• Название документа

    Cкачать озан шежірелеріне шолу


  • Размер: 0.03 Мб | Формат: DOCX
  • Сообщить о нарушении / Abuse

    Скачать через: 20 сек.

Установите безопасный браузер



Предпросмотр документа

Жұмабек Рахымбекұлы. Ажы ауылы Ерейментау ауданы.

1971 жылы, Ажы ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Ақмола құрылыс техникумын құрылысшы – менеджер мамандығы бойынша бітірген. Тел: 8-701-304-52-74

Қозған шежірелеріне шолу

Ұлттық құндылықтардан айырылып, дінімізге тыйым салынған, салт-дәстүрлерімізді ескіліктің қалдығы деген атеистік тәрбиемен түсіндірілген Кеңес заманында рухани тамырымыз – ата тарихымыздан қол үзіп қалдық. Ата тарихымызды төл шежіреміз деп ұқсақ, сол уақыттың жастары бүгінгі қырықтың қырқасына шыққан қырмасақал мен елуді еңсеріп алпысты алқымдаған кейбір ағайындардың шежіре түгіл жеті атасын айта алмайтынын көріп жүрміз. Күнделікті күйбең тірлікпен жүрген олардың ел мен жердің өткен тарихына мән бермей жүргені де рас. Осындай олқылықтардың орнын толтыру бағытында ел мен жер және туған өлке тарихына, ата-баба және ру-тайпа өміріне қызығушылықпен көптеген тарихи танымдық іс-шаралардың болып жатқаны көңіл қуантады. Мұндай игілікті шаруалардың басым бөлігі ру-тайпа тарихына арналып жазылған шежіре кітаптары болып тұр. Енді, осы шежіре еңбектері қаншалықты дұрыс жазылған? Тарихи деректер, мұрағат құжаттары пайдаланылған ба, қандай аңыз әңгімелерге сүйенген? –деген заңды сұрақтар көкірегі ояу әрбір саналы адамды ойландыратыны анық. Сол себепті, өзім ұрпағы болатын Бегендік-Қозған руына байланысты жазылған шежіре кітаптарға үңіліп, шолу жасауды мақсат еттім.

Негізі – бұл тақырып бұрыннан көкейде жүрген ой еді. Былтыр Ерейментау қаласында өткен Қанжығалы руының тарихын зерттеушілердің басқосуы жазылуына қозғау болды. Берісі ауданымыздан, арысы еліміздің басқа аймақтарынан жиналған тарихшы-ғалымдар, өлкетанушы-шежірешілердің қатысуымен екі күнге созылған жиылыста :«Қанжығалы руының тарихта алар орны, оның этникалық тарихының бүгінгі ұрпаққа қажеттілігі », деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсат: 2004 жылы Тілеукен Еңсебаев жазған «Қанжығалы шежіресі » кітабын толықтыру және ру ішіндегі ата тармақтарына арналған шежіре-жинақтамаларды қосып үлкен кітап басып шығару. Келісіп пішкен тон келте болмас, Бөгенбай және Үмбетей ұрпақтарына алға қойған армандары орындалып, бастаған істеріне сәттілік тілеймін!

Өзге жұрт балалары десем артық болар, өз бауырларымыз ақылдасып, кеңесіп осындай келісімді істерді қолға алғанда, ру шежіресіне арнап бірнеше кітап жазып тастаған менің туыстарым қаншалықты бағалы дүние жасады екен деп, сөзімді әрі қарай жалғастырайын. Жасырары жоқ, азаттықтың дәмін сезіп, егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдары басқа рулар шежірелерін жариялап бастағанда Бегендік-Қозған руының тарихы аз зерттелді. Оған себеп – ұрпақтар сабақтастығының үзілуі, яғни, шежірелі көнекөз қариялардың азаюы, ұқпақұлақ жады мықты жастардың көңіл бөлмеуі. Өткен тоқсаныншы жылдардың басында «Дауа» газетінде: «Бір ғажабы шежіре берген адамдар өз атасын тарата білсе де, одан әрі Бегендікке жеткізе алмайтынын аңғардық. Яғни, ру бастамасына жетпей, шежіре жүйесі үзіледі. Ортасындағы көздері үзілген шынжыр қолыңызға алғандай сезім пайда болады», деп жазды. Кезінде қолына қалам ұстап, том-томдап кітаптар жазған ағаларымыз да, өмір сүрген заманның ықпалы шығар, бұл шаруаға аса құлықты болмаған секілді. Жазушы Зейін Шашкин «Жазушы және уақыт» деген мақаласында «...Ол кездегі өмірді өзі онша білмесе де, сол ата-бабаларының баяғы бір сол дүниедегі тірлігін қазбалай беретін жазушыларымызды өз басым түсінбеймін» деп жазғанын оқыдық. Осындай обьективті себептерден шығар,сол жылдары жарық көрген «Ертіс-Баянауыл» шежіресі ,кейінгі «Баянауыл перзенттері» шежіресіне осы өңір ата қонысы болып, мекендесе де Қозған ата ұрпақтары енбеді.

Кейін ру тарихына байланысты жазбаларды Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресінен» таптық. Шежіреші Мәшекең: «Қозғанның түп атасы болып табылатын Оразкелді деген кісі Сүйіндіктің інісі Бегендіктен туған. Бірақ Бегендік өмірден ерте озып, Оразкелдінің шешесін әмеңгерлік жолымен Сүйіндік өзі алады. Сүйіндік алғасын одан Суғыншы туып, ел ішінде Оразкелді-Суғыншы атанып, екеуі де Сүйіндіктің баласы есепті болыпты» деп жазады. Оразкелдіден екі бала – Тәңірберді, Сырық. Суғыншыдан екі бала – Шоманақ, Мәжік.Тәңірбердіден үш бала – Ораз, Малқар, Жұлымсопы. Сырықтан екі бала – Қожамберді, Тоқтас. Қожамбердіден – Байназар, Есназар, Қозыбақ. Тоқтас екі қатын алған, бәйбішесінен Есіл бойындағы Қарақозған, тоқалының аты Сарықыз, одан туғандар Сарықозған аталады...

Енді, негізгі тақырып щежіре кітаптарға көніл аударсақ! Әзмағанбетұлы Амантай ағамыздың шежіресі 2012 жылы Екібастұз қаласында жарық көріпті. Қадірлі де,құрметі ағамызға көп рахмет!Ата-тек сызбаларынан құралған кітапта мағлұмат-деректер аз демесек, Қозған шежіресінің негізі қаланды деп, айтуға болады.Сонғы сөзінде өзі жазғандай тізбектелген ата-тек қатарынан қалып қойған адамдарды толықтыру,кездесетін кем-кетікті түзету келер ұрпақтың еншісінде.200- беттегі Қозған ата ұрпақтарының жазылу реті қандай да болсын шежіреге бағдар болатын темірқазық іспеттес!

Келесі кітап, «Сарықозған.Көбек батыр шежіресі.» Аяшинов Дәурен жазған. Өз пікірін білдірген тарихшы Радик Темірғалиев жазғандай өлкетанушы энтузиаст Дәурен Аяшинов бұл еңбегінде шежіре жазудың керемет сапалы үлгісін көрсетті. Көптеген мұрағат құжаттарымен, сол замандағы сурет-карталармен жан-жақты зерттеу жүргізеді. Мысалы, Екібастұз қаласы атауы туралы қызықты ақпаратты ұсынады. Қозған руының Сарықыз-Көбек-Ақша бөлімшесінің старшинасы Үкібас Ақкісіұлының есімі осы маңдағы көлге, кейін сол көл атауы қалаға берілгені бұған дейінгі қала атауына байланысты тұжырымдарды жоққа шығарады. Сондай–ақ Баянауыл мен Атбасар даласындағы ру ұрпақтарының байланысын тарихи құжаттар мен мұрағат деректері арқылы сипаттайды. Қозған болысының ең алғашқы болысы Сарықұл Байғасқаұлы өз руының тағдыры үшін ауыр шешім қабылдап, Кенесары хан көтерілісіне қатысады.Наразылық қозғалысын 1842 жылға дейін қолдап жүргенін,кейін сол себепті де Баянауыл маңындағы ата қоныстарынан айырылғанын ,сол жерлерге басқа рулар қоныстанғанын тарихи деректер арқылы дәлелдейді. Патша үкіметі Сарықұлды онша жақтырмағандықтан қудалауға алып,басқарушы лауазымынан алынады.

Сарықыз анамыздың мазарының белгілерін 1878-1898 жылардағы жиынтық карталардан табады. Дін ғұламасы Бейіс Хазірет туралы әңгіме,Кенесары көтерілісінің қаһармандары Асат би Атымбекұлы, Шорман Асатұлы, Қарабай Түкейұлы, мыңбасы Шабан Сүтемгенұлы, Кеңес Одағының батыры Ақан Құрманов, алашордашы Хасен Қошанбаев және т.б адамдар туралы деректер маңыздылығымен құнды.Тек бір әттеген –айы жазушы Ғалымбек Жұматовтың «Қозған ата- заманынан озған ата» атты мақаласын өзгеріссіз бергенінде болып тұр. Аталмыш мақаладағы қателікті Ғалымбектің кітабын талқылағанда жазамын. Жалпы Дәурен Аяшинов еңбегі әдемі безендірілген сырт пішінімен ғана емес, мұрағаттық құжаттармен және терең мазмұнды тарихи деректермен сабақталған құнды дүние. Бір сөзбен айтсақ,бұл кітапты оқу керек.

Үшінші кітап. Алматы қаласында шыққан. Қозған Арғын (Бегендік, Шегендік) шежіресі. 2013 жыл. Шежіре жинаушы Ысқақов Бақытжан Мағзомұлы. Бұл жинақта Қозған ата ұрпақтары – Оразқозған, Қарақозған, Сарықызқозған деп үш тармаққа бөлінеді. Түпнұсқа болар Мәшһүр Жүсіп жазбаларынан өзгешелеу мынадай аңыз бар. Бірінші- Бегендіктің немересі Қожагелдінің үлкені Тәңірбердіден Ораз туады. Ораз бойын жинап отыру, еңбектеу шағына жеткенде қозғалу қимылы жиілеп ерекше көзге түседі. Баласы Ораздың мұнысын бақылаған әкесі Тәңірберді: «Осы баламның қимыл-қозғалысы тынымсыз, тегінде мұның өзі мен нәсілінің тіршілік әрекеті ұтымды болар-ау, деген үмітпен Оразқозған деп атайық» дейді. Сөйтіп әкесінің ұйғарымымен Оразға қозған қосылып ұрпағы Оразқозған аталған.

Қарақозғанның ұлы атасы Тоқтастың алты баласының үшеуі- Байтеке, Тайтеке, Тыныбек-Мақпал атты бәйбіше балалары. Мақпал апа өзінің өнегелі, байсалды, жақсы мінезімен «Мақпалқара» аталыпты. Осы үш баладан өрбіген елдің Мақпалқараны дәріптеп Қарақозған аталуы осыдан. Тоқтас батырдың кіші әйелі – Сарықыздан Есенқұл, Ырыс, Көбек туады. Бұл үшеуінен өрбіген ұрпақтың «Сарықозған» аталуына анасы Сарықыздың атын ескеріп және бабалары Тәңірбердінің баласы Оразға арнап қосқан «қозған» деген атты игілікке санап, ырымдап, бір нәсілден тараған ұрпақтарды үшке жіктеп - Оразқозған, Қарақозған, Сарықозған атаған. Егер осы аңыздың тұжырымына тоқтап, Аяшинов шежіресіндегі Қозған болысының алғашқы болысы Байғасқаұлы Сарықұлдың тағдыры, оның өзі үшін де, қол астындағы руы үшінде, қабылдаған ауыр шешімін ел аузындағы: Үш ата арғы тегі Қозған екен, Бір жүйрік ортасынан озған екен. Жүйрігі ортасынан кеткеннен соң, Өзгесі бет –бетімен тозған екен,- деген өлеңнің мағынасымен сипаттап беруге болады. «Қазақ шежіресі» кітабындағы жазбаларды түпнұсқа десек, МәшҺүр Жүсіп деректерінде Мұса Шорманов жазып берген Г. Потанин еңбектерімен үндестік бар. Жоғарыдағы аңызда көңілге қонымды.

Ендігі бір кітап- «Қозған шежіресі». Авторы жазушы Ғалымбек Жұматов 2013жыл. Бұл кітап туралы «Отарқа» газетінде Амантай ағамыздың пікірін оқығанбыз. Сол тақырыпты толықтыра кетейін. Ата-тек сызбаларындағы ретсіздік өз алдына, ру тарихындағы әйгілі адамдар бөлімінде атақты Күреңбай сыншы туралы:

Қозғанда Бекқұл мен Қабыл орны

Дүйсекей, Күреңбайлар ескі қорлы.

Солардың ортасында жүргенімде ,

Болады енді Мәшһүр-Жүсіп кімнен сорлы, -деген бір шумақ өлеңнің екінші жолындағы «қорлы» сөзін «қорымы» сөзіне өзгертіп жіберген. Бір емес екі рет! Бұл хәкім Абай айтпақшы: «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз бейшарасы!» Тақырыбы қаншама кітапқа арқау болған Ереймен жанжалы оқиғасының салқыны Мәшһүргеде тиіп, Қоржынкөлден қайтарда шығарған «Ерейментау сапары» өлеңі-бұл. Осы шумақ содан үзінді. Кітаптың қомақты пішіміне, сапалы кағазына қарап, біршама қаржы жұмсалғаның аңғарамыз. Парақтап отырып: Бұны кітап оқымайтын адам жазғанба? -деп, пендешілік ойға ерік бересің. Өйткені, пайдаланылған әдебиеттер тізімі атымен жоқ! «Найзатас» журналында басылған мақала мен суретті өзгертусіз баса салған автор суреттегі адамдарды: «Әйгілі Күреңбай сыншы замандас ағайындар арасында», деп жазады. Ал мақалада Мақсат Әділханұлының өңдетуімен басылған бұл суреттегі адамдардың аты-жөні тегіс жазылған. Арасында Күреңбай жоқ, баласы Мамырхан бар. Ақылдастар алқасы қайда қараған !?

Кітаптың алғашқы, яғни аннотация бетінде қалалардағы және аудандардағы мұрағаттар мен мұражайлардың құжаттары, деректі жәдігерлері пайдаланылды деген ақпар бар. Шынымды айтайын, ондай нәрсе көре алмадым. 47-50 беттердегі карталар мұрағаттық жәдігерлерден гөрі қазіргі ауылшаруашылық карталарына ұқсайды.

Дегенменде, сыни көзқарастан арылып, ауызды қу шөппен сүрте берген жарамас. Кітап авторына құрметпен қарап, Тоқтас батыр, Жауқашты, Дәулетбай батырлар, Тәйтеке би, Түйте әулие, Күреңбей сыншы, Бекше мерген, Қопа шешен, Біржан Нұржанұлы,Сүбек ұста сынды тарихи тұлғаларды, жазушылар Зейін Шашкин, Аллажар Теміржанов, Сейітжан Омаров, Сәкен сері Жүнісов, академиктер Зайролла Дүйсенбеков, Хабиболла Оспанов, Серікбай Бейсенбаев, әнші Жабай Тоғандықов, діни тұлғалар Исахан хазірет, Сәйпи хазірет, генерал Самат Бакиров, бүгінгі зерделі ақсақалдар Мұқатай Құлжанұлы, Мүкарам Шүленбаев, ақын-композитор Зекебай Солтанбаев, сенатор Асхат Күзеков, т.б адамдар туралы көпшілік қауым осы кітап арқылы біліп жатқанын айтқым келеді.

Осы шежіреде Қозған ата ұрпақтары толық қамтылды, деп айта алмаймыз.Бұл күндері есімі біржола ұмытылған Әйнекен шешен, жеті дуанға билік жүргізген Көшеннің Тұрлыбегіне уәж айтып, сөзден тосылтқан мыңғыртып мың айдаған Қабыл бай , оның ұрпағы қазақ әдебиеті нұсқаларын жинаушы Бозтай Жақыбаев , өз заманының батыры Баянаула өңірінен шыққан алғашқы революционерлердің бірі Асқар Сыздықыв, т.б белгілі адамдар жайлы мәліметтер жоқтың қасы. Әйтседе, жиендерге бір тарау арналған. Жиендер басқа ру балалары, оларды өз шежірелеріне жазу керек деген сын айтылғанын білеміз. Қыздан туғанның қиығы жоқ, бір балаға зар болған адамдар қыз баланы да балам деп есептейді. Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан, апа-қарындастарымыздан туған жиендерді бөлектеудің қажеті жоқ. Сөз орайы келгенде айтайын, осы шежірелерде жазылмаған бір дерек! Ақын-композитор Сегіз Сері Шақшақов Баянтау сапарында Қозған елінің Баймұрат деген сері жігітінің келіншек алу тойына кез болады. Сол тойда үлкені Мұхитжамал , Меруерт, Нағима, Мағрипа, Райхан атты қозған қыздарына арнап «Бес қарагер» әнін шығарады. Өлеңнің бір шумағы:

Жиналған жігіттерім бәрі сері,

Ойын –той, сауық-сайран жүрген жері.

Шығардым тарту етіп осы әнді,

Болсаңдар Қозған елі гөзелдері.

Сезім шіркін Сегіздің еркіне қоймай, ән бірінен кейін бірі туып жатады! Сері Қозған сұлуларына арнап әнмен айтылатын «Замандасқа»және «Сәулем-ай» атты өлеңдерін шығарады.

Сегіз Сері сынды қазақтың біртуар тұлғасы ән арнаған Мұхитжамалдай қыздарымыздың бірінен туған жиен – Сайлау Байбосын. Сайлау ағамыз «Қызылтау құтты қоныс, киелі аймақ» атты тарихи- танымдық кітабында нағашы жұртына арнап «Қоныстас Қозған елі» айдарымен бір тарау арнады. Мәшһүр Жүсіп жазбаларына сүйенген Сайлаудың әңгімесінің тілі жатық ,оқырманға түсінікті,әрі жеңіл оқылады. Қозған елі қыстау -жайлаулары жайлы мұрағаттық деректерді назарға ұсынады. Мәшекеңнің «Абылай аспас сары бел» әңгімесін тұтастай енгізіп, негізгі тақырыпты осы әңгімеде айтылатын Бекше мерген және ұрпақтары төңірегінде өрбітеді. Қазақ әдебиетінің айтулы тұлғасы Зейін Шашкин мен қабырғалы қаламгер Аллажар Теміржанов туралы «Қазақ әдебиетінің қос күреңі» атты мақаласы бар. Кейін бұл мақала бір республикалық, екі облыстық, аудандық газеттерде басылды. Сондай-ақ, «Қозғанның Қопасымын, бетіне шыққан опасымын», дейтін Қопа шешеннің бүгінгі күнге жеткен сөздері, ел еркесі әнші Уәлиқызы Майраға аз уақыт жолдас болған Назымбек Ахметов атамыз жайлы әңгімеленеді.

Кітап –жан азығы,шежіре-төл тарихымыз десек, Қозған руының қазіргі уақыттағы кітап бетінде жарық көрген шежірелері осындай.Рулар тарихынан туған өлке,ата қонысы болған өңір тарихы құралатынын ескерсек бұл да керек шаруа.Әрине аз-кем кемшіліктері бар,ешкім ренжімес оны атап көрсеттім. Шежіре-кітаптардағы дерекге илансақ,Қозған руы ата- тармақтарының қоныстары Баянауыл өңірі мен Атбасар даласы екенін аңғарамыз. Мұрағат құжаттары,дәйекті деректер сөзіме дәлел.Мәшһүр-Жүсіп жазбаларын басшылыққа алссақ ,Бегендік-Қозған ұрпақтары Сүйіндік балалары есепті екенін оқимыз.Ендеше соңғы кездері жалпы Баянауыл өңірін қамтитын тарихи-танымдық шежіре-кітаптарға Қозған руының шежіресі енбейтіні түсініксіз.

Шежіре жазу-ауыртпашылығы мен қиыншылығы мол шаруа.Бірігіп жазылатын дүние,бір кісінің атқарып шығуы қиын.Онша абыройда әперетін іс емеc. Тізбектелген ата-тек қатарынан бір адам түсіп қалса бүкіл атқарылған шаруаны қара сызықпен сыза салу кейбіреулер үшін түкте емес.Сондықтан,бұл іске кіріскенде оның тарихи құндылығын,халыққа маңыздылығын және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезініп бастаған абзал.