарасына некрэктомия жасалды. Жараның жетуі қиын жерлерін некроздан тазарту үшін қолдану керек.
* + Протеолиздік ферменттер;
* Бор қышқылының ерітіндісі;
* Фурацилин ерітіндісі;
* Диоксидин ерітіндісі;
* Ультрадыбыстық кавитация;
#277
*! 30 жасар әйел клиникаға жатқызылды, келесі шағымдармен: «ататындай ауыру сезімі», оң балтырындағы жарада күйіп тұру сезімі, айқын әлсіздік, дене температурасының көтерілуі. Анамнезінен: бір апта бұрын байқаусыздан аяғын жарақаттап алған. Дене температурасы 39,2, пульс 100 соққы/мин, АҚ 100/60 мм.с.б.б. Оң аяғы ісінген, балтырдың сыртқы төменгі 1/3 де 3*2 см жара бар, жара айналасында мөлдір емес сұйықтыққа толы көптеген эпидермальды көпіршіктер бар, пальпация кезінде крепитация, флюктуация анықталады. Оң балтырдың анаэробты флегмонасы деген диагноз қойылды.
Осы жағдайда анағұрлым ықтимал тактика?
* Барокамера + некрэктомия;
* Некрэктомия + ферментотерапия;
* Аяқтың ампутациясы + антибиотикотерапия;
* Антибиотикотерапия + гангренаға қарсы сары су;
* + Кең лампасты тілік + гангренаға қарсы сары су + антибиотикотерапия#278
*! 32 жасар ер кісі емхана хирургіне жарақат алғаннан үшінші тәулікте қаралды. Қарап тексеруде : сол білектің сыртқы ортанғы бөлігінде 5,0*1,5 см кесілген жара бар, жараның шеті аздап ісінген, гиперемирленген, мөлдір емес серозды-геморрагиялық бөліндімен.
Осы жағдайда ең дұрыс тактика?
* Жараға тігіс салу;
* Таңғыш салу;
* Ерте біріншілік хирургиялық өңдеу;
* + Кеш біріншілік хирургиялық өңдеу;
* Кешейтілген біріншілік хирургиялық өңдеу
#279
*! 34 жасар ер кісі он күн хирургия бөлімінде ем алған, сол балтыр флегмонасын ашқан соң, таңулар жасалынған. Қазір жара 6*1,5 см таза, жақсы дамыған грануляциясы бар.
Осы жағдайда келесі іс-әрекетіңіз қандай?
* Таңуды жалғастыру;
* Провизорлық тігіс салу;
* Кеш екіншілік тігіс салу;
* + Ерте екіншілік тігіс салу;
* Жара шетін кесіп алып тастау және тігіс салу;
#280
*! 47 жасар әйел емхана хирургінде инфекцияланған сырылған оң иығының жарасы бойынша ем алған. Қазір жара таза, жара шетінде эпителизация байқалады, тері дефектісі 7,0*5,0 см.
Осы жағдайда келесі іс-әрекетіңіз қандай?
* Жазылғанша таңу;
* Ерте екіншілік тігіс салу;
* Кеш екіншілік тігіс салу;
* + Тері трансплантациясы ;
* Жара шетін кесіп алып тастау және тігіс салу;
#281
*! Ер адам 72ж , оң жақ аяқ және сирақ гангренасы үшін ампутация жасалынды. 4- ші тәулікте жара іріңдегендіктен жіптер алынды, дренаж орнатылды, грануляциялар әлсіз, бозарған. Жалпы жағдайы ауыр. Терісі сұр келген, склералары сарғайған. Дене қызуы 39-40 °С. Қ/Қ–100/70 мм. рт. ст. Пульс - 124-136. Тахипноэ – 32/мин. Күнделікті диурез 300—400мл.
Келесі қадамыңыз қандай?
* Қосымша емге диуретиктерді тағайындау;
* Хирургиялық бөлімше емді жалғастыру;
* + Реанимация бөлімшесіне ауыстыру;
* Айқындатылған диурез тағайындау;
* Каншин бойынша жараны жуу;
#282
*! Ер адам, 72ж , оң жақ аяқ және сирақ гангренасы үшін ампутация жасалынды. 4- ші тәулікте жара іріңдегендіктен жіктер шешіліп, дренаж орнатылды, грануляциялар әлсіз, бозарған. Жалпы жағдайы ауыр. Терісі сұр келген, склералары сарғайған. Дене қызуы 39-40 °С. Қ/Қ–100/70 мм. рт. ст. Пульс - 124-136. Тахипноэ. Күнделікті диурез 300—400мл.
Детоксикацияның қай түрі тиімді?* Гемосорбция;
* Энтеросорбция;
* Плазмаферез;
* Лимфосорбция ;
* Жылдамдатылған диурез;
#283
*! Әйел адам, 65 жаста, сол жамбас және санның постинъекциялық флегмонасын ашқаннан кейінгі кең ауқымды жараларымен келіп түсті. Түскен кездегі жағдайы өте ауыр. Жара мен қанына алтынды стафилококк анықталды. Дене қызуы 39о С., лейкоциттер -18-109/л., Қ/Қ–120/70 мм. рт. ст
Емдеудің негізгі компоненті?
* Гормонотерапия;
* + Иммунотерапия;
* Витаминотерапия;
* Протеаза ингибиторлары;
* Физиотерапиялық ем;
#284
*! Әйел адам,65 жаста, сол жамбас және санның постинъекциялық флегмонасын ашқаннан кейінгі кең ауқымды жараларымен келіп түсті. Түскен кездегі жағдайы өте ауыр. Жра мен қанына алтынды стафилококк анықталды. Дене қызуы 39о С., лейкоциттер -18-109/л., Қ/Қ–120/70 мм. рт. стЕмдеудің негізгі компоненті?
* Гормонотерапия;
* + Детоксикация;
* Витаминотерапия;
* Протеаза ингибиторлары;
* Физиотерапевтикалық ем;
#285
*! Әйел адам,65 жаста, сол жамбас және санның постинъекциялық флегмонасын ашқаннан кейінгі кең ауқымды жараларымен келіп түсті. Түскен кездегі жағдайы өте ауыр. Жра мен қанына алтынды стафилококк анықталды. Дене қызуы 39о С., лейкоциттер -18-109/л., Қ/Қ–120/70 мм. рт. стЕмдеудің негізгі компоненті?
* Гормонотерапия;
* + Антибиотиктер;
* Витаминотерапия;
* Протеаза ингибиторлары;
* Физиотерапевтикалық ем;
#286
*! Әйел адам,65 жаста, сол жамбас және санның постинъекциялық флегмонасын ашқаннан кейінгі кең ауқымды жараларымен келіп түсті. Түскен кездегі жағдайы өте ауыр. Жара мен қанына алтынды стафилококк анықталды. Дене қызуы 39о С., лейкоциттер -18-109/л., Қ/Қ–120/70 мм.рт. ст.
Бұл жағдайда анағұрлым ықтимал диагнозыңыз?
* Протеолиздік ферменттерді қолдану;
* + Жараны хирургиялық өндеу;
* Гипербариялық оксигенация;
* Жараға тампон орнату;
* Жараңы тігу;
#287
*! Әйел адам, 32 ж.,сол жақты жедел лактациялық гангренозды панмастит диагнозымен түсті. Жағдайы өте ауыр. Сепсистің айқын клиникасы көрінеді. Дене қызуы 39о С., лейкоцитттер-20 -109/л., эритроцитттер 2-1012 /л., Нg-76г/л. Қанында стафилококк анықталды.
Бұл жағдайда сіздің емдеу тактикаңыз?
* Протеолиздік ферменттерді қолдану;
* Гипербариялық оксигенация;
* Ашу және дренаждау;
* + Мастэктомия;
* Кесумен ашу;
#288
*! 114. Ер адам 48 ж., оң аяғының үлкен асықты сүйегінің созылмалы остеомиелитімен ауырады. Кезекті асқынуында дене температурасы 39-40оС дейін көтерілді. Зертханалық зертеуде айқын лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарлауы.Қаннан стафилококк себіндісі анықталды. Анемия өршіді, тері жабындылары мен склераның сарғаюы және іріңді ошақшалар пайда болды.
Бұл жағдайда бастапқы инфекция ошағың емдеуді недең бастау керек?
* Протеолиздік ферменттерді қолдану;
* Гипербариялық оксигенация;
* + Жараны хирургиялық өндеу;
* Жараға тампон орнату;
* Жараңы тігу;
#289
*! Ер адам 60 жаста, хирургия қабылдау бөліміне әкелінді, оң қол сыртқы бетіндегі ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінен: 3 күннен бері ауырады. Тексерісте: оң қол сыртқы бетінде тері үстіне конус тәрізді шығып тұратын қабыну инфильтраты бар, үстіндегі тері қызарған, ісінген, пальпация кезінде ауру сезімді. Инфильтрат үстінің ортасында қара нүктесі бар аздаған іріңдік жиналған. Оң қолдың сыртқы аймағының фурункулы диагнозы қойылды.
Осы жағдайда ең ықтимал тактикаңыз:
* Жоспарлы жағдайда операциялық ем;
* + Шұғыл жағдайда операциялық ем;
* Жедел жағдайда операциялық ем;
* Физиотерапия жеткілікті;
* Консервативті ем;
#290
*! Ер адам 60 жаста, хирургия қабылдау бөліміне әкелінді, оң қол сыртқы бетіндегі ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінен: 3 күннен бері ауырады. Тексерісте: оң қол сыртқы бетінде тері үстіне конус тәрізді шығып тұратын қабыну инфильтраты бар, үстіндегі тері қызарған, ісінген, пальпация кезінде ауру сезімді. Инфильтрат үстінің ортасында қара нүктесі бар аздаған іріңдік жиналған. Оң қолдың сыртқы аймағының фурункулы диагнозы қойылды.
Осы жағдайда ең ықтимал операция көлемі:
* Крест тәрізді тіліммен іріңдікті ашу;
* Инфильтрация аймағын сылып алу;
* Іріңдік құрамын аспирациялау;
* + Іріңдікті ашу және дренаждау;
* Іріңдік негізін алу;
#291
*! 40 жастағы ер адам емхана хирургына сол қолдың 2-саусағындағы ауру сезіміне, қышуына шағымданып келді. Анамнезінен: 3 күн бұрын шошқа етін бөлшектеу кезінде жарақат алған. Қарап тексеру кезінде сол қолдың 2-саусағының сыртқы бетінде ауру сезімді, қышитын, нақты шекарасы бар алқызыл ісіну байқалады.
Сол қолдың 2-саусағының эризипелоиды диагнозы қойылды.
Осы жағдайда ең ықтимал емдеу тактикаңыз:
* Жоспарлы жағдайда операциялық ем;
* Шұғыл жағдайда операциялық ем;
* Жедел жағдайда операциялық ем;
* Физиотерапия жеткілікті;
* + Консервативті ем;
#292
*! 29 жастағы ер адам сол қолдың 1-саусағындағы ауру сезіміне шағымданып емхана хирургына келді. Анамнезінен: 2 күн бұрын сол қолдың 1-саусағының дисталды фалангасын абайсыздан жарақаттаған. Қарап тексеру кезінде сол қолдың 1-саусағының дисталды фалангасының айқын ісінуі, гиперемия, эпидермис ажыраған аймағы бар, оның астында ірің анықталады, пальпация кезінде қатты ауру сезімі байқалады. Хирург оң қолдың 2-ші саусағының теріастылық күбірткесі диагнозын қойды. Операцияға абсолютті көрсеткіш, ер адамың келісімі алынды.
Бұл жағдайда қандай жансыздандыру әдісі ең ықтимал?
* + Оберст-Лукашевич бойынша өткізгіштік анестезия
* Жергілікті инфильтрациялық анестезия
* Браун-Усольцева бойынша анестезия
* Көктамыр ішілік анестезия
* Хлорэтилмен жансыздандыру
#293
*! 18 жастағы әйел емхана хирургына сол қолдың 2-саусағындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен: 2 күн бұрын, маникюр жасаған кезінде, жарақат алған. Қарап тексергенде: сол қолдың 2-саусағының тырнақтық білікшесі ісінген, қызарған, ажыраған эпидермис астында ірің байқалады.
Диагноз: Сол қолдың 2-саусағының паронихиясы.
Операцияның қандай түрі ең тиімді:
* + Канавел бойынша
* Клапп бойынша
* Бир бойынша
* Верт бойынша
* Фишман бойынша
#294
*! Ер адам 36 жаста сол қолдың 2-саусағы аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауырғанына 2 тәулік болғанда емханаға келген. Сол қолдың 2-саусағының ортаңғы фалангасында көлемі 1,5х1,5 см эпидермис астындағы тіндерден іріңді сұйықтықпен ажыраған. Диагноз – Терілік күбіртке.
Ең тиімді емдеу тактикасы қандай:
* Физиоем
* Мазді таңғыш
* Спиртті таңғыш
* + Эпидермисті тілу
* Антибиотикотерапия
#295
*! Ер адам 3 күннен бері сол қолдың 4-саусағының тырнақтық пластинкасы аймағындағы ауру сезіміне шағымданып, емханаға келді. Жұмыста тырнақ астына тікен кіріп кеткен, дереу алынып тасталған. Тырнақтың астында ірің жиналғандығы байқалады. Диагноз - Тырнақ асты күбіртке. Ең тиімді емдеу тактикасы қандай:
* Физиотерапия
* Мазді таңғыш
* Спиртті таңғыш
* Антибиотикотерапия
* + Тырнақты алып тастау.
#296
*! 45 жастағы ер адам хирургия қабылдау бөліміне оң қол сыртқы бетіндегі ауру сезіміне шағымдарымен әкелінді. Анамнезінен: 3 күннен бері ауырады. Тексерісте: оң қол сыртқы бетіндегі тері үстінде конус тәрізді шығып тұратын қабыну инфильтраты бар, оның үстіндегі тері қызарған, ісінген, пальпация кезінде ауру сезімді. Инфильтрат үстінің ортасында қара нүктесі бар аздаған іріңдік жиналған. Диагноз: Білезіктің сыртқы аймағының фурункулы.
Осы жағдайдағы ең ықтимал тактикаңыз?
* + Іріңдікті ашу, дренаждау
* Антибиотикотерапия
* Маздік таңғыштар
* Рентгенотерапия
* Физиотерапия
#297
*! 78 жастағы ер адам ауруханаға мойнының және кеуде қуысының ауру сезіміне, жұтынғанда ару сезімінің күшейетініне, ентігуге, дене қызуының 40°С дейін көтерілуне шағымданып келіп түсті. 5 күн бұрын балық жеу барысында сүйегін жұтып қойғанын байқаған, содан кейін бөгде зат барын сезген. АҚ 160/90 мм.рт.ст., пульс 110 уд/мин. Науқас мазасыз, басы кеудесіне иілген қалыпта отыр, басын шалқайтқанда ауру сезімі күшейеді. ЭФГДС тексеруде өңештің жыртылуы анықталды. Осы жағдайда ең тиімді тәсілді көрсетіңіз?
* Жедел операция
* + Шұғыл операция
* Қалдырылған операция
* Консервативті терапия
* Физиотерапиялық ем
0298
55 жастағы ер адам, ауруханаға жарақат алғаннан 2 сағаттан кейін мойынында бөгде зат тұрған сезіміне, жұтынғанда ауру сезімінің күшейуіне шағымданып келіп түсті. Ауру сезімін тауықтың етін жеп отрғанда, байқаусызда сүйегін жұтып қойуймен байланыстырады. Жедел эзофагоскопия жасағанда өңештің жыртылуы анықталды көлемі - 0,7*0,5см.
Төменде көрсетілген емдеу әдістерініің ішінен ең тиімдісін көрсетіңіз?
* + Ақауды тігіп, дренаждау, антибиотикті терапия
* Мұрын-асқазанды зонд қою, антибиотикті терапия
* Өңеш резекциясы және тоқ ішек пластикасы
* Антибиотикті терапия, физиотерапиямен бірге
* Ақауға эндоскопиялық пломба қою
0299
70 жастағы ер адам, ауруханаға кеуде-арты аймағының ауру сезіміне, жұтынғанда және басын шалқайтқанда ару сезімінің күшейетініне, дене қызуының 39-40°С көтерілуіне шағымданып келіп түсті. Науқас мәжбүрлік жағдайда басы кеудесіне иілген қалыпта отыр, беті және денесінің жоғарғы бөлігі ісінген, мойынында тері астылық эмфизема және бозару байқалады. Кеуде қуысының жалпы R-суретінде – кеуде аралық шегарасының ұлғайғаны және эмфиземасы байқалады. Жедел медиастинит диагнозы қойылды.
Төменде көрсетілген емдеу әдістерініің ішінен ең тиімдісін көрсетіңіз?
* Іріңдікті кесіп-ашу және дренаждау
* Тампон тығынын және дренаж түтігін қою
* Қуыс ішіне антибиотик енгізу
* + Превентивті медиастинотомия
* Ағынды санация
0300
Ер адам 34 жаста хирургиялық бөлімшеге ауру сезіміне, оң жақбілек аймағындағы жоғары температурасына шағымданып, жатқызылды. Ауырғанына 6 тәулік болды. Қарап тексергенде: оң жақ білегінің сырт терінің қанкернеуі, ісінуі, жұмсақ тіннің қабыну инфильтрациясы байқалды. Ауырғанына 7 тәулік болды. Емхананың дәрігеріне қаралған.Жаұпа май таңғыштары тағайындалды. Жақсару болған жоқ.
Сіздің ары- қарайғы емдеу тәсіліңіз қандай?
* Резерв антибиотиктарын тағайындау;
* Пункцияны жасау және антисептик енгізу;
* Білектің массажы мен физиоемдеуді тағайындау;
* Инфузионды-трансфузионды терапияны тағайындау ;
* + Жарып ашуды орындау, некрэктомия, дренаждау
0301
Ер адам 57 жаста хирургиялық бөлімшеге оң жақ қолдың 2 саусағындағы ауру сезіміне шағымданып, жатқызылды. Ауырғанына 3 ай болды. Қарап тексергенде: оң жақ қолдың сұқ саусағының айрықша ісінуі, функциясы бұзылған,жыланкөзден іріңді бөлінісі бар. Рентгенограммада сүйек тінінің жалпы жойылуын анықталды.
Сіздің ары- қарайғы емдеу тәсіліңіз қандай?
* Кең некрэктомия
* + Саусақтың ампутациясы
* Жыланкөздерді жарып ашу
* Жыланкөдерді дренаждау
* Консервативті ем
#305
*! Әйел адам 32 жаста емханадағы хирургқа білек ішкі бетінің бойымен оң жақ саусақтарының қозғалысы кезінде ауырсыну сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде: ісіну және қанкернеуі байқалмады. Саусақтар және білектің қозғалысы кезінде білек сіңірдің сықырлауы «қытырлақ қар.» түрі бойынша анықталады
Сіздің ары- қарайғы емдеу тәсіліңіз қандай?
* Ыстық компресс қою;
* Массаж ұсыну;
* Физиоемді тағайындау;
* + Функционалды тыныштық жасау;
* Сықырлау орнына пункция жасау;
#306
*! Әйел адам 43 жаста емханадағы хирургқа бөксе аймағындағы ауру сезімді қатаю пайда болғанына шағымданды.Анамнезінен: 5 тәулік бұрын өз-өзіне бүлшықетке дәрі салғанын айтты.Қарап тексергенде: сол жақ бөксе аймағынының жоғарғы жағында 10х10 см мөлшері инфильтрат байқалды,
қан кернеу, қызыну, пальпация кезінде өткір ауырады. Ортасында флюктуация анықталды..
Сіздің ары- қарайғы емдеу тәсіліңіз қандай?
* УДЗ бақылауымен пункцияны орындау;
* + Жарып ашу және дренаждау
* Физиопроцедураларына жіберу;
* Инфильтратқа антибиотикті енгізу;
* Ыстық компресс қою
#307
*! Әйел адам 26 жаста емханадағы хирургқа қолтық асты аймағындағы ауру сезімді қатаю пайда болғанына шағымданды.Ауырғанына 7 тәулік болды. Өздігінше емделген. Қарап тексергенде: оң жақ қолтық асты аймағынының 5х4см мөлшерді ауырсынды инфильтрат байқалды, терінің қан кернеуі мен қызынуы бар. Инфильтраттың ортасында іріңді фокус байқалды.
Осы жағдайда анағұрлым ықтимал диагнозыңыз қандай?
* Вишневский майымен компресс таңу
* Озонотерапия сеанстарын тағайындау
* Пункционды емдеуді тағайындау
* + Іріңді жарып, дренаждау
* Массаж және емдік денешынықтыруды тағайындау