Нурабаева Зайда Токашевна - начальник отдела по делам загс управления организации юридических услуг.
Нурабаева Зайда Токашевна - начальник управления регистрации актов гражданского состояния и апостилирования МЮ РК.
Нурабаева Зайда Токашевна начальник Управления ЗАГСа Комитета регистрационной службы Минюста РК.
начальник управления по вопросам РАГС и апостилирования Комитета регистрационной службы и оказания правовой помощи МЮ РК – Нурабаева Зайда Токашевна,

начальник отдела ЗАГС Министерства юстиции РК Зайда Нурабаева.

1992 жылдың қаңтарында Зайда Тоқашқызы Әділет министрлігі Азаматтық хал-актілерін жазу басқармасының бастығы болып тағайындалысымен, Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалысымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық соты республика бойынша ауыз толтырып айтарлықтай үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бекең сот саласын түгел компьютерлендіріп, озық технологиялық құралдармен жабдықтады.
Осындай үлкен өзгерістер мен өзге де жұмысқа деген талапты күшейтіп, оң нәтижелерге бет бұруға көп септігін тигізгені анық. Сөйтіп, осындай іс-әрекеттерінің арқасында 1994 жылдың 15 желтоқсанында Бекең басқарған Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Әділет министрлігінің арнайы қаулысымен республика бойынша базалық сот деп жарияланды.
Айта берсек, Б.Тұрғараев атқарған үлгі боларлық істердің тізімі біршама.
Соның бірі – республика көлемінде сот жүйесінде алғашқы құқықтық Заң жане заман атты газетті Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының жанынан шығаруы.
Бұл басылым арқылы жалпы азаматтарға заң саласындағы реформалар мен өзгерістер, сот билігі, сот төрелігі, адам құқын қорғау, заңның бұзылу проблемаларына қатысты көптеген мәліметтер алуға мүмкіндік туды.
Бекең ұзақ жылдардан бері Елбасы артқан үміт жүгін абыроймен ақтап, халықтың көңілінен шығып келеді. Сонымен қатар, тек қызмет аясында ғана емес, заң ғылымының дамуына да өзіндік үлес қосып жүрген білікті заңгер десек, артық айтқандық болмас.
Бұл азамат республика Бас Прокуратурасында басқарма бастығы қызметінде болды.
Кейіннен Әділет министрлігінің соттар қызметін ұйымдастыру департаментінің бастығы қызметтерін де атқарды. 1999 жылдың 16 қарашасында Президент Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Ерен еңбегінің арқасында елдің ерекше құрметіне бөленген Бекеңе 2007 жылы облыстық маслихаттың шешімімен Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы деген атақ берілді. Жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы аз өлкеде төл мәдениетіміз бен өнеріміздің дамуына жанашырлық танытып, мемлекеттік тіліміздің өз дәрежесінде қолданылуына да ұйытқы бола білді. Облыстық сот ұжымында өзге ұлт өкілдерімен қоса өз қандастарымыздың да мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасап, қазақ тілін үйрету сабағын тұрақты түрде жүргізуді ұйымдастырды.
Бұл үрдіс облыстың барлық соттарын қамтыды.
Ол – туған тілдің үлкен жанашыры, тіл мәселесіне байланысты орталық газет беттерінде жанайқайын білдіріп, бірнеше мақалалар жазды.
Бекет – сот саласының білімді де білікті сардарларының бірі, әділдіктің ақ туын көтерген адал қызметінің арқасында абырой арқалап келе жатқан жан.
Сот саласын реформалауға қатысты айтқан талай пікірлерін тұщына оқып, сүйсіне тыңдағаным бар.
Біз мемлекет тарапынан соттар ісін жақсартуға ұдайы жағдай жасалынып отырғанын ашық айтуымыз керек.
Соның арқасында бүгінгі таңда тәуелсіз сот билігі қалыптасқандығы баршаға аян.
Біздің ендігі мақсатымыз халық сенімінің биігінен көрі- нетін қуатты сот билігі – қоғамдағы әлеуметтік теңдік пен тұрақтылықтың кепілі екенін, біз, судьялар, бір сәт те естен шығармауымыз керек, – деген кесімді пікірі талайға ой салары анық. Бұл – білікті заңгердің азаматтық берік қағидасы.
Сонымен бірге, Бекет Тұрғараев судьялардың IV съезінде:

Судьялардың зейнетке шығу жасын 68-70 жасқа ұзартып, ал, судьялыққа тек 30 жастан асқан азаматтарды ғана тағайындау қажет, – деген ұсыныс айтқан болатын. 2007 жылы алқабилердің қатысуымен алғашқы істе осы Бекең басқарған Солтүстік Қазақстан облыстық сотында қаралды.
Алқабилер сотының халықтың сот билігіне деген сенімін арттыра түсетінін айтып:

Сот билігіне халықтық элементті енгізу – еліміздегі сот билігінің демократиялық ұстанымдағы жалпыға ортақ стандартқа сай жасаған оң қадамы, – дейді білікті маман.
Бекең – халықтың сауабына, ел игілігіне шешілер ұсыныстарын әрқашан ашық айтып, олардың жүзеге асуына бар күшін салған абзал азамат.Ұлтын сүйген заңгердің тағы бір қасиеті – қашанда қайырымдылық жасау, көмекке мұқтаж жандарға демеу болу.
Ол талай азаматтардың, талантты жастардың жұмысқа орналасуына, жоғары білім алуына, қызмет сатысында өсуіне қамқорлық жасай білді. Қазіргі уақытта өзі тәрбиелеген шәкірттері республика көлемінде жауапты қызметтер атқаруда, ол ұлағатты ұстаз ретінде биікке ұмтылған жас талапқа қамқорлық жасаудан ешқашан бас тартқан емес.
Майдангер жазушы Ә.Нұршайықовтың он томдығын, көрнекті ақын К.Салықовтың өлеңдер жинағын, М.Жұмабаев шығармалары мен жергілікті жазушы Қ.Омаровтың Қожаберген жырау туралы кітабының, Қ.Тұрсынқұловтың Қазығұрт атты еңбегінің жарық көруіне демеушілік жасап, облыс кітапханаларына кеңінен таралуына тікелей ықпал етті.Мұның бәрін тізбелеп отыруымыздың мәнісі бар.
Бекең халқымыздың рухани қазынасын түгендеп жүрген айтулы азаматтардың құнды дүниесіне демеушілік жасау арқылы болашаққа, келер ұрпаққа қызмет жасап келеді. Мәдени Мұра бағдарламасын жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосты.
Ол кісінің басшылығымен Солтүстік Қазақстан облысында осы бағдарлама аясында көптеген ауқымды іс-шаралар атқарылды. Өткеннің мол мұрасын тарих қойнауынан аршып алып, халық кәдесіне жарату бүгінгі ұрпақ көкірегінде отаншыл, патриоттық сезім оятары анық. Ол әйгілі Шал ақынға аудан орталығында ескерткіш орнатылуына үлкен үлес қосты. Қазақтың атақты батыры, ақыны Қожаберген жыраудың кесенесін көтерумен бірге көтертіп, оның Петропавл қаласынан орын тебуіне мұрындық болды. Ұрпаққа үлгі бұл өнеге оның жарқын істерінің айғағындай болып мәңгі жаңғырып тұра берері хақ. Сонау Ресей мемлекетімен шектесетін Солтүстік Қазақстан облысының табиғаты сұлу, тарихы тұнған шежіре десек болады.
Бұл өлкеде ел айбыны, халық қорғаны болған айтулы батырлар мен бағландар, от ауызды, орақ тілді билер мен небір сұңғыла өнерпаздар өмір сүрген.
Бүгінгі ұрпақ солардың атын ғана естігені болмаса, олардың шығармашылығынан бейхабар.
Ауыз әдебиетінің алып өкілдері, аруақты бабалардың өлең-жыр, терме, өсиет сөз, нақылдарын жатқа айтып жүретін Бекетті осы баға жеткісіз бай мұралардың басын қосып, жинақтап, ел кәдесіне жаратсам деген ой да жиі мазалайды.
Бекең облыстық және мектептің кітапхана қорларының еселеніп, толығып отыруына қамқорлық жасап, З.Қабдоловтың, Қ.Мырзалиев, С.Жүнісов, Д.Исабеков, т.б. танымал ақын-жазушылар кітаптарының бірнеше данасын сыйға таратты.
Атақты Тоқсан би баба бейітіне тұрғызылған көрікті күмбез де Б.Тұрғараұлының есімімен тығыз байланысты екенінен хабардармыз.
Сондай-ақ, Западное селосын Тоқсан би атымен атауға, оған Петропавл қаласында көше берілуіне күш салды.
Кейіннен Тоқсан би қоры құрылып, облыс басшылығының қолдауымен баба бейітіне көз тартарлық күмбез тұрғыздырды.
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстанда биылғы жылдың 2- 4 маусымында Өлке тарихы – тұлғалар тарихы атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өтуіне ұйытқы болды.
Аталған жиынға академик С.Зиманов, М.Қойгелді және Тарих институтының директоры Б.Аяған бастаған 20-дан астам атақты ғалымдар қатынасты.
Ал, жақында, 30 қыркүйек күні, Шымкент қаласында аймақаралық Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облысының ұйымдастыруымен, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтің қатысуымен Ел иесі, Жер киесі Пір Бекеттің туғанына 260 жыл толуына байланысты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл конференцияға еліміздің белгілі тарихшылары және әдебиет-өнер саласының өкілдері – С.Қирабаев, А.Әшімов, Ө.Озғанбай және т.б. қатынасты.
Міне, бұл іс-шараның да тікелей ұйымдастырушы-сы – Бекет Тұрғараұлы.
Бекет Тұрғараұлының Мәдени мұра бағдарламасын іске асыруда сіңірген еңбегі, еліміздің мәдени саласына қосқан сүбелі үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Парасат орденімен марапатталды.
Ол бірнеше монографиялық еңбектердің авторы, заң ғылымдарының докторы.
Докторлық диссертация қорғау кеңесінің, бірнеше халықаралық ғылыми журналдардың редакциялық алқаларының мүшесі. Тәжірибеде жүріп, теориядан да қалам тербеу – екінің-бірінің қолынан келе бермейтін іс.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демей ме халық, көз көріп жүрген Бекеңдей жомарт жанды азаматтардың тындырып жүрген істеріне қарап, іштей сүйсінесің. Тілін, ділін, әдебиетін, мәдениетін сүйіп, ұлт руханиятының жанашыры болған, отаншылдық көзқарасы биік, елін, жерін сүйетін осындай қазақтың абзал да ардақты азаматтары көп болғай деп тілейсің.
заң саласында көптен бері ерен еңбек етіп келе жатқан азамат, еліміздің мәдениеті мен өнерінің, әдебиеті мен тілінің, ұлт руханиятының жанашыры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, құрметті судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Жеті Жарғы және Қожаберген жырау атындағы қоғамдық-қайырымдылық қоры-ның төрағасы, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері – Бекет Тұрғараұлы Тұрғараев жайында сөз қозғамақпыз.

Неке және отбасы туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісінде талқыланды.
Енді Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі болып қабылданады деп жоспарлануда.
Таяуда бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Азаматтық хал актілерін тіркеу және опостильдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасының бастығы Зайда Нұрабаевамен сұхбаттасқан едік.
– Зайда Тоқашқызы, әңгімемізді заңның жаңа сипат алуы отбасының қоғамдағы рөлінің маңызын арттырады деген пікіріңізден бастасақ. Бұл Неке және отбасы туралы заңға енгізілген өзгертулер заңның олқы тұстарының әсерінен туындаған мәселе ме, әлде?...
– Жалпы заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар, заңның солқылдақтығынан ғана емес, заманның бет-бейнесінен, қоғамның талабынан туындайтын нәрсе.
Неке және отбасы туралы заң сонау тоқсаныншы жылдардың басында қабылданды.
Одан бері қаншама уақыт өтті, талай нәрсе өзгерді. Жаңа заң жобасы Неке (ерлі-зайып-ты) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі деп аталынады. ҚР Парламентінің бірінші отырысында қаралып, мақұлданды.
Депутаттардың кезекті демалысқа кетуіне байланысты екінші отырысқа қалдырдық.
Қай қоғамда болмасын отбасы негізгі мәселелердің, ірі институттардың бірі. Сондықтан отбасылық жағдайларды нормативтік-құқықтық актілердің ең жоғарысы ретінде – Кодекс ретінде қарағанымыз жөн. Қазір Қазақcтанның саяси өмірі өзгерді. Көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болдық және дүниежүзімен дипломатиялық қарым-қатынас-ымыз дамып, өркениетіміз өсіп келеді. Қазақстан келер жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ететін болады.
Басшылық жасау қарсаңында еліміз заңдары мен заңнамаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жатыр.
Сондықтан Неке және отбасы туралы заңды өзгертудің уақыты жетті.
– Халық арасында талай мәрте әңгіменің арқауы болған екі әйел алу мәселесі қалай жүйеленді?
– Мәжілістің отырысында депутаттар біраздан бері халықтың көкейінде даулы мәселеге айналған екі-үш әйел алу мәселесін тартысқа салды.
Конституциямызда жазылған біз зайырлы құқықтық демократиялық мемлекетпіз.
Мұсылманбыз, дінін берік сақтаған елміз, бірақ, діни мемлекет емеспіз.
Мешіттер жұмыс істеу кезінде мемлекеттің заңына нұқсан келтірмеу керек.
Мешіт ашылғанда мемлекет тарапынан заңды құжат алып барып, жұмысын бастайды.
Сөйтіп тұрып заңның өрескел бұзылуына жол береді. Мешітте тіркелу заң талабына жатпайды.
Бұл мешітке бармасын, имамның батасын алмасын деген сөз емес.
Дін адамның рухани таза өмірінің кепілі. Мешітте имамның ақ батасын алуы, неке суын ішуі Алланың ақиық шынайы жолы.
Бірақ мешіттің құжаты заң ретінде қаралып реттелмейді. Екі немесе үш әйел алатындар мешітке барып имамның батасын алдық, енді біз ерлі-зайыптымыз деп есептейді. Ол әйелдің өзін-өзі алдағаны, ертеңгі күні бір жағдай болып қалса, мешітте тіркелген қағаздарының көк тыйындық құны болмай, заң алдында өздерін қорғай алмай қалады.
Адамның тағдырының таразыға салынбайтын уақыты болмайды, алланың адамға беретін сынағы көп.
Жаман айтпай жақсы жоқ ерлі-зайыпты болып өмір сүргеннен кейін әр-түрлі келеңсіз жағдайлар туып жатады.
Отбасындағы жанжал, ерінің әйелге қол көтеруі немесе баласын мойындамауы, алимент төлеуден бас тартуы сынды жағдайларда екінші, үшінші әйелі болып мешітте тіркелген неке құжатымен заңға жүгіне ме? Сондықтан мемлекеттік тұрғыда неке туралы құжат рәсімделгеннен кейін ғана мешітке
баруы керек.
Молдалар да заңды неке құжаты болмаса, мешітте тіркемеуі керек.
– Екі-үш әйел алу демографиялық жағдайымыздың өсуіне үлес қосады деген пікір айтылып жүр...
– Екі-үш әйел алу арқылы демографияны шешпейміз.
Ондай құрғақ әңгімеге берілудің керегі жоқ. Қазіргі заман бөлек.
Біздің ата-бабаларымыз үш-төрт әйелден алған деп еліреді. Ол кезде әйел баласы от басы, ошақ қасынан шыға алмаған. Өздері жұмыс істеп ақша таппаған. Қазіргі қоғамда әйел адамның орны бөлек.
Еліміздің саяси өмірінің өсуіне ер адамдармен бірдей үлес қосып келеді. Бұл жерде мына жәйтті айтып кетейін. Әйел адам жұмыс істемеді дегенді бір ізділікпен түсінбеу керек. Әйел адам шаңырағының шаттығы, бала тәрбиелеп, ерінің жолын тосып, елдің татулығы мен береке-бірлігінің ұйытқысы болған.
Егер демографиялық жағдайға алаңдаулы болса, мемлекет ана мен бала денсаулығына, өміріне ерекше көңіл бөлсін.
Сонда ғана халықтың санын көбейтеміз.
Саналы да салауатты ұрпақ өсіреміз десе, ана мен сәбидің өміріне баса назар аударсын. Үш-төрт әйел алып, некесіз балаларды көбейткенше, демографиялық жағдайды тек заң аясында саналы түрде шешкеніміз жөн.
Сондай-ақ, Парламент отырысында отбасы болғысы келген жастар жеті атасын білсін деген мәселені көтерді. Заң қазаққа ғана жасалған жоқ. Қазақстанды мекендейтін барлық азаматтарға ортақ. Және жеті атасын білмесе біз оларды некелестірмеуіміз керек пе? Жастардың ондай мәселемен басын қатырмау керек. Қарға тамырлас қазақ, онсыз да өзіне кімнің қалай туыс-жекжат болып келетінін біледі. Жеті атасын білмеді екен деп некелестірмей тастасақ, қазақтанда онсызда бойдақ жігіттеріміз бен бойжеткен қыздарымыз отырып қалып, кешеуілдеп үйленіп жатқанда, мүлдем жас отбасылардың санын азайтуға жол ашамыз.
Сондықтан бұл ұсыныс та негізсіз деп танылды.
– Бүгінде елімізде Азаматтық неке деген түсінік қалыптасты.
Бұл заңмен реттелмеген, дегенмен жастар арасында бақытты болудың формуласы ретінде тәжірибелік қағидаға айналды.
Осы тұрғыда ойыңызды қалай таратар едіңіз?
– Орыстар сожитель, немесе гражданский брак дейді. Содан аударып азаматтық неке деп аталынып жүр.
Бізде азаматтық неке деген жоқ. Азаматтық неке емес зинақорлық немесе нәпсі құмарлық десек дұрыстау болады.
Екі адам бірін-бірі ұнатты делік, онда неге заңды түрде некесін тіркеп, ерлі-зайыпты болып отбасын құрмайды? Кімнен, неден қорқады? Ондай жағдайға жол беретін қыздарымыздың өзі. Жар етіп алғысы келмеген еркекпен жақындасуы, өзін-өзі қорлауы.
Ертеңгі күні қыздың аяғы ауыр болып қалса, жігіт оны алмаймын десе не істейді? Немесе ер адам ата-тегін бермесе, некесіз дүниеге келген тексіз бала болып аталады, ол жақсы ма? Сонда заңға қалай жүгінеді? Баланы дүниеге әкелгеннен кейін асырап, жеткізу керек. Өзінің басын әрең бағып жүрген қыз ол баланы қалай асырайды? Азаматтық неке деген сөз өте дөрекі берілген атау.
Ер адам нәрестесінен безінсе, өз баласын мойындамаса, әкелік парызынан қашса ол адамды қалай азамат деп айтуға болады.
Ондай опасыз әке қайтіп ертеңгі күні ұрпағына үлгі-өнеге болады.
Сондықтан елімізде азаматтық неке деген жоқ. Ал дегенмен некесіз туған бала болса, сәбидің не жазығы бар сондықтан оның да құқығы заңды некедегі отбасылардың балаларымен теңестіріледі.
– Сурагат ана деген термин қолданысқа енді. Осы сурагат ана құқысы заңда қарастырылған ба?
– Сурагат деген сөзді аударған жоқпыз.
Ол біздің санамызда көп айтылып, қалыптасып үлгерді. Ол бүгінде Қазақстанда нәресте көтере алмаған аналарға қолдан жасалатын ұрықтандыру әдісі. Бұл өте таза, табиғи, әрі заңды жолмен реттеліп жасалынатын болады.
Елде бұл тәжірибені қолданып, сәби сүю бақытына кенелген отбасылар көп.
Сурагат әдісімен туған балалар ерлі-зайыптылардың отбасын сақтап қалуының, әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруына оң шешім болғаннан кейін заңдастыруға тура келді. Қазіргі кезде экологиялық және әлеуметтік жағдайдың әсерінен бе, қыздарымыздың көбі бедеулікпен, ер адамдардың біразы белсіздікпен ауырады. Әйел бала көтере алмаса, оның денсаулығын медициналық толық тексеруден өткізіп, табиғи тұрғыда қолдан ұрықтандырады.
Ерінің ұрығын арнайы тексеруден өткізеді де, әйеліне орналастырып береді. Керісінше ер адам белсіз болған жағдайда, онда орталықтың таза ұрық сақтайтын банк орталығынан табиғи таза ұрықты алып, көтере алса өз әйеліне болмаса, сурагаттық қызмет ететін заңды тұлғаға ұрықты орналастырады. Әйелі табиғи жолмен ұрықтандыруға жарамсыз болса, орталықта арнайы тіркелген сурагат аналарға салып береді. Ол міндетті түрде заңдастырылады.
Ерлі-зайыптылардың келісімімен міндетті түрде екі тарап арасында келісімшарт жасалынады.
Сурагат аналар біреудің баласын көтеру кезеңінде, тікелей дәрігердің қадағалауында болады.
Басқа ер адаммен жақындаспайды. 9 айдан өтіп баласын туып бергеннен кейін келісімшарт бойынша баланы иесіне, яғни заңды әке-шешесіне беріп, өзі аналық міндетінен босайды.
Оған ата-ана баласын аман-есен көтеріп, дүниеге әкеліп бергені үшін шартта көрсетілген бағасы бойынша ақшасын төлейді.
Азаматтық хал актілерін тіркеудің жеті түрі ерекше бөлім ретінде толықтырылып, ірі тарау болды.
Отбасы және неке туралы заң осылайша түбегейлі өзгереді. Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі деп аталынатын болады.
– Әңгімеңізге үлкен рақмет!
– Зайда Тоқашқызы, әңгімемізді заңның жаңа сипат алуы отбасының қоғамдағы рөлінің маңызын арттырады деген пікіріңізден бастасақ. Бұл Неке және отбасы туралы заңға енгізілген өзгертулер заңның олқы тұстарының әсерінен туындаған мәселе ме, әлде?...
– Жалпы заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар, заңның солқылдақтығынан ғана емес, заманның бет-бейнесінен, қоғамның талабынан туындайтын нәрсе.
Неке және отбасы туралы заң сонау тоқсаныншы жылдардың басында қабылданды.
Одан бері қаншама уақыт өтті, талай нәрсе өзгерді. Жаңа заң жобасы Неке (ерлі-зайып-ты) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі деп аталынады. ҚР Парламентінің бірінші отырысында қаралып, мақұлданды.
Депутаттардың кезекті демалысқа кетуіне байланысты екінші отырысқа қалдырдық.
Қай қоғамда болмасын отбасы негізгі мәселелердің, ірі институттардың бірі. Сондықтан отбасылық жағдайларды нормативтік-құқықтық актілердің ең жоғарысы ретінде – Кодекс ретінде қарағанымыз жөн. Қазір Қазақcтанның саяси өмірі өзгерді. Көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болдық және дүниежүзімен дипломатиялық қарым-қатынас-ымыз дамып, өркениетіміз өсіп келеді. Қазақстан келер жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ететін болады.
Басшылық жасау қарсаңында еліміз заңдары мен заңнамаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жатыр.
Сондықтан Неке және отбасы туралы заңды өзгертудің уақыты жетті.
– Халық арасында талай мәрте әңгіменің арқауы болған екі әйел алу мәселесі қалай жүйеленді?
– Мәжілістің отырысында депутаттар біраздан бері халықтың көкейінде даулы мәселеге айналған екі-үш әйел алу мәселесін тартысқа салды.
Конституциямызда жазылған біз зайырлы құқықтық демократиялық мемлекетпіз.
Мұсылманбыз, дінін берік сақтаған елміз, бірақ, діни мемлекет емеспіз.
Мешіттер жұмыс істеу кезінде мемлекеттің заңына нұқсан келтірмеу керек.
Мешіт ашылғанда мемлекет тарапынан заңды құжат алып барып, жұмысын бастайды.
Сөйтіп тұрып заңның өрескел бұзылуына жол береді. Мешітте тіркелу заң талабына жатпайды.
Бұл мешітке бармасын, имамның батасын алмасын деген сөз емес.
Дін адамның рухани таза өмірінің кепілі. Мешітте имамның ақ батасын алуы, неке суын ішуі Алланың ақиық шынайы жолы.
Бірақ мешіттің құжаты заң ретінде қаралып реттелмейді. Екі немесе үш әйел алатындар мешітке барып имамның батасын алдық, енді біз ерлі-зайыптымыз деп есептейді. Ол әйелдің өзін-өзі алдағаны, ертеңгі күні бір жағдай болып қалса, мешітте тіркелген қағаздарының көк тыйындық құны болмай, заң алдында өздерін қорғай алмай қалады.
Адамның тағдырының таразыға салынбайтын уақыты болмайды, алланың адамға беретін сынағы көп.
Жаман айтпай жақсы жоқ ерлі-зайыпты болып өмір сүргеннен кейін әр-түрлі келеңсіз жағдайлар туып жатады.
Отбасындағы жанжал, ерінің әйелге қол көтеруі немесе баласын мойындамауы, алимент төлеуден бас тартуы сынды жағдайларда екінші, үшінші әйелі болып мешітте тіркелген неке құжатымен заңға жүгіне ме? Сондықтан мемлекеттік тұрғыда неке туралы құжат рәсімделгеннен кейін ғана мешітке баруы керек.
Молдалар да заңды неке құжаты болмаса, мешітте тіркемеуі керек.
– Екі-үш әйел алу демографиялық жағдайымыздың өсуіне үлес қосады деген пікір айтылып жүр...
– Екі-үш әйел алу арқылы демографияны шешпейміз.
Ондай құрғақ әңгімеге берілудің керегі жоқ. Қазіргі заман бөлек.
Біздің ата-бабаларымыз үш-төрт әйелден алған деп еліреді. Ол кезде әйел баласы от басы, ошақ қасынан шыға алмаған. Өздері жұмыс істеп ақша таппаған. Қазіргі қоғамда әйел адамның орны бөлек.
Еліміздің саяси өмірінің өсуіне ер адамдармен бірдей үлес қосып келеді. Бұл жерде мына жәйтті айтып кетейін. Әйел адам жұмыс істемеді дегенді бір ізділікпен түсінбеу керек. Әйел адам шаңырағының шаттығы, бала тәрбиелеп, ерінің жолын тосып, елдің татулығы мен береке-бірлігінің ұйытқысы болған.
Егер демографиялық жағдайға алаңдаулы болса, мемлекет ана мен бала денсаулығына, өміріне ерекше көңіл бөлсін.
Сонда ғана халықтың санын көбейтеміз.
Саналы да салауатты ұрпақ өсіреміз десе, ана мен сәбидің өміріне баса назар аударсын. Үш-төрт әйел алып, некесіз балаларды көбейткенше, демографиялық жағдайды тек заң аясында саналы түрде шешкеніміз жөн.
Сондай-ақ, Парламент отырысында отбасы болғысы келген жастар жеті атасын білсін деген мәселені көтерді. Заң қазаққа ғана жасалған жоқ. Қазақстанды мекендейтін барлық азаматтарға ортақ. Және жеті атасын білмесе біз оларды некелестірмеуіміз керек пе? Жастардың ондай мәселемен басын қатырмау керек. Қарға тамырлас қазақ, онсыз да өзіне кімнің қалай туыс-жекжат болып келетінін біледі. Жеті атасын білмеді екен деп некелестірмей тастасақ, қазақтанда онсызда бойдақ жігіттеріміз бен бойжеткен қыздарымыз отырып қалып, кешеуілдеп үйленіп жатқанда, мүлдем жас отбасылардың санын азайтуға жол ашамыз.
Сондықтан бұл ұсыныс та негізсіз деп танылды.
– Бүгінде елімізде Азаматтық неке деген түсінік қалыптасты.
Бұл заңмен реттелмеген, дегенмен жастар арасында бақытты болудың формуласы ретінде тәжірибелік қағидаға айналды.
Осы тұрғыда ойыңызды қалай таратар едіңіз?
– Орыстар сожитель, немесе гражданский брак дейді. Содан аударып азаматтық неке деп аталынып жүр.
Бізде азаматтық неке деген жоқ. Азаматтық неке емес зинақорлық немесе нәпсі құмарлық десек дұрыстау болады.
Екі адам бірін-бірі ұнатты делік, онда неге заңды түрде некесін тіркеп, ерлі-зайыпты болып отбасын құрмайды? Кімнен, неден қорқады? Ондай жағдайға жол беретін қыздарымыздың өзі. Жар етіп алғысы келмеген еркекпен жақындасуы, өзін-өзі қорлауы.
Ертеңгі күні қыздың аяғы ауыр болып қалса, жігіт оны алмаймын десе не істейді? Немесе ер адам ата-тегін бермесе, некесіз дүниеге келген тексіз бала болып аталады, ол жақсы ма? Сонда заңға қалай жүгінеді? Баланы дүниеге әкелгеннен кейін асырап, жеткізу керек. Өзінің басын әрең бағып жүрген қыз ол баланы қалай асырайды? Азаматтық неке деген сөз өте дөрекі берілген атау.
Ер адам нәрестесінен безінсе, өз баласын мойындамаса, әкелік парызынан қашса ол адамды қалай азамат деп айтуға болады.
Ондай опасыз әке қайтіп ертеңгі күні ұрпағына үлгі-өнеге болады.
Сондықтан елімізде азаматтық неке деген жоқ. Ал дегенмен некесіз туған бала болса, сәбидің не жазығы бар сондықтан оның да құқығы заңды некедегі отбасылардың балаларымен теңестіріледі.
– Сурагат ана деген термин қолданысқа енді. Осы сурагат ана құқысы заңда қарастырылған ба?
– Сурагат деген сөзді аударған жоқпыз.
Ол біздің санамызда көп айтылып, қалыптасып үлгерді. Ол бүгінде Қазақстанда нәресте көтере алмаған аналарға қолдан жасалатын ұрықтандыру әдісі. Бұл өте таза, табиғи, әрі заңды жолмен реттеліп жасалынатын болады.
Елде бұл тәжірибені қолданып, сәби сүю бақытына кенелген отбасылар көп.
Сурагат әдісімен туған балалар ерлі-зайыптылардың отбасын сақтап қалуының, әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруына оң шешім болғаннан кейін заңдастыруға тура келді. Қазіргі кезде экологиялық және әлеуметтік жағдайдың әсерінен бе, қыздарымыздың көбі бедеулікпен, ер адамдардың біразы белсіздікпен ауырады. Әйел бала көтере алмаса, оның денсаулығын медициналық толық тексеруден өткізіп, табиғи тұрғыда қолдан ұрықтандырады.
Ерінің ұрығын арнайы тексеруден өткізеді де, әйеліне орналастырып береді. Керісінше ер адам белсіз болған жағдайда, онда орталықтың таза ұрық сақтайтын банк орталығынан табиғи таза ұрықты алып, көтере алса өз әйеліне болмаса, сурагаттық қызмет ететін заңды тұлғаға ұрықты орналастырады. Әйелі табиғи жолмен ұрықтандыруға жарамсыз болса, орталықта арнайы тіркелген сурагат аналарға салып береді. Ол міндетті түрде заңдастырылады.
Ерлі-зайыптылардың келісімімен міндетті түрде екі тарап арасында келісімшарт жасалынады.
Сурагат аналар біреудің баласын көтеру кезеңінде, тікелей дәрігердің қадағалауында болады.
Басқа ер адаммен жақындаспайды. 9 айдан өтіп баласын туып бергеннен кейін келісімшарт бойынша баланы иесіне, яғни заңды әке-шешесіне беріп, өзі аналық міндетінен босайды.
Оған ата-ана баласын аман-есен көтеріп, дүниеге әкеліп бергені үшін шартта көрсетілген бағасы бойынша ақшасын төлейді.
Азаматтық хал актілерін тіркеудің жеті түрі ерекше бөлім ретінде толықтырылып, ірі тарау болды.
Отбасы және неке туралы заң осылайша түбегейлі өзгереді. Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі деп аталынатын болады.
– Әңгімеңізге үлкен рақмет!
Тыныс Балтабекқызы

Заң саласында көптен бері ерен еңбек етіп келе жатқан мейрімді ана, асыл әже Нурабаева Зайда Тоқашқызы 60 жасқа толғалы отыр.
Мерейлі жасқа толып отырған Зайда Тоқашқызы көптеген жылдар бойы оқытушы болып Қарагандының Букетов атындағы жоғарғы оқу орнында дәріс берген.