• Название:

    азіргі адамдарды мірлерінде денсаулыыны нашарлауына сер ететін былыстар кп

  • Размер: 0.07 Мб
  • Формат: DOCX
  • или


ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» А.Қ.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАЯРЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

МОДУЛЬ ТАПСЫРМА 4

тақырыбы: «Шу студенттер мен оқытушилар күйзелісті жағдайының елеулі факторы ретінде»

М-113Р тобының студенті

Асаинова Лаура

Тексерген: филол.ғ.к., аға оқытушы А.Ж. Зекенова

Астана - 2016

Қазіргі адамдардың өмірлерінде денсаулығының нашарлауына әсер ететін құбылыстар көп. Солардың бірі күнделікті өміріміздегі шу. Шудың адам өмірі, тыныс-тіршілігі, іс-әрекетіне кері әсерін тигізетіндігіне көп адамдар келісер. Бүгінгі таңда шудың ашуланғыштықты тудырып, адамның тек есту қабілетіне ғана емес, сонымен қатар бүкіл ағзасына кері әсер ететіндігі дәлелденген. Шудың гигиеналық мәні бар, нақтырақ айтқанда: жұмыста отырғанымызда аз ғана шудың өзі біздің көңілімізді қажетті жұмыстан басқа нәрселерге аударады. Соның нәтижесінде адам бір іске ден қоя алмай ашуланғыштық пайда болады. Сонымен қатар шудың шеткен тыс жоғары деңгейі гастритке, ойық жара ауруларына, жүйке жүйесі ауруларының тууына себепші болады. Бұның барлығы бізді қоршаған шудың әсерінен болуда. Сол себепті, біз университет қабырғасында тыныш жұмыс жағдайын сақтап қалуға тырысуымыз қажет.

Біріншіден, біз дыбыстың жағымды және жағымсыз тұстарын анықтауымыз қажет. Мысалы, әннің дыбысы – ол толқындар, олар адамның ішкі ағзасына «уқалау» жасап, адамның денсаулығына жағымды әсерін тигізеді.

Екіншіден, біз шудың тигізер зардаптарын анықтағаннан кейін олардан құтылу жолдарын іздеп тырысқанымыз жөн. Роберт Кох айтып өткендей: «бір кездері адамдар тырысқақ пен обадам күрескен сияқты шумен де күресуді бастайды». Менің ойымша, бүл уақыт келіп жетті. Сол себептен мен университет қабырғасында дыбыс шутатын арнайы қондырғыларды қойғызу дұрыс деп ойлаймын, себебі ұзақ уақыт дененің шулы ортада болуы, адамның күйзелісіне кері әсеріне тигізуі мүмкін. Сонымен қатар, жеке қорғану қүралдарымен де сақтануға болады – беруши және шумен күрес жүргізуде ең басты ұстаным оған мән бермеу керек екендігін анықтадық.

Қорыта айтқанда, шу мәселесі күннен-күнге кезінен таралып жатыр, себебі қоршаған ортаның, ауаның шуылдық ластануы бүкіл саланы қамтып, адамның тіршілік әрекетіне зиянды әсерін тигізеді. Сондықтан бұл мәселе муқият үңіліп, оның шешілу жолдарын анықтауымыз қажет. Менің ойымша, шуылдық ластанудың деңгейі түссе, студенттердің және оқытушилардың жұмыс істеу қабілеті жақсара түседі, психологиялық аурулар күдігі жоғала бастайды, адамдар ширақ және мейірімді бола түседі, олардың жұмыстары жақсара бастайды. Шуылдың ластану мәселесі – барлық адамдар мәселесі толып табылады. Бір күріш дәні тостаған таразын иілдіруі мүмкін, ал бір адам жеңіс және жеңілу кепілі болуы мүмкін.

304 сөз